оқ
Президент • 10 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде медицина саласындағы бюджет қаржысын жымқыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Ақпан, 2026
Тоқаев: Дүние жүзіндегі экономикалық ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қорытынды сөз сөйлеп, қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және халықаралық әлеуетін арттыруды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Ақпан, 2026
Олжас Бектенов: Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек» қағидатын қатаң ұстанады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек пен өзге де әлеуметтік төлемдерді тағайындаудағы жүйесіздік пен бақылаудың әлсіздігі бюджет шығындарының негізсіз өсуіне әсер еткені айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 10 Ақпан, 2026
Кұлсарыдағы оқиға: Үйқамақтағы оқушыға сабаққа қатысуға рұқсат берілді
Құлсарыда мектеп ішінде балта ұстап жүгірген 10-сынып оқушысына қатысты сот шешімі шықты. Бұған дейін үйқамақта отырған балаға сабаққа қатысуға рұқсат берілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 06 Ақпан, 2026
Оқушылар қаңтар айында тағы да каникулға шығады
Мектептерде 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап үшінші оқу тоқсаны басталды. Оқу үдерісі 10 оқу аптасына жоспарланған. Осы кезеңде бірінші сыныпта оқитын балалар үшін қосымша қысқы демалыс қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Ақпан, 2026
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқыс оқиға Атырау облысындағы Құлсары қаласында 5 ақпанда болған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқушының мектепке балтамен келгенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысының Пәкістандық The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне сұхбат берді. Мемлекет басшысы Трамп саясатына жоғары баға берді, халықаралық қатынастарда реалистік тәсілге жүгінуге шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Ақпан, 2026
Оқушыларға мамандық таңдасатын ЖИ-агент іске қосылды
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде (ҚӨУ) «AI-кәсіптік бағдарлаушы» жасанды интеллект (ЖИ) агенті таныстырылды. Аталған инновациялық цифрлық шешім мектеп оқушыларына болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесуге бағытталған. Әзірлеме ЖИ негізінде құрылған заманауи кәсіптік бағдар беру құралдарының бірі және бірнеше дәлелденген әдістемені біртұтас жүйеге біріктіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Ақпан, 2026
Пәкістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды
Петропавл қаласында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы Ролан Зуевтің мәйіті қала шетіндегі орман алқабынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус апатқа ұшырады
Абай облысындағы Семей – Қайнар тасжолында тағы бір ірі жол апаты тіркелді. Знаменка ауылының маңында 50 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетіп, аударылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Тараздағы фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды
Тараз қаласындағы фосфор зауытында технологиялық жұмыс кезінде пештен ыстық шоқ атқылап 3 жұмысшыны күйік шалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Ақпан, 2026
Қарағандыда хоккейші матч кезінде көз жұмды
Қарағандыда «СКА-Приозерск» әуесқой командасының хоккейшісі ойын үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Ақпан, 2026
Енді курсанттарды әскери оқу орындарына қабылдау eGov арқылы жүргізіледі
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап еліміздегі 18-24 жас аралығындағы ер азаматтар әскери оқу орындарына өтініштерін eGov.kz порталында онлайн режимде қалдыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 02 Ақпан, 2026
Қоқысқа толған ғарышты кім тазартпақ?
Экологтер, табиғат жанашырлары жердегі, ауадағы, әуедегі, өзен мен көл, мұхиттағы тазалықты көп айтады. Бірақ ғарыштағы тазалықты ойлап жатқан кім бар? Ғалымдар бар. Ғаламдық мәселенің шешімін табуды басқа емес, дәл еліміздің беделді оқу орнында жұмыс істейтін зерттеушілер қолға алыпты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Ақпан, 2026
Қоянды ауылында екі оқушыны көлік қағып кетті
Ақмола облысы Қоянды ауылында «Газель» автокөлігінің жүргізушісі байқаусызда екі оқушыны қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады
Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 31 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қаңтар, 2026
Қосшыда 10 жасар оқушы сабақ кезінде көз жұмды
Ақмола облысы Қосшы қаласында 10 жастағы қыз бала қайтыс болды. Оқиға 29 қаңтарда сағат 16:18-де қоғамдық мәдени-спорт кешенінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерін волонтерлік қызметке қолдау көрсетуге шақырды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде корпоративтік еріктілер қозғалысын дамыту маңызды міндет екенін атап өтіп, бизнес өкілдерін осы бағыттағы жобаларға барынша қолдау көрсетуге шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қаңтар, 2026
Президент волонтердің цифрлы паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйлеп, волонтердің цифрлы паспортын жасау туралы бастамаға қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Алматыдағы жекеменшік мектепте оқушы өзіне қол жұмсамақ болды
Алматыдағы беделді QSI жекеменшік мектебінде болған жағдайға байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тексеріс бастады. Өзіне қол жұмсауға әрекеттенген оқушы ауруханаға жеткізілді, ал полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Қаңтар, 2026
1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдары елімізде шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде орналасқан 3 008 мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Шымкенттегі жас қыздың өлімі: Күдіктінің үстінен тағы бір іс қозғалды
Полиция 21 жастағы Нурай Серікбайдың өліміне тікелей қатысы бар күдіктінің үстінен сталкинг фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Атырауда жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі Жайықтан табылды
Атырауда 9 қаңтар күні эпилепсиямен ауыратын ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүгін жергілікті төтеншеліктер оның мүрдесін Жайық өзенінен тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қаңтар, 2026
Президент: Жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайды
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізіп, қаржылық барлау қызметкерлерінен нағыз жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарайтын отаншылдықты талап ететінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында әскери қызметші көз жұмды
Жамбыл облысында қарумен жұмыс істеу барысында мерзімді әскери қызметші оқ жарақатын алды. Ол алған жарақаттан көз жұмды. Аталған факті бойынша Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Ертең бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Астана қаласында бірінші ауысымда оқитын 0-6-сынып оқушылары аязға байланысты қашықтан оқытуға көшірілді. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.