ас
Спорт • 21 Қазан, 2025
«Қайрат» пен «Пафос» ойынын қайдан көруге болады
21 қазан күні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында Алматының орталық стадионында қазақстандық «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары кездеседі. Ойын сағат 21:45-те басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жансарай • 20 Қазан, 2025
Жас буынға Алаш мұрасы түсіндірілді
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері елордадағы 73 мектептің 8-10 сынып оқушыларымен кездесті. Іс-шара – тарих пәнінің мұғалімі Гаури Жомартованың «Алаш заңгерлері: тәуелсіздік пен сабақтастық тақырыбын зерттеуде инновациялық әдістерді қолдану» атты авторлық бағдарламасы аясында маңызды кездесуге айналды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Қазан, 2025
Әзербайжан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 20 Қазан, 2025
Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов туралы фильм жарық көрді
23 қазанда Қазақстан кинотеатрларында полицей-қаһарман Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған көркем фильмнің көрсетілімі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қазан, 2025
Астанада шахмат олимпиадасы басталды
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасында ІІ шахмат олимпиадасы өтіп жатыр. Іс-шараның ашылуына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Түркістан облысында ет бағасы арзандады
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытындағы шаралар күшейтілген. Бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу, тұрғындарды қолжетімді өніммен қамтамасыз ету мақсатында мониторинг пен бақылау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Қазан, 2025
Елде жалпы 26,3 млн тонна астық жиналды
Агротехникалық талаптарға сәйкес мерзімде өтіп жатқан егін жинау науқанының аяқталуына аз уақыт қалды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 20 Қазан, 2025
Бектенов: Жасанды интеллект технологияларын дамыту – Үкіметтің басты міндеті
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында белгіленген міндеттер аясында отандық IT-компаниялардың өкілдерімен кездесті. Кездесуде білім беру, спорт және өнеркәсіп бағыттарындағы жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамыту және қолдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 20 Қазан, 2025
Алматы қаласының Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Данияр Абзалиденұлы Әлиев тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қазан, 2025
«Әскери баспана» жеңілдетілген ипотекасы қайта жанданады
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және «Әскери баспана» бағдарламасын қайта жандандыру жолдарын талқылады. Кездесу барысында әскери ипотеканың тиімділігін арттыру мен тұрғын үйге қолжетімділікті жеңілдету мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Қазан, 2025
Астанада Абай университетінің Білім беру институты ашылды
Астанада еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Білім беру институты өз жұмысын бастады. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласын дамыту жөніндегі стратегиялық тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қазан, 2025
Минуттық төлем жүйесі енгізілуі мүмкін
Астанада ақылы автотұрақтарда минуттық төлем жүйесі енгізілмек, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 18 Қазан, 2025
Антикордың экс-басшысы бас прокурордың орынбасары болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурордың орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Партия • 18 Қазан, 2025
Астанада "Jas Republic Cup II" дебат турнирінің финалы өтіп жатыр
Астанада Республика күніне орай мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған екінші республикалық “Jas Republic Cup II” дебат турнирінің финалдық кезеңі басталды. Respublica партиясы мен Ozger team командасының қолдауымен #101 Келешек мектебінің алаңында өтіп жатқан бұл турнир дәстүрге айналып келеді. Алғашқы Jas Republic Cup 2024 жылы өтіп, елдің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді жастарды біріктірсе, биылғы байқау аталмыш жобаның ұлттық деңгейге көтерілгенін көрсетіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 17 Қазан, 2025
Astana Think Tank Forum 2025: Халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру жолдары талқыланды
Astana Think Tank Forum 2025 халықаралық сараптамалық алаңы биыл 15-16 қазанда «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру» тақырыбымен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қазан, 2025
Анарбеков пен Сәтбаев «Қайрат» құрамына қайта оралды
Алматылық «Қайрат» Петропавлдық «Қызылжарға» қарсы ойынына арналған бастапқы құрамын жариялады. Команда сапында жарақатынан айыққан Темірлан Анарбеков пен Дастан Сәтбаев бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Қазан, 2025
Астанадан жыл аяғына дейін 1 200-ден астам жас әскерге жөнелтіледі
Елордада күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Қыркүйекте шекара қызметі мен десанттық бөлімдер жасақталған еді. Ал қазір механикаландырылған, арнайы жасақ және барлау бөлімдері, артиллериялық құрамалар толықтырылып жатыр. Осыған орай қалалық шақыру комиссиясының отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 17 Қазан, 2025
Алматыда ЖИ мен үлкен деректерге арналған Қазақстан-Корей орталығы ашылады
Сеул қаласында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Корея ғылыми-техникалық ақпарат институты (KISTI) ғылым, технология және жасанды интеллект саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Атырауда 7 жасар қызды зорлаған күдікті өмір бойына сотталды
Биылғы маусымда Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында 7 жасар қыз жоғалып кеткен еді. Кейін оны зорлап, өлтірген күдікті ұсталған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қазан, 2025
Диас Төлеу ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Хан-Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеудің ауруханаға жеткізілген сәттегі жағдайы туралы ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Қазан, 2025
Үкіметте «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін өткізді. Жиынға алғаш рет жасанды интеллект негізінде құрылған тәуелсіз цифрлық мүше SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Қазан, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
18-19 қазан күндері «Қазанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы тасжолы, 1) Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген кәсіпкерлер өз тауарларын ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 17 Қазан, 2025
Жаңа Салық кодексі кезең‑кезеңімен енгізіледі - Мәди Такиев
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев жаңа Салық кодексінің енгізілуі кезең‑кезеңмен, салық төлеушілер үшін жеңілдетілген тәсілмен жүргізілетінін атты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Қазан, 2025
ШОБ үшін оңайлатылған салық режимі сақталады
Кеше Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту үшін шаралар қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 16 Қазан, 2025
«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
Каспий теңізі — жойылып кету қаупінде тұр. Су айдыны жылдам тайызданып барады, бұл — тек бір елдің ғана мәселесі емес, миллиондаған адамның өмір салтына әсер ететін жаһандық экологиялық қауіп. Бұл жағдайды тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана түзетуге болады, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 16 Қазан, 2025
380 мыңнан астам алматылық комьюнити орталықтарға барған
Жыл басынан бері Алматыда тұратын 380 мыңнан астам жас комьюнити орталықтардың қызметіне жүгінген. Бұл 14 пен 35 жас аралығындағы жастарға арналған заманауи кеңістіктер, мұнда олар білім алып, жұмысқа орналасып, әлеуметтік және психологиялық қолдау ала алады. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы хабарлады.
Үкімет • 16 Қазан, 2025
Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылдауда
Премьер-министр Үкімет мүшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының азаматтар мүддесі үшін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруды ретке келтіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Полицейлер 45 млн теңгені иемденген күдіктіні ұстады
Polisia.kz-тің хабарлауынша, тергеу деректеріне сәйкес 34 жастағы Орал қаласы тұрғыны 45 миллион теңгені Бөрлі ауданы тұрғынынан алдап алған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Оқушылар 400-ге жуық бөтелке қақпағынан Қазақстан картасын жасады
Астана қаласының №55 орта мектебі экологиялық мәдениетті дәріптеудің тың тәсілін ұсынды. Мектеп ұжымы мен оқушылар «Экоәлем» бағыты аясында пластик қақпақтарды жинап, оларды қайта өңдеу арқылы Қазақстан Республикасының картасын құрастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 16 Қазан, 2025
Алматы облысында мектеп оқушылары жасөспірім қызға зәбір көрсеткен
Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында жасөспірім қыз зорланған. Күдікке орта мектеп оқушылары ілігіп отыр. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.