Халықаралық ынтымақтастық
Үкімет • 19 Тамыз, 2023
Серік Жұманғарин Jingdong Group корпорациясының вице-президентімен кездесті
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин E-commerce, құрылыс, азық-түлік, медициналық нысандар және фармацевтика бойынша бизнес алыптарымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Тамыз, 2023
Қазақстан өнеркәсібіне инвестиция тарту мәселесі талқыланды
Шэньчжэнь қаласында Қазақстан делегациясы және Қытайдың ірі кәсіпкерлері, қызметтер, технологиялар мен тауарлар жеткізушілердің жоғары рейтингіне енген компаниялар өкілдері, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика саласындағы жаһандық ірі экспорттаушылардың қатысуымен өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Тамыз, 2023
Қазақстан-Қытай алғашқы ірі бизнес-форумы өтті
Қытайдың ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласының 200-ден астам кәсіпкері 2023 жылғы 14 тамызда қазақ-қытай бірінші бизнес-форумына қатысты. Қазақстан-Қытай саудасына жәрдемдесу қауымдастығы мен Shenzhen Cross Supply Service Association бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру үшін болашақ қытайлық инвесторларды жинады. Форумның ашылуында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин екі ел халықтары арасында қалыптасқан тығыз байланыстарын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Тамыз, 2023
Әлихан Смайылов Башқұртстанның үкіметтік делегациясымен кездесті
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанада Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының Премьер-министрі Андрей Назаров бастаған үкіметтік делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 03 Тамыз, 2023
Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Іскерлік форумды өткізуге екі тарап та мүдделі. Астанадағы қазақ-ауған бизнес-форумына бизнес пен үкіметтік топтардан 300-ден астам өкіл жиналды. Қазақстан – Ауғанстан нарығына ірі азық-түлік жеткізушісі. Қазақстандық экспорттың ең үлкен үлесі ұн мен бидайға тиесілі. Өткен жылы Ауғанстан 1,28 млн тонна қазақстандық ұнды импорттап, Өзбекстан және Тәжікстанмен қатар осы өнімді тұтынушы негізгі үш ел арасында көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауда • 03 Тамыз, 2023
Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлері бірқатар келісімге қол жеткізді
Астанадағы Қазақстан-Ауған іскерлік форумы аясында жалпы сомасы 190,8 млн долларға жуық экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Тамыз, 2023
Роман Скляр қытайлық компанияның төрағасы Ван Зичаомен онлаин кездесу өткізді
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Power International Holding Limited компаниясының төрағасы Ван Зичаомен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 03 Тамыз, 2023
Ауғанстан тарапымен сауда жолдарын дамыту перспективалары талқыланды
2 тамызда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Алхадж Нұриддин Азизи ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.