Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 23 Қазан, 2023
Бұқар жырау аудандық полиция бөліміндегі учаскелік полиция инспекторы Медет Асқаровты ел ішінде осылай атайды. Бір емес, бірнеше адамды ажалдан аман алып қалған азамат мұнысын қызметтік міндетіне емес, адамдық борышына балайды.
Пікір • 23 Қазан, 2023
Әділетті Қазақстан тұжырымдамасының алғышарттары – әділетті қоғам құру, ел азаматтарына теңдей құқық беру, зайырлылық қағидаттарына сүйене отырып, халықтың тең дәрежеде өмір сүру формасы деген сөз. Жер байлығын халыққа теңдей үлестіру, азаматтық қоғам құрып, бақытты, әділетті ұрпақ өсіру, міне, жұрт қалайтын қоғам қағидаты осындай.
Аймақтар • 23 Қазан, 2023
Риддер қаласындағы мырыш зауытында Аушиновтар әулетінің табан аудармай сабақтаса жұмыс істесіп келе жатқанына жарты ғасырдан асқан. Әуелде осыдан елу жыл бұрын аталары Мәлік Аушинов металлургия кешенінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шықса, бүгінде жиен немересі Ринат Ерболов вельцпеш цехында аппаратшы болып қызмет етеді. Жалпы, бұл кәсіпорында әулеттің оннан аса мүшесі маңдай терін төгіп жүр.
Еңбек • 23 Қазан, 2023
Ел егемендігі ұлт дәстүрі мен құндылықтарына жіті, жүйелі, қастерлеп қарауға мүмкіндік берді. Шынында да халқымыз қаншама қиындық көрсе де ғасырлар сынынан өткен салт-сана, әдет-ғұрып бізді жарқын күндерге жетеледі.
Алматы • 23 Қазан, 2023
Алматыда қыркүйек айынан бері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтіп жатыр. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған.
Білім • 23 Қазан, 2023
Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Азат Қаппанов республикалық «Ел үміті CUP 2023» дебатында «Үздік спикер» атанып, командалық ойында 2-орынды иеленді.
Медицина • 23 Қазан, 2023
Науқас ахуалын жедел бағамдайтын құрал
Халықтың денсаулығын жақсартумен қатар, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру – алғашқы міндеттердің бірі. Осы бағытта Талғар ауданында «Philips Foundation» халықаралық коммерциялық емес ұйымы «Сәби» қорымен бірлесіп, елімізде жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін қайырымдылық бастамасын іске қосты.
Денсаулық • 23 Қазан, 2023
Алдағы екі жылда Атырау облысында медициналық нысандар қатары көбейеді. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің мәліметі бойынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін жақсартуға жаңадан 37 нысан салынады.
Айбын • 23 Қазан, 2023
Халқымыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп бекер айтпаған. Жылы сөз адамды жігерлендіреді, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Кейде біз жанымызда жүрген жақсы адамдардың іскерлік қасиетін бағалай алмай жатамыз. Біріміз оның істеп жатқан жұмысына іштей сүйсінсек, енді біреулер оны мойындағысы келмейді.
Тағзым • 23 Қазан, 2023
«Дала академигі» атанып, елінің абыройын аспанға көтерген алып тұлға Нұрмолда Алдабергеновтің халқына көрсеткен қызметі қыруар. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында омырауына қос «Алтын Жұлдыз» тақты, қазақ қаламгерлерімен үзеңгілес дос-жаран болды. Қонаевтың сеніміне ие болып, аядай ауылын әлемге танытты. Сол еңбек батырының ерлігін ұлықтаған жерлестері Талдықорған төріне ескерткіш бюст орнатты.
Әдебиет • 23 Қазан, 2023
«Көркемсөз – жанның сәулесі» деген екен ұлы суреткер. Бұл оның терең танымы, берік ұстанымы болатын. Ұзақ ғұмырында жазушының қаламынан туындап, қалың оқырманының сүйіспеншілігіне бөленген шығармалары ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға өтіп, сән-салтанаты мол салқар көшін болашаққа қарай апара жатыр.
Тұлға • 23 Қазан, 2023
Әдеби дәстүрсіз әдебиет дамымайды. Қазіргі көркемсөз өнері қаншалықты еркіндік алды дегенмен, өткеннің бай тәжірибесін бойына сіңірмей өспейді. Бүгінгі проза жөнінде де осыны айтуға болады. Ж.Аймауытұлын, М.Әуезовті, Б.Майлинді, Ғ.Мүсіреповті игермей, өрелі проза өрге баспас еді. Алыптар тобынан соң бұл қатарда соғыс жылдарынан кейін әдебиетке келген өзге қаламдастармен бірге Тахауи Ахтанов бар. Бүгінде 100 жылдығы аталып отырған ол көркемдік әлемін қалыптастырған қарымды прозаик, шебер драматург, өткір ойлы сыншы болды. Алыптар дәстүріне сай әдебиеттің барлық жанрында аянбай еңбек етіп, шығармашылықтағы адалдықты ту қылып ұстанды.
Жемқорлық • 23 Қазан, 2023
Банк басшысы қылмыстық топ құрып, елдің ақшасын жымқырған
Tengri Bank клиенттерінің қаржысын заңсыз пайдаланған қызметкерлерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Көрме • 23 Қазан, 2023
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесі
Биыл «Frankfurt Book Fair 2023» 75-меретойлық кітап жәрмеңкесінде қазақ баспагерлері өздерінің озық жетістіктерін таныстырды.
Кітапхана • 23 Қазан, 2023
Ауыл кітапханаларын жаңғырту қажет
Үлкен шаһарларды қойып, қазір ауылдық жерлердегі кітапханалар да заманға сай өзгеріске ұшырап жатыр. Көпшілік оқырманның бос уақытына орай бейімделіп, кітап оқушылар санын еселей түскен ауыл кітапханашыларының еңбегі бағалауға тұрарлық. Тек кейде қысқа жіп күрмеуге келмей жатады.
Алматы • 23 Қазан, 2023
Алматыда «Яндекс» бағдарламалау мектебінің кезекті курсы басталды. 2017 жылдың қазан айында Астана және Алматы қалаларында басталған IT негіздерін меңгеруге оқушылардың қызығушылығы өте жоғары.
Футбол • 23 Қазан, 2023
Өткен демалыс күндері футболдан ел біріншілігінің кезекті тур ойындары өтіп, Шымкенттің «Ордабасы» командасы мерзімінен бұрын ішкі чемпионаттың жеңімпазы атанды.
Аймақтар • 23 Қазан, 2023
Республика күні қарсаңында Қостанай әуежайының маңдайшасына «Ахмет Байтұрсынұлы әуежайы» деген жазу орнады. Қуанышты хабар сол сәтте-ақ әлемжелі арқылы шартарапқа тарады. Оған көпшілік әр тұстан үн қосып, құтты болсын айтысып, сүйсініс білдіріп жатты.
Хоккей • 23 Қазан, 2023
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктегі кезекті ойынын Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасымен өткізді.
Шымкент • 23 Қазан, 2023
Республика күні қарсаңында Шымкент қалалық әкімдігінің, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының, қалалық этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Достық дастарқаны» – Шымкент палауы-2023» фестивалі өтті.
Аймақтар • 23 Қазан, 2023
«Кездессең ұрлана қараймын, асаудай тулайды жас жүрек...», деп «Жас қалам» әнін шырайын кіргізіп шырқайтын Арқаның аяулы әншісі Сейіл Аяғановтың орны, өкінішке қарай, ойсырап тұр. Жақында ғана сұлу әнге адалдық танытып өткен өнерпаздың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
Оқиға • 23 Қазан, 2023
Бұрынғы Әділет министрі сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды
Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2023
Веломарафоншы Республика күніне орай 106 шақырымды 6 сағатта жүріп өтті
Журналист, аудармашы, веломарафоншы Ернат Мелсұлы Республика күніне орай Астана қаласында 106 шақырымды басып өтті. Түркияның Қазақстандағы Елшілігі ғимараты маңынан басталған 106 шақырымдық марафонды әріптесіміз 6 сағатта өндірді.
Оқиға • 23 Қазан, 2023
Газа секторындағы атыстан Қазақстан азаматы қаза тапты
Газа секторында атыс салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбат • 23 Қазан, 2023
Рашида Харипова: «Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталатын күн»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 25 қазан Республика күні деп белгіленіп, еліміздің басты мерекесі ретінде қайта тойланып келеді. Осынау мерекенің мән-мазмұнын айшықтауға мәдени мекемелер жан-жақты атсалысып, айтулы датаның мемлекеттік деңгейде тойлануына өз салалары бойынша үлес қосып жатыр. Осы тұрғыда ұлттық құндылықтарымыздың ең бір маңызды жәдігерлері сақталған Алматыдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Рашида Хариповамен әңгімелескен едік.
Президент • 23 Қазан, 2023
Президентке халықтың тым көп несие алуын төмендету шаралары туралы баяндалды
Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Қазан, 2023
Қостанайда Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты қоғамдық талқылау өтті
Қостанай облысының Азаматтық альянсы мұрындық болған маңызды іс-шараға мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, энергетиктер, өңірдің белсенді азаматтары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қазан, 2023
Жүрсін Ерманның құдасы Тедрос Гебрейесус Президентті де «құда» деп атады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанға келіп, Астана декларациясының бес жылдығына және алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Алматы декларациясының қабылданғанына қырық бес жыл толуына арналған халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қазан, 2023
IV Азия пара ойындарында Әнуар Сариевке қола медаль тағылды
Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында пара дзюдодан (J2 санаты бойынша) Қазақстан құрамасы қоржынына кезекті қола түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2023
Ақтөбе мен Хромтаудың арасына қатынайтын автобус бөлініп қалайын деп жүр (видео)
Желіде Ақтөбе мен Хромтаудың арасына қатынайтын автобус бейнеленген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.