м
Оқиға • 05 Маусым, 2024
Жамбыл облысында орман өрті бір тәуліктен соң ауыздықталды
Жамбыл облысында орман өртенді. Өртті сөндіру үшін өрт сөндірушілерге бір тәулік уақыт қажет болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Ұландықтар ерлікпен қаза тапқан батырларға тағзым етті
Ерлікпен қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу үшін Ұлттық ұлан жауынгерлері, қонақтар мен әскери қызметшілер бөлім аумағында орнатылған мемориалға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Алматыда «Айбын» X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді
Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған іс-шараның салтанатты ашылуы даңқты майдангер, аса көрнекті әскери қолбасшының есімімен аталатын Құрлық әскерлерінің әскери институтында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Жоғарғы сот талап қоюшының әкімдік келтірген залал үшін құқығын қорғады
Алматы облысының тұрғыны мемлекеттік органдардан сатып алынған жер телімінің және салынған тұрғын үй құрылысының нарықтық құнын жоғалту түріндегі 11 миллион теңге шығынды өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Ақтөбеде бөгеттерді жөндеуге 3 млрд теңге жұмсалады
Тасқын кезінде Ақтөбеде 15 бөгет қираған. 12 бөгетті жөндеу 3 млрд теңгеден астам қаражатты қажет етсе, қалған үшеуінің кепілдік мерзімі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Алматыда заңсыз жұмыс істеген 27 Өзбекстан азаматы ұсталды
Алматы қалалық полициясы заңсыз жұмыс істеген 27 Өзбекстан азаматын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Маусым, 2024
Қызылордада белгісіз біреу 3 оқушыны пышақтап кеткен
Оқиға 5 маусымға қараған түні болған. Қаладағы мектеп маңында белгісіз біреу үш жасөспірімді пышақтап, тайып тұрған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Маусым, 2024
Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды
Мемлекет басшысы медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты. Кешенде 250 орындық стационар бар, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Маусым, 2024
Су тасқыны болған Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсырады
Биыл су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Нариман Қыпшақбаев «Отан» орденімен марапатталды
Су шаруашылығы саласының ардагері Нариман Қыпшақбаев Президент Жарлығымен «Отан» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Су және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 05 Маусым, 2024
Екібастұз ЖЭО-ны жаңғыртуға 3,4 млрд теңге бөлінді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Екібастұз ЖЭО-ны одан әрі жаңғыртуға Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды. Аталған жұмыс Мемлекет басшысының республикадағы ТКШ инфрақұрылымын кешенді қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде атқарылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
«Сыммен тұншықтырған»: Қостанайда әйелін өлтірген полицей 9 жылға сотталды
Қостанай облысында әйелін ұзартқыш сыммен тұншықтырып өлтірген полиция аға лейтенантына қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Маусым, 2024
Президент Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусын аралады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми онкология орталығындағы жаңа корпустың құрылыс барысымен танысты. Нысан биыл тамыз айында пайдалануға беріледі, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 05 Маусым, 2024
Сенат Төрағасы QazaqSham қазақша контент жасаушылар форумына қатысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның бір топ депутатымен бірге QazaqSham форумына қатысып, креативті индустрия саласындағы жаңа жобалармен танысты. Сондай-ақ қатысушылармен Мемлекет басшысы бастамашы болған қазақ тілінде контенттер дайындау барысын және осы бағыттағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараға креативті индустрия және отандық медиа өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Маусым, 2024
Париж-2024: Маусым айында өтетін лицензиялық турнирлер
Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің әлеуметтік желідегі парақшасында Париж Олимпиадасына лизензия берілетін жарыстар кестесі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Маусым, 2024
Маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болады?
«Қазгидромет» РМК мамандары маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 05 Маусым, 2024
2025 жылы аудан, облыс әкімдерін қайта сайлау өтеді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің «Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» атты мақаласында елде жүргізіліп жатқан реформаларға түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 05 Маусым, 2024
Бокс бес құрлықта да дамып жатыр - Мырзағали Айтжанов
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Бангкокта өткен соңғы іріктеу турнирден кейін пікір білдіріп, Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жолдама жолындағы жеңісін атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Ауа райы • 05 Маусым, 2024
43 градус ыстық: Синоптиктер аптап ыстық болатын өңірлерді атады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 6, 7 және 8 маусымға арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 05 Маусым, 2024
Онлайн-казино ұйымдастырушылары 2 жылға бас бостандығынан айырылады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 05 Маусым, 2024
Қазақстан халықаралық дипломатияны қолдайды - СІМ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық күш-жігерді толық қолдайтынын білдіретін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Жаңа идеологиялық тұғырнама басты бес тұжырымға негізделген
Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің «Egemen Qazaqstan» газетінде «Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» мақаласы жарияланды. Аталған мақаланың «Жаңа идеологиялық тұғырнама» тақырыпшасында Президенттің 2019 жылдан бері дәйекті түрде жүргізіп келе жатқан, идеологиялық сипаты «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында көрініс тапқан саясаты басты бес тұжырымға негізделгенін, Президент оның әрқайсысын әртүрлі кезеңде ұсынып, саяси өмірге біртіндеп енгізіп келе жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 05 Маусым, 2024
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді
Биылғы 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Маусым, 2024
Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылады
Парламент Мәжілісі «Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел алаяқ болып шықты
Жетісу облысының полицейлері бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады. Ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырып азаматтарды қайтарымсыз кредит, субсидия алып беремін деген желеумен алдап келген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Энергетикалық сусындарды 21-ге толмағандар сатып ала алмайды
Енді энергетикалық сусындарды 21-ден асқандар ғана сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 05 Маусым, 2024
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилерге құмар ойнауға тыйым салынады
Мәжіліс ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Маусым, 2024
Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Ермек Кенжеханұлы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Маусым, 2024
Жамбыл облысында 1750 гектар аумақта орман өртеніп жатыр
Бүгін сағат 02.00-дегі жағдай бойынша «Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» Сарықоба орманшылығының аумағындағы өрт көлемі 1750 гектарға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 05 Маусым, 2024
Қоғамдық этиканы жаңартпай, әділетті қоғам құру мүмкін емес - Ерлан Қарин
«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің «Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» атты көлемді мақаласы жарық көрді, деп жазады Egemen.kz.