АҚ
Референдум • 05 Маусым, 2022
Референдумға жалпы сайлаушылардың 43,70%-ы дауыс берді
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70%-ы бюллетень алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Ақтауда 5 000-ға жуық сарбаз дауыс берді
Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері жалпыұлттық референдумда өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Алматыда зиялы қауым өкілдері белсенді дауыс беруде
Бүгін, 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыреспубликалық референдум өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Жаңа Қазақстанды көргіміз келеді - оқытушы
Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік ел 28/1 мекенжайына орналасқан 342 дауыс беру учаскесіне тіркелгендер саны - 1955 адам, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 05 Маусым, 2022
7 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте 7 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ақпаратына сілтеме жасап.
Қазақстан • 05 Маусым, 2022
Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайы өтіп жатыр
4-5 маусым аралығында Францияның Париж қаласында шетелде тұратын отандастарымыздың қатысуымен «Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайы» өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Референдумға қатысты жалған ақпарат тарады
Ғаламторда «бүгін республикалық референдумда түсірілген» деген ролик тарап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Ақмолалықтар белсенділік танытуда
Облыс тұрғындары таң атысымен Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум өткізу бойынша ұйымдастырылған өңірдегі 718 учаскеге ағылып келе бастады деп хабарлайды Egemen.kz
Референдум • 05 Маусым, 2022
Халықаралық байқаушылар 120 учаскені аралауды жоспарлап отыр
Қазақстанда барлығы 57 байқаушы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Референдум учаскелерінде дауыс беру басталды
Дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 04 Маусым, 2022
Қалалық субұрқақтарда неге шомылуға болмайтыны айтылды
Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы субұрқақтарда неге шомылуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Маусым, 2022
Елімізде 5 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 03 Маусым, 2022
Қазақстан паспортын Түркияда 30 күн ішінде ресімдеуге болады
2022 жылдың 1 маусымынан бастап Түркия аумағында «ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтарына паспорттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша «пилоттық жобасы» басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2022
Ерлан Қарин Франция сенаторларымен кездесті
ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин «Франция – Орталық Азия» парламенттік достық тобының төрағасы Эрвэ Морэ бастаған Франция Сенатының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 03 Маусым, 2022
АҚШ-та мұнай қорының азаюына байланысты баға көтерілді
Өткен аптада АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қоры 5,07 миллион баррельге азайып, 414,73 миллион баррельге дейін төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 03 Маусым, 2022
Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талап күшейеді
Мемлекеттік тапсырысты бұрынғыдай білім басқармалары бөлмейді, ата-аналар таңдауы бойынша беріледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа нормалардың негізгілерін атап көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 03 Маусым, 2022
Украинадағы қазақстандықтар Варшаваға барып дауыс бере алады
Украинадағы Қазақстан азаматтары Польша еліндегі учаскеде дауыс бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жалғас Әділбаев айтты.
Аймақтар • 03 Маусым, 2022
Баянауыл ұлттық паркі өртеніп жатыр
Павлодар облысындағы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Маусым, 2022
АҚШ-та жерлеу рәсімі кезінде атыс болды
АҚШ-тың Висконсин штатында белгісіз біреулер жерлеу рәсімінде атыс ұйымдастырып, салдарынан бес адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 03 Маусым, 2022
ҰҚК табылған қару-жарақтарға қатысты мәлімет берді
Биылғы сәуір-мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық департаменттері заңсыз айналымнан, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды табу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2022
Биыл 5,6 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 5 679 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 93,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Маусым, 2022
Қазақстан аумағында 19 СЭС салынады
Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, 2025 жылға дейін Қазақстанда 19 су электр стансасы салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Маусым, 2022
Вице-министр Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының қаулысына сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Маусым, 2022
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі
Маусымнан бастап қазақстандықтар жоғарылатылған зейнетақы мен жәрдемақы ала бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» сілтеме жасап.
Футбол • 03 Маусым, 2022
Қазақстан-Әзербайжан матчына дайындық жүріп жатыр
Бүгін Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасындағы жарыс жолын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Маусым, 2022
«Қазақавтожол» бас директоры тағайындалды
Самат Ғилымов «Қазақавтожол» ЖШС бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Маусым, 2022
Ақтөбеде жүк көлігі мен екі автобус соқтығысты
Ақтөбеде жүк көлігі мен екі автобус соқтығысты. Жараланған жолаушыларды дәрігерлер қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Маусым, 2022
Еліміздің кей өңірінде бұршақ жауады
Синоптиктер 3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Маусым, 2022
Аида Балаева «БҰҰ-әйелдер» жаһандық құрылымы директорының орынбасарымен кездесті
ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева «БҰҰ-әйелдер» жаһандық құрылымы Атқарушы Директорының орынбасары Анита Бхатиямен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Маусым, 2022
Еуроодақ елшілері «АрселорМиттал Теміртау» металлургия комбинатын аралады
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатына Еуропалық Одақ пен Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшілері келді, деп хабарлайды Egemen.kz.