Ғылым • 30 Қыркүйек, 2021

Жоғары технологиялық инновациялар орталығы ашылады

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты, деп жазады Egemen.kz.

 

Жоғары технологиялық инновациялар орталығы ашылады

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің «жасыл» экономика саласы бойынша ынтымақтастығы белсенді түрде артып жатқанын атап өтті. 

«Қазақстан жел энергиясы бойынша бір жылда сағатына үш триллион киловатқа жуық қуат өндіруге қауқарлы. Еліміз – «жасыл» сутегін экспорттау әлеуеті жоғары әлемдегі сегіз мемлекеттің бірі. Баламалы энергетика саласындағы жобаларды іске асыру үшін өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды қалыптастыру керек, сондай-ақ жоғары білікті мамандар қажет. Осыған орай біз энергетика саласында Жоғары технологиялық инновациялар жөніндегі құзыреттер орталығын ашамыз. Ресейдің мықты ғылыми базасы мен тиісті кадрлық әлеуеті бар. Сондықтан Ресей мамандарын өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға шақырамыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.