е
Білім • 14 Қаңтар, 2026
Алматы облысының колледждері Қытай, Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық орнатты
Алматы облысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір колледждері шет мемлекеттердің жетекші білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу мен білікті кадрлар даярлау ісін жаңа деңгейге шығаруда, деп жазады Egemen.kz.
Жұмыс • 14 Қаңтар, 2026
Арқалық әуежайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді
Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. Президент тапсырмасы аясында қолға алынған игі жоба алдағы жазда толық аяқталып, әуежай ел игіліне қызмет ете бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды
Каспий құбыр концорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылы Қазақстанның мұнай экспорты қаншалықты осал екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бір бағытқа тәуелді тасымал жүйесі ел экономикасын миллиардтаған шығынға ұшыратып, энергетикалық қауіпсіздік мәселесін күн тәртібіне шығарды. Energy Analytics директоры Абзал Нарымбетов бұл жағдайды «тарихи қателік» деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 14 Қаңтар, 2026
Теміртаудың жылу құбырында апат болды
Кеше кешкісін Теміртауда 8-ші шағын аудан мен Отрадное көшелерін жылумен қамтамасыз ететін магистральды жылу құбырында болған апат салдарынан 40 көпқабатты үй мен ондаған жеке тұрғын үй жылусыз қалды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2026
Аққулар отбасы: Табиғи паркте сирек құбылыс тіркелді
Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қыс мезгілінде сыбырлақ аққу (Cygnus cygnus) тіркеліп отыр. Аққулар әдетте жылы жаққа қоныс аударатын, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 14 Қаңтар, 2026
Асқар Жұмаділдаев: Суперкомпьютер күрделі есепті үш сағатта шығарып береді
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, белгілі ғалым және қоғам қайраткері, академик Асқар Жұмаділдаев күрделі математикалық есептерді шешуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ суперкомпьютерінің қуатын пайдаланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанда зейнет жасы өзгере ме?
Биыл зейнет жасын қайта қарау туралы ешқандай ресми шешім қабылданған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Депутат алкогольдік ішімдіктерді кешкі сағат сегізден кейін сатуға тыйым салуды ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов елімізде 20:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға тыйым салуды ұсынды. Депутат Ішкі істер министрлігінің деректеріне сүйеніп, елде жасалатын әрбір екінші кісі өлтіру, әрбір үшінші зорлау және бұзақылық қылмысы алкогольдік мас күйде жасалатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Павлодарда нейрожелі баланы ұру дерегін анықтаған
Оқиға Павлодар облысындағы психоневрологиялық арнайы мекемеде болған. Соққыға жығылған – 13 жасар аутизмі бар бала, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 14 Қаңтар, 2026
Отандық тауар өндірушілер сертификат алу кезінде кедергіге тап болып отыр
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұған дейін елдегі өндірушілер 30 қаңтарға дейін Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі керек екенін жариялаған. Десе де отандық тауар өндірушілер сертификат алуы кезінде техникалық кедергілерге тап болып отыр. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында депутат Еділ Жаңбыршин мәселе көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Елімізде мал өсірушілер одағы құрылып, жұмысын бастады
Мал шаруашылығы саласының қатысушыларының мүдделерін үйлестіру және қорғау мақсатында жаңа салалық бірлестік құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Әлем • 14 Қаңтар, 2026
Прокурорлар Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін өлім жазасына кесуді сұрады
Оңтүстік Кореяда арнайы прокурорлар тобы елдің экс-президенті Юн Сок Ёльге өлім жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Білім • 14 Қаңтар, 2026
Енді мектеп директорлары екі оқу жылына тағайындалуы мүмкін
Мектеп директорының қызметі шексіз болмауы тиіс. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру ұйымдарын басқаруда нақты мерзім мен нәтижеге негізделген талап қажет екенін айтып, директорларды 2 оқу жылына тағайындау тетігін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Қаңтар, 2026
Сирия Алеппо провинциясына қосымша әскер кіргізді
Сирия Қорғаныс министрлігі Алеппо провинциясына қосымша әскер кіргізіп, шығыс бөлігін жабық әскери аумақ деп жариялады. Бұл шешім өңірдегі қауіпсіздік ахуалының күрт ушығуына байланысты қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 14 Қаңтар, 2026
Әскерилер майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады
Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Анатолий Поповты ғасырлық мерейтойымен құттықтап, Қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасын 122 елдің оқырмандары пайдаланады
Ұлттық электронды кітапхана – 2007 жылы Ұлттық академиялық кітапхананың негізінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің жобасы ретінде құрылған. Кітапхананың 2025 жылғы көрсеткіштері айтарлықтай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу ақпанда басталады
Елімізде 3-10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуге өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Ақпан айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Ақпан айында мемлекеттік мерекелер жоқ. Осыған байланысты демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді. Қыстың соңғы айы ең қысқа уақыт. Сондықтан ақпанда ел тұрғындарын барлығы 8 демалыс күні ғана күтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Алматы тауларына күніне 30 мың турист тарту жоспарланды
Алматының тау кластерін дамыту аясында таулы аймақтардың адам қабылдау мүмкіндігін 5 есеге арттырып, тәулігіне 30 мың адамға дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы қаланың Туризм басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 14 Қаңтар, 2026
2025 жылы елімізде қанша мектеп салынды
2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мыңға жуық оқушы орнына арналған 162 мектептің құрылысы аяқталды, оның ішінде 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2026
Алматы облысында әскери қызметші атыс кезінде жараланды
Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі оқ жарақатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Зергерлер неге Қырғызстанға көшіп жатыр?
Кейінгі кезде зергерлік бұйымдармен айналысатын кәсіпкерлеріміз Алатау асып, айырқалпақ ағайынға бек жақындап жүр. Бәзбіреулері өндірістерін Бішкекке бір-ақ көшіруді бастап кеткен. Бұған себеп – Қырғызстанда зергерлік бұйымдарды өндіру мен экспорттауды қолдауға бағытталған жаңа заңның қабылдануы. Бұл заң кәсіпкерлерге тиімді болып тұр. Алайда мәселенің мәніне үңілсек, жағдай мүлде басқаша, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2026
Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқиды
Сәрсенбі, 14 қаңтар күні Қостанай облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірқатар мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқу форматына көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Қаңтар, 2026
Үкімет геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын геологиялық зерделеуді қазіргі заманғы геологиялық барлау әдістерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет биыл жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кіріседі, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 13 Қаңтар, 2026
Шекарадан «Маузер» тапаншасын заңсыз алып өтпек болған
Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» бақылау-өткізу бекетінде Ресей Федерациясына қарай мемлекеттік шекарадан ХІХ ғасырда жасалған «Маузер» маркалы тапаншасын заңсыз алып өтпек болған Атырау облысының тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Қарияларға белсенді өмір сыйлаған орталық
Шымкентте «Белсенді ұзақ өмір» орталығы деген мекеме бар. Оның міндеті зейнет жасындағы азаматтарға медициналық, сауықтыру емдік шараларын көрсетеді, көңілдерін көтеруге жағдай жасайды, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 13 Қаңтар, 2026
Полицейлер шетінен парамен ұсталып жатыр
Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бастығы парамен ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Жуырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Қаңтар, 2026
4 жасар сәбиді өлім аузынан алып қалды
Шымкент қаласының дәрігерлері 4 жасар балаға күрделі операция жасап, іш қуысынан үлкен көлемді қатерсіз ісікті алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 13 Қаңтар, 2026
Депутаттар жастармен ашық әңгімелесті
Шымкент қаласында Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Данабек Исабек пен Нұрсұлтан Байтілесов жергілікті жастармен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 13 Қаңтар, 2026
Көлік қозғалысын жеңілдеткен оң жақ өткел
Шымкентте Н.Назарбаев даңғылынан Бәйдібек би даңғылына қарай шығатын оң жақ өткел ашылды. Бұл көлік ағымының бағытын өзгертумен қатар жол қозғалысына түсетін жүктемені азайтуға, жүргізушілердің жолдағы уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.