Үкімет • Бүгін, 12:52

Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған 2 қала бойынша 32 егжей-тегжейлі 32 жоспарлау жобасы әзірленіп отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Үкімет отырысында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі

Фото: Үкімет, телеграм

Облыс басшысы Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына түзетулер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Астанада құрылыс барысын жасанды интеллект бақылайды

Оның айтуынша, 2024 жылы су басқан жаңа учаскелердің анықталуына байланысты аталған жұмыстардың орындалу мерзімдері созылып кеткен. Сол орайда осы учаскелер бойынша қосымша гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ су басуға бейім аумақтардың функционалдық аймақтандырылуын қайта қарау қажеттілігі туындаған.

«Орал қаласы бойынша қоғамдық тыңдау өткізіліп, жоба мақұлданды. Енді құжаттар мемлекеттік сараптамаға жіберіледі», деді Нариман Төреғалиев.

Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?

 

 

Соңғы жаңалықтар