Референдум • Бүгін, 16:58

Дидара Алина: Қуатты мемлекет білімді, саналы әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ арқылы нығаяды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

15 наурызда Қазақстан азаматтары елдің алдағы даму бағытына қатысты маңызды шешім қабылдамақ. Референдум қоғамның мемлекет тағдырына тікелей қатысатын жауапты кезең. Мұндай тарихи сәттерде қоғам болашаққа деген көзқарасын айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дидара Алина: Қуатты мемлекет білімді, саналы әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ арқылы нығаяды

Өйткені мемлекеттің болашағы тек саяси институттар арқылы қалыптаспайды. Ол ең алдымен қоғамның санасында, білім жүйесінде, ұрпақ тәрбиесінде орнығады. Осы тұрғыдан алғанда, кез келген қоғамдық өзгеріс білім беру саласымен де сабақтас.

Азаматтық жауапкершілік, мемлекет туралы, қоғамдық құндылықтарды қабылдау сияқты түсініктер мектеп қабырғасынан бастау алады. Сондықтан білім беру жүйесі мен оқу әдебиеттерінің сапасы ұлттың интеллектуалдық дамуы үшін айрықша маңызға ие.

Arman-PV баспасының бас директоры Дидара Алина бұл салада жиырма бес жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, қоғам дамуы білім беру жүйесінің сапасымен және оқу әдебиеттерінің мазмұнымен тығыз байланысты.

Соңғы жылдары Қазақстанда оқулықтардың сапасына, сараптама рәсімдеріне және білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар айтарлықтай күшейді. Бұл өз кезегінде оқу әдебиеттерін әзірлеу мәдениетінің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын аңғартады.

Жалған ақпараттар тарауы мүмкін: Министрлік референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады

Дидара Алинаның пікірінше, референдум қоғамның азаматтық жауапкершілігін айқындайтын маңызды институттардың бірі.

«Азаматтар ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге қатысқанда, қоғамда жауапкершілік мәдениеті қалыптасады. Мұндай мәдениет ең алдымен білім арқылы орнығады. Балалар мектепте қандай білім алып, қандай құндылықтарды бойына сіңірсе, ертең қоғам да сондай бағытта дамиды», дейді ол.

Бүгінде Қазақстанда оқу әдебиеті саласы жаңа кезеңге қадам басып отыр. Оқулықтардың мазмұны жаңарып, сараптама талаптары күшейіп, цифрлық білім беру платформалары дамып жатыр. Бұл білім беру жүйесін заман талабына бейімдеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Шын мәнінде, қуатты мемлекет білімді, саналы әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ арқылы нығаяды. Ал мұндай ұрпақтың қалыптасуы мектептен басталады. Сондықтан қоғамдағы маңызды шешімдер мен білім беру жүйесінің дамуы өзара тығыз байланысты. Бірі мемлекеттің стратегиялық бағытын айқындаса, екіншісі сол бағытты жалғастыратын жаңа буынды тәрбиелейді.

Орталық референдум комиссиясы үгіт жұмыстарының қашан аяқталатынын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар