Инновация
Тағайындау • 20 Шілде, 2020
Бағдат Мусин Цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Премьер-Министр Асқар Мамин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына Үкіметтің Қаулысымен тағайындалған бірінші вице-министр Бағдат Мусинді таныстырды, ол уақытша министр қызметін атқаратын болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.