«Toyota Land Cruiser 200» көлігінің жүргізушісі кері бұрылу кезінде «Lexus Es 330» автокөлігіне жол бермеген. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған», деп мәлім етті Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.
«Toyota Land Cruiser 200» көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.