Фото:
Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне ірі қара мал етін әкетуге алты ай мерзімге сандық шектеулер (квоталар) енгізу қарастырылған.
Бұл шаралар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, сондай-ақ сиыр еті бағасын тұрақтандыру мақсатында қабылданып отыр.
Аталған бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған және 2025 жылдың 24 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауға ашық болады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 13 мың тонна көлемінде сиыр етін (жаңа, тоңазытылған немесе мұздатылған) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілген болатын.