бас
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
Айдарбек Қожаназаров: Жаңа Конституция мемлекеттің дербес таңдауын және кемелдігін айғақтайды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсынылып отырған құжат елдің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық маңызы бар бастама, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 11 Ақпан, 2026
Президент тапсырмасы: Министрліктердің алдағы міндеттері нақтыланды
Үкімет отырысында өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және көлік инфрақұрылымы бойынша алдағы кезеңнің басым міндеттері нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
Биыл Ораза 19 ақпанда басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Төралқа мәжілісінде Рамазан айы 19 ақпанда басталатынын ресми растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 09 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 10-шы отырысында жеке тұлғаның құқықтық мәртебесіне арналған жаңа Конституция жобасындағы 14-бап кеңінен талқыланды. «Нархоз университеті» КеАҚ профессоры Виктор Малиновский бұл бапқа қатысты бірқатар маңызды түзетулерге назар аударып, адам құқықтары мен азаматтық құқықтың ара-жігін айқындау қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Марат Шибұтов: Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын
Саясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 06 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады
Астана қаласында «SARAP» эксперттік клубының «Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап» атты отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді
Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл шешім Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін құқық қорғау органдарының әрекеттерін тексеру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасынан соң қабылданды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ипотека • 05 Ақпан, 2026
Жеңілдетілген ипотекаларға өтінім қабылдау қашан басталады?
Алматыдағы «Отбасы банк» Алматы филиалының бизнесті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Шах-Мұхамед Жақан 2026 жылы іске асатын негізгі ипотекалық бағдарламалар мен өтінім қабылдау мерзімдерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Ақпан, 2026
Бас Прокурордың орынбасары тағайындалды
Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Ерболат Саурықов: Ата Заң зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтеді
Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов «Ауыл» партиясы атынан жаңа Конституция жобасына қатысты баяндама жасады. Депутаттың айтуынша, партия өкілдері БАҚ пен қоғамдық алаңдарда түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатқанына қарамастан, партия ішінде жаңа Конституция жобасын қосымша талқылауды қажет деп санаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Бала күтімімен отырған әкелердің декрет уақыты еңбек өтіліне қосылады
Енді жұмыс істемейтін әкелердің кәмелетке толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыты зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есептеледі. Бұл нақтылаулар Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында болған оқиға қоғам назарын ерекше аудартты. 21 қаңтар күні басқарма басшысы, бокс бойынша Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, самбо және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімханов арасында болған кикілжің болған. Бүгін екі қызметкердің де жұмыстан шыққанды мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 03 Ақпан, 2026
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Қорғаныс министрлігінің делегациясы инспекциялық сапармен Голан жоталарындағы БҰҰ Күштерінің бөлінген аймақты бақылау жөніндегі миссия орындалатын өңірге барды. Сапарды Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңның жаңа жобасын талқылады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық аппаратында Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған ЖСДП Саяси кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында қатысушылар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен ондағы ұсынылған түрлі жобалардың елді дамытуға деген мүмкіндігі барысын саралады. Сондай-ақ, саяси жүйенің қоғам мен мемлекет арасындағы ынтымағы мен жаңартудағы маңызды кезеңдерді қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Ақпан, 2026
Олжас Бектенов: Конституция жобасы – Әділетті Қазақстан мен технологиялық серпілістің берік негізі
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылым академиясы мүшелері, мемлекеттік органдар басшылығы, бірқатар облыс әкімдері және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ғылым мәселелері, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Ақпан, 2026
Балбал тастан баспасөзге дейін: Әлем неге газет оқи бастады?
2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні. Адамзат тарихының соңғы екі ғасырлық мұғдарында жаңбыр жаумай, егін шықпай қалған күндер болғанымен, жаңалықтың жаршысы – газеттің шықпай қалған күні жоқ. Қазір ол ел өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды.
Президент • 02 Ақпан, 2026
Президент журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 30 Қаңтар, 2026
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Тұрғын үй кезегі: 55 мыңнан астам азаматтың есебі неге тоқтатылды?
Мемлекеттік қолдаумен баспана алуға үміткер ел тұрғындары үшін баспана кезегін түгендеу науқаны аяқталуға жақын. «Отбасы банк» жүргізген инвентаризация нәтижесінде деректер нақтыланып, қателер мен қайталанатын жазбалар түзетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Қаңтар, 2026
Зейнетақы жинағымен ипотека төлеу ережесі өзгерді
«Отбасы банк» ипотеканы зейнетақы жинағындағы артық сома есебінен өтеу тәртібіне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Бұған дейін жинақ иесі артық соманы тұрғын үй қарызының ай сайынғы төлемін өтеуге қолданып келген болса, өзгеріске сай енді жинақ қаржысын тек негізгі қарызды төлеу кезінде қолдануға болады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Қаңтар, 2026
Президент: Деструктивті ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тарту қажет
Президент Бас прокуратурада өткен жиында азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Қаңтар, 2026
Президент: Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына селқос қарауға құқығы жоқ
Президент Бас прокуратурада жиын өткізіп, елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам басшысына құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды
Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Комиссия төрағасының орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 24 Қаңтар, 2026
МӘМС жүйесіндегі олқылықтардан кейін қорға жаңа басшы тағайындалды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Үйірмеде жасөспірімдерге пойыз басқару үйретіледі
Қарағандыда «Жас теміржолшы» үйірмесіне жыл сайынғы қабылдау басталды. Сабақтарға 12-16 жас аралығындағылар тегін қатыса алады. Сабақтар аптасына 2-3 рет өтеді, бұл сыныптардың толымдылығы мен оқушылардың жасына байланысты анықталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қаңтар, 2026
Әкесін аяусыз ұрған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Түркістан облысындағы Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қаңтар, 2026
Серік Сәпиевке орынбасары қол көтерді
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалдасып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 22 Қаңтар, 2026
«Каспий» командасының бас бапкері ауысты
Ақтау қаласының «Каспий» футбол клубы жаңа бас бапкердің тағайындалғанын ресми түрде хабарлады. Команданы 42 жастағы маман Пиралы Әлиев тізгіндеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Баспа саласы білім мен мәдениеттің сенімді тірегіне айналуы тиіс
Ұлттық құрылтайда айтылған ойлар кітапхана, цифрлық мұра және білім мазмұнына қатысты елдің рухани даму бағытын айқындады. Бұл бастамалар баспа саласына да жаңа жауапкершілік жүктейді.