рт
Спорт • 23 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: Хоккейшілеріміз жартылай финалға шықты
Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында 3х3 хоккейден Қазақстан командасы іріктеу кезеңінен мүдірмей өтті. Жігіттер жеті ойын бойынша 12 ұпай жинап, жарыстың жартылай финалына шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотропты заттардың масштабты өндірісін жойды. Синтетикалық есірткінің рекордты партиясы заңсыз айналымнан алынды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2024
Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш орнатылды
Қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне тағы бір ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері күш біріктірмек
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс кездесуін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
29 ақпанда тәулікте 25 сағат болады. 1 наурыз күні уақытты қалай өзгерту керек?
Сауда және интеграция министрлігі ел азаматтарына 29 ақпан күні ұялы телефондағы уақыт автоматты түрде өзгеретінін мәлімдеді. Тұрғындарға уақытты бір сағат артқа шегерудің қажеті жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
«Дүйсенбіден бастаймын» синдромы. Жаңа іс бастағысы келген адам неліктен дүйсенбіні таңдайды?
Мойындаңызшы... Өміріңізде бір рет болсын жаңа іс бастауды дүйсенбіге қалдырдыңыз ғой, иә? Апта басы символикалық тұрғыда жаңа істі қолға алуға сұранып тұрғанмен, бұл сөзді жиі жалаулатудың психологиялық-менталдық астары барын да ұмытпаңыз. Заманауи психология ғылымы мұндай әрекеттерді «өмірді кейінге шегеру» синдромына телиді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2024
Ертіс өзенінде су деңгейі көтеріліп, 11 адам эвакуацияланды
Ертіс өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 21 Қаңтар, 2024
«Ұшақпен саяхаттаудан өзгеше». Түріктің тұңғыш ғарышкері әсерін бөлісті
Түркия мемлекетінің тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы Халықаралық ғарыш станциясынан бейнежазба жолдап, әсерін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қаңтар, 2024
Полина Омельчук – жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің IV қысқы Олимпиада ойындарында Полина Омельчук қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 20 Қаңтар, 2024
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті басшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының бұйрығымен Болат Серікпайұлы Жармақов Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы болып тағайындалды. Жаңадан тағайындалған басшыны Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев облыс активі жиналысында таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасымен кездеседі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 19 Қаңтар, 2024
Мектептегі қауіпсіздік қызметін түбегейлі қайта қарау керек - сенатор
Сенатор Нұртөре Жүсіп пен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қаңтар, 2024
Қалың ел үміт артып отыр – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы Канвон провинциясының Каннын қаласындағы Олимпиада қалашығына барып, спортшылар және бапкерлермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 17 Қаңтар, 2024
Жеті өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады - синоптиктер
18 қаңтарда Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 17 Қаңтар, 2024
Әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздары елорда төрінде сынға түседі
Астанада World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында жеңіл атлетикадан Алтын деңгейдегі Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes бірінші халықаралық турнирі өтеді, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Қаңтар, 2024
«Алапат өрт»: Шымкентте құрылыс дүкендері мен қоймалар отқа оранды
Шымкент қаласында құрылыс дүкендері мен қоймалар өртеніп жатқаны туралы хабар ТЖД-ға 17 қаңтарға қараған түні сағат 01:15-те түскен. Өрт Ескі қала ауданында Әйтеке би көшесі бойында құрылыс материалдарын сататын «Евролюкс» дүкенінің қоймасынан шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 17 Қаңтар, 2024
Баскетбол спорты кенжелеп тұр – Ермек Маржықпаев
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев баскетбол федерациясының басшылары және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында федерация өкілдері баскетболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 16 Қаңтар, 2024
Шымбұлақ әлемдегі ең үздік шаңғы курорттарының қатарына кірді
Әлемге әйгілі «Conde Nast Italia» журналы Қазақстандағы «Шымбұлақты» тау курортын әлемдегі ең үздік 5 шаңғы трассаларының қатарына қосты. Редакцияның жазуынша, қысқы спорт әуесқойлары міндетті түрде Шымбұлаққа баруы керек, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 16 Қаңтар, 2024
Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирін жеңіспен бастады
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2024
«Денесінің 81%-ын күйік шалды»: Атырауда ер адам өзін өртеп жіберген
Атырау облысында 63 жастағы ер адам өзін-өзі өртеп жіберді. Соның салдарынан денесінің 81 пайызын күйік шалды, деп хабарлайды Egemen.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2024
Мас жүрген 300 жолаушы анықталды – полиция
Елімізде республикалық «Тасымалдаушы» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Энергетика • 16 Қаңтар, 2024
Елдің үш қаласында жаңа ЖЭО салынады
Бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Қазақстанда үш жаңа ЖЭО салынатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қаңтар, 2024
Президент Шымкент қаласының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысына Шымкент қаласының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2024
Ыстанбұлда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бойынша кездесу өтті
Түркияның Ыстанбұл қаласындағы дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының кеңсесінде еліміздің туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі Дирекция жетекшісі Наиль Нұров Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесіп, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2024
Балконнан лақтырып жіберген. Полицейлер есірткі сатушыны ұстады
Полицейлер Қосшы қаласында есірткіге қарсы операция өткізді. Жедел тексеру кезінде полицейлер 40 жастағы тұрғынды ұстады, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 15 Қаңтар, 2024
Президент Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады
Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 15 Қаңтар, 2024
Қолма-қол ақша, QR. Бір тауарға екі түрлі баға қою заңсыздық - министр
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржы секторындағы соңғы өзгерістерді түсіндіріп, қоғамда ең көп талқыланып жатқан сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2024
Индонезияда жанартау атқылап, мыңдаған адам эвакуацияланды
Индонезияның Флорес аралындағы Левотоби Лаки-лаки жанартауының атқылауына байланысты 6 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті билік жоғарғы деңгейдегі төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 15 Қаңтар, 2024
Ақын-жазушылар балалар әдебиетін дамыту тетіктерін талқылады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева балалар тақырыбында қалам тербейтін ақын-жазушылар, балалар баспасы басылымдарының бас редакторлары, Журналистер және Жазушылар одағы өкілдерінің, сондай-ақ республикалық кітапхана директорларының басын қосып, «Шығармашылық зиялы қауым - Қазақстан балаларына» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын Алматы қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды
Үкімет қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов басқа жұмысқа ауысуына байланысты оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.