Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Қазақстанның Деректер орталығының жедел мәліметтеріне сүйенсек, 2026 жылғы 31 наурызда Астана уақытымен сағат 00:42-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Наурыз, 2026
Пәкістандағы су тасқынынан 17 адам қаза тапты
Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тапты. Олардың басым бөлігі – балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Наурыз, 2026
Шаңды дауыл, найзағай және өрт қаупі: 31 наурызға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» 31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 31 Наурыз, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
31 наурызда еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Жоба • 31 Наурыз, 2026
Сыр бойындағы серпінді жобалар
Сыр бойында өңір экономикасын әртараптандырып, шикізатқа тәуелділікті азайту, өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында жақсы бастамалар бар. Бұл шағын және орта бизнесті қолдауға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Жемқорлық • 31 Наурыз, 2026
Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажет
Transparency International жемқорлыққа қарсы күрес және дүниежүзіндегі жемқорлық деңгейін зерттеу жөніндегі үкіметтік емес халықаралық ұйым 2025 жылғы Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (СЖҚИ) жариялады.
Мәселе • 31 Наурыз, 2026
Үкімет былтыр 16 қазаннан бастап барлық тұтынушыларға коммуналдық қызметтердің тарифін көтеру 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін тоқтатылатыны туралы шешім қабылдаған еді. Тарифтердің өсуін тежеу табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық шығысын оңтайландыру есебінен қамтамасыз етілетіні де кеңес отырысында белгілі болды. Белгіленген мерзім таяған соң коммуналдық қызметке жауапты мекемелер тарифті өсіруге қамдана бастаған сыңайлы. Қазір көпшілікті су, жылу, жарық бағасы халықтың қалтасына салмақ салмай ма деген бір ғана сауал алаңдатып отыр.
Құрылыс • 31 Наурыз, 2026
Елде тұрғын үй құрылысы қарқынын жоғалтқан жоқ. Былтыр пайдалануға берілген баспана көлемі 20,1 млн шаршы метрге жетті. Бұл көрсеткіш құрылыс нарығының тұрақты дамып келе жатқанын аңғартады. Сарапшылардың пікірінше, жеке құрылыс компанияларының белсенділігі мен ірі қалалардағы жоғары сұраныс саланың негізгі тірегіне айналып отыр.
Университет • 31 Наурыз, 2026
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Астана болашақ құқығын зерттеу орталығына айналады
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған орай елордада алдағы 3–4 сәуір күндері екінші «International Legathon MaxUP» заң саласындағы кейс-чемпионаты өтеді. Мазмұнды іс-шараны Maqsut Narikbayev University (MNU) АХҚО Соты, Baker McKenzie және «Kazakhstan Bar Association» қолдауымен ұйымдастырады. Сайыстың тақырыбы «Болашақ құқығы» деп аталады. Байқауға 13 елден 90-нан астам студент қатысады.
Банк • 31 Наурыз, 2026
Банк табысы азайса, несие пайызы өсе ме?
Еліміздің банк секторында кейінгі жылдары алғаш рет табыс төмендеу үрдісі байқалды. Ұлттық банк жариялаған деректерге сәйкес, биыл қаңтарда банк жүйесінің жиынтық таза пайдасы 13%-ға азайып, 198,5 млрд теңгені құрады. Мұндай жағдай кейінгі 6 жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Осыдан кейін халық «Банктердің табысы азайса, несие пайызы өсе ме?» деп алаңдай бастады.
Тұлға • 31 Наурыз, 2026
Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі 1983 жылы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы орта кәсіптік-техникалық училище жатақханасының үш бөлмесінен ашылды. Сол жылы Алматыдан композитордың қызы Ғазиза Жұбанова арнайы келіп, әкесінің біраз дүниесін сыйға тартты. Олардың арасында Ахмет Қуанұлының домбырасы мен дирижерлік фрагі, өз қолымен жазылған нота дәптерлері бар еді.
Құқық • 31 Наурыз, 2026
Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасы Игорь Рогов, мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, омбудсмендер, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, адвокатура, білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Руханият • 31 Наурыз, 2026
Жаһанға, жат елдерге ұлтты танытатын да, мойындататын да оның ұландары – ұл-қыздары, азаматтары екені бүкіл әлемде, адамзат, қоғам тарихында ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан, қалыптасқан дүниетаным, дәстүр, қоғамдық пікір. Қандай да мемлекеттің басқа мемлекеттермен әріптестік, достық, бейбіт қатынастарының нәтижелі немесе нәтижесіз болуы да ресми дипломатиялық жолдармен қатар жеке тұлғалардың еңбектері мен жетістіктеріне байланысты.
Заң мен Тәртіп • 31 Наурыз, 2026
Активтерді қайтару мен оларды басқарудың тәжірибелік ара-жігі қалай ажыратылады? Электрондық аукциондардың ашықтығын кім бақылайды? Қай мүлік түрі ең күрделі шешімді талап етеді? Бұл жұмыстардың нәтижелері жөнінде қоғам қаншалықты хабардар? Осы мәселелерге қатысты сұрақтарды Қайтарылған активтерді басқару компаниясының бас директоры Қуанышбек МҰҚАШҚА қойған едік.
Білім • 31 Наурыз, 2026
Гарвардты бағындырған қаракөз немесе Қазақстан білімінің жаңа кезеңі
Белгілі кәсіпкер Сейітжапар Құралбек Қазақстандағы білім жүйесінің сапасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 31 Наурыз, 2026
97 талапкер тестілеуден шеттетілді
2 наурызда басталған Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) бүгінге дейін 117 мыңнан аса адам өтті. Талапкерлердің 71,6 %-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде, 28,3%-ы орыс тілінде, 111 адам ағылшын тілінде тапсырды.
Ғылым • 31 Наурыз, 2026
Былтыр Бурабай бау-райында өткен IV Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Курчатов қаласының ғылыми әлеуетіне арнайы тоқталып, оны еліміздегі екінші ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселесін көтерген еді.
Білім • 31 Наурыз, 2026
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында мектеп құрылысының қорытындысы жарияланды. Жоба елімізде заманауи әрі қолжетімді білім инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған. Кейінгі үш жылда жүзеге асқан жұмыс білім сапасын арттырумен қатар, өңірлер арасындағы теңсіздікті азайтуға да серпін беріп отыр.
Саясат • 31 Наурыз, 2026
«KUSANONE»: Емханаларға қолдау көрсетті
Жапонияның «KUSANONE» (Шөп тамыры) гранттық бағдарламасы Астана қаласы мен Алматы облысының медициналық мекемелеріне қаржылай қолдау көрсетті. Бұл ақшаға олар медициналық құрал-жабдық алмақ.
Алматы • 31 Наурыз, 2026
Алматыға қолтырауын-кесіртке әкелінді
Алматы хайуанаттар бағы тағы бір сирек кездесетін жануармен толықты. Енді келушілер әлемдегі ең ірі ағашқа өрмелейтін Сальвадор кеcірткелерін тамашалай алады. Бұл бауырымен жорғалаушының табиғи мекені – Жаңа Гвинея аралы. Табиғатта ол осы өңірде ғана кездесетін көрінеді.
Саясат • 31 Наурыз, 2026
Серіктестік мақсат, сенімді байланыс
Астанада Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Аралды құтқару халықаралық қорының (АҚХҚ) басқарма отырысы өтті.
Байқау • 31 Наурыз, 2026
Қостанайда облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті. Астықты өңірдің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған дәстүрлі жыр додасында 19 бала ақын бақ сынасты.
Баға • 31 Наурыз, 2026
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру туралы кезекті кеңесте бірінші тоқсанның алдын ала қорытындысы қаралды.
Спорт • 31 Наурыз, 2026
Астанада семсерлесуден әлем кубогі мәресіне жетті. 46 елден келген 500-ге тарта спортшы елорда төрінде тартысқа түсті. Ерлер мен әйелдер арасындағы дүбірлі дода Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) қолдауымен ұйымдастырылды.
Саясат • 31 Наурыз, 2026
Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының(ХАҚҚ) басқарма мүшелерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ еліміз аталған қорға төрағалық етуін биыл аяқтайды.
Ұлттық спорт • 31 Наурыз, 2026
Өзбекстанның Бұқара қаласында көкпардан халықаралық турнир өтті. Еліміздің құрамасы іріктеу кезеңінде қарсыластарын ірі есеппен еңсерді. Финалдық тартыста қырғыз көкпаршыларын сүріндіріп, дүбірлі додада жеңіске жетті.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2026
Ертіс бойының шебер аналары тіккен алып Қыдыр ата бейнесі Дүниежүзілік рекордтар кітабына енді. Инсталляцияның биіктігі – 5 метр 58,5 сантиметр.
Саясат • 31 Наурыз, 2026
Жазғы туристік маусымға дайындық
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өңірлердің жазғы туристік маусым дайындығына арналған кеңес өтті.
Оқиға • 30 Наурыз, 2026
Ақтөбе облысында жоғалған 10 жастағы бала Елек өзенінен іздестіріліп жатыр
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында жоғалып кеткен 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Наурыз, 2026
Алматы облысында пойыз бен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар
Алматы облысында теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.