ас
Үкімет • 06 Қараша, 2025
Тасқыннан зардап шеккен БҚО тұрғындарына қанша үй салынды?
Орал қаласында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру, сондай-ақ су тасқынының алдын алу шаралары жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Атап айтқанда, 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін салынған үйлерді және Жайық өзені бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарының нәтижесін көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 06 Қараша, 2025
Қазақстан – АҚШ-тың Орталық Азиядағы ең сенімді сауда серіктесі
Былтыр Орталық Азия елдерінен АҚШ-қа жөнелтілген тауарлар мен қызметтердің 96,7%-ы Қазақстанның үлесіне тиді. Ақшалай түрде бұл 2,4 млрд АҚШ долларын құрады, ал жалпы көлем – 2,5 млрд доллар. Екінші орында – Өзбекстан (44,4 млн доллар). Бұл деректер БҰҰ-ның Comtrade есебіне негізделген Trading Economics халықаралық порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Қараша, 2025
30 жылда тұңғыш рет: Қазақстан Арменияға астық жөнелтті
Ұлттық астық операторы 30 жыл ішінде алғаш рет Армения Республикасына бидай жеткізді. Бұл Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің келісімдерінің арқасында, Әзербайжан аумағы арқылы транзитті қайта жандандырудың нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қараша, 2025
Құлсарыда балалы әйелді көлік қағып кеткен
Оқиға 5 қарашада кешкі уақытта Атырау облысына қарасты Құлсары қаласындағы Махамбет даңғылы мен Сырым Датов көшесі қиылысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Қараша, 2025
Астанада LRT жүйесіне қызметкерлер қабылдау басталды
Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеуге жаңа қызметкерлер қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz CTS компаниясына сілтеме жасап.
Баға • 06 Қараша, 2025
Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында бүгінгі 6 қарашадағы шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қараша, 2025
Астананың Сарыарқа ауданындағы көтерме-бөлшек сауда базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отбасы • 05 Қараша, 2025
Күніне 76 ата-ана жауапқа тартылады
Елімізде күн сайын 76 ата-ана өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалар арасындағы құқықбұзушылықтарға қатысты көшпелі өңірлік кеңес отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 05 Қараша, 2025
Әбілқасымова: Бейтаныс адамға аударылған ақшаны қайтару функциясы барлық банкте болуы тиіс
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова банктердің мобильді қосымшаларында қате немесе белгісіз тұлғадан келген аударымды кері қайтару мүмкіндігі енгізілуі қажет екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қараша, 2025
Депутат клиенттердің ағымдағы шотындағы сомаға пайыз есептеуді ұсынды
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) банктерге клиенттердің ағымдағы шоттарындағы қаражатқа пайыздық сыйақы есептеуге рұқсат беруді ұсынды. Оның айтуынша, клиенттердің ағымдағы шоттарына пайыз есептеуге салынған тыйымды алып тастаған абзал, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 05 Қараша, 2025
Қай банктер мемлекеттен алған көмекті қайтармай отыр?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова банктерге бұған дейін берілген мемлекеттік қолдау қаржыларының қайтарылуы туралы нақты деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 05 Қараша, 2025
Ұстаздар жасанды интелектіні қолдану әдістерін меңгерді
Ақтауда «Педагог және ЖИ: заманауи цифрлық оқыту құралдары» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараны Тимур Құлыбаевтың Halyk қорының «Тәлімгер» білім беру жобасы және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен NNEF қоғамдық қоры ұйымдастырды. Семинар-тренингке Ақтау, Жаңаөзен, Бейнеу, Мұнайлы және Түпқараған аудандарынан 60 педагог қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қараша, 2025
Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары бекітілді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
Абай облысына қарасты Жарма ауданында «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды. Бұл жұмыс жас ұрпақтың төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, өмір қауіпсіздігінің негіздерін үйретуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 05 Қараша, 2025
Бұдан былай зейнетақы аударымының 5%-ы жұмысшының жеке шотына түсуі мүмкін
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер міндетті 10%-дық зейнетақы төлемінен бөлек, өз қаражаты есебінен жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына қосымша жарна аударуға міндеттелген. Алғашқы жылы зейнетақы жарнасының мөлшері жалақының 1,5%-ын құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5%-ға дейін көтеріледі. Бүгін Мәжіліс кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов сол 5%-дың 4%-ын азаматтардың жеке шотына аудару ұсынысын тарқата айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Қараша, 2025
Қазақстан мен Белорусь премьерлері қандай мәмілеге келді?
Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Екіжақты тауар айналымын ұлғайту, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық индустрия және ЖИ саласындағы, сондай-ақ көлік және логистика, денсаулық сақтау, туризм сияқты тағы да басқа салалардағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фотогалерея • 05 Қараша, 2025
Елорданы қардан тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Астанада қар тазалау жұмыстары күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылдың 5 қарашасына қараған түні коммуналдық қызметтер қала аумағынан шамамен 686 текше метр, яғни 60-қа жуық ауыр жүк көлігіне тең қар шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қараша, 2025
Тұран даңғылындағы тосын жағдай: Жүргізуші көлікті басқара алмай тұрғын үйге соғылды
Елордада жеңіл автокөлік тұрғын үй кешенінің қабырғасына соғылды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты №111 мектеп маңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Қараша, 2025
34 жастағы мұсылман жігіт Нью-Йорк қаласының әкімі болып сайланды
Нью-Йорк қаласының жаңа әкімін сайлау америкалықтар үшін ұлттық деңгейде назар аудартқан оқиғаның бірі болды. Көп күткен сайлаудың қорытындысы бойынша, ABC News арнасының дауыс беру нәтижелеріне жасаған талдауына сәйкес, 34 жастағы демократиялық социалист Зохран Мамдани қаланың келесі әкімі болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 04 Қараша, 2025
Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Астанада бір тәулік ішінде мың текше метрден астам қар күрелді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Каспий жағалауынан жүзден астам өлі итбалық табылды
Арнайы топ Маңғыстау облысындағы итбалықтардың жаппай қырылуының себебін тергеп жатыр. Тергеуге Гидробиология институтының мамандары қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Қараша, 2025
АҚШ Қазақстанның энергетикалық әлеуетіне сенім білдіріп отыр
Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «ADIPEC-2025» халықаралық энергетикалық форумы аясында АҚШ-тың Ішкі істер министрі Даг Бергуммен кездесті. Тараптар америкалық компаниялармен 30 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асып келе жатқан бірлескен жобаларды дамыту жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Беларусь Премьер-министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
ШҚО тасжолында шектелген қозғалыс қыс соңына дейін сақталады
Шығыс Қазақстан өңіріндегі Өмеш асуы арқылы өтетін жолда көлік қозғалысы шектелді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 04 Қараша, 2025
Ауруханалар лық толы: Астанада вирус өршіп тұрғаны рас па?
Әлеуметтік желіде астаналықтар апта бойы қызу түспей, денені меңдейтін «жаңа вирус» таралып кеткеніне шағымданып жатыр. Желідегі жазбаға сүйенсек, «белгісіз вирусқа» шалдыққандар саны артып, тіпті ауруханаларда бос орын табу қиынға соғып тұр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 04 Қараша, 2025
Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
Елордада 7 қараша күні сағат 13:30-да «Esil University» ғимаратында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2025
Жас мұғалім президенттік жастар кадр резервіне қабылданды
Ұлытау облысынан Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған Алмагүл Әнуарбековаға облыс әкімі Дастан Рыспековтің атынан арнайы құттықтау табыс етілді. Құттықтау хатты әкім аппаратының басшысы Кеңгірбай Смағұлов тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Түркістанда болған атыстан бір адам қаза тапты
2025 жылдың 2 қарашасы түнінде Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында атыс қаруын қолдану фактісі тіркелді. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмып, тағы үш тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
«JARQYRA» республикалық кастингі өз мәресіне жетті
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» бірлесе ұйымдастырған ауқымды республикалық «JARQYRA» кастингі өтті. Жоба бүкіл елді қамтыды. Кастинг еліміздің 19 қаласында бір мезетте өтіп, отандық кинематография тарихындағы ең ірі шаралардың біріне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 04 Қараша, 2025
Илон Маск: 5 жылдан кейін смартфон пайдаланбаймыз
Америкалық кәсіпкер, Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск алдағы бес жылда смартфондар қолданыстан шығып, олардың орнын жасанды интеллектке негізделген құрылғылар басады деп мәлімдеді. Бұл туралы ол танымал тележүргізуші Джо Роганмен сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.