Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 17 Қазан, 2025
Диас Төлеу ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Хан-Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеудің ауруханаға жеткізілген сәттегі жағдайы туралы ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Қарағанды облысында жаңа көпір пайдалануға берілді
Бұқар жырау ауданына қарасты Ғабиден Мұстафин ауылында Нұра өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді. Енді Теміртауға дейінгі жол үш есеге қысқарды. Бұрын тұрғындар 40 шақырым айналып өтсе, қазір 12 шақырым ғана жол жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Қазан, 2025
Үкіметте «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін өткізді. Жиынға алғаш рет жасанды интеллект негізінде құрылған тәуелсіз цифрлық мүше SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 17 Қазан, 2025
«Алматы Тазалық» жұмысшыларының жалақысы өсті
Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, қызметкерлердің еңбек жағдайымен, коммуналдық техника паркінің жаңғыртылу барысымен және қысқы маусым алдындағы қала тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарының ұйымдастырылуын қарап шықты. Дәл осы күндері «Алматы Тазалық» қызметкерлерінің саны екі есе көбейіп, жалақысы 55%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Қазан, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
18-19 қазан күндері «Қазанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы тасжолы, 1) Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген кәсіпкерлер өз тауарларын ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Әйтеке би ауданының екі ауылына көгілдір отын келді
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Әйке және Тереңсай ауылдарына газ құбыры тартылып, екі мыңға жуық тұрғын пеш жағу бейнетінен құтылды. Жоба шалғай елдімекендерді газдандыру жобасы аясында іске асырылды. Ұзындығы 30 шақырымнан асатын құбыр құрылысын «Ерзат» ЖШС-і жүргізді. Енді жыл соңына дейін көршілес Қияқты және Ұлғайсын ауылдарына да көгілдір отын жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 17 Қазан, 2025
Жаңа Салық кодексі кезең‑кезеңімен енгізіледі - Мәди Такиев
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев жаңа Салық кодексінің енгізілуі кезең‑кезеңмен, салық төлеушілер үшін жеңілдетілген тәсілмен жүргізілетінін атты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 17 Қазан, 2025
Ұлытауда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі түсіндірілді
Ұлытау облысының кәсіпкерлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шара Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жаңа экономикалық саясат пен жаңартылған Салық кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 17 Қазан, 2025
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына 1 миллионнан астам билет сатылған
Келер жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына қызығушылық ерекше жоғары. Халықаралық футбол жанкүйерлері турнир басталмай жатып-ақ 1 миллионнан астам билет сатып алған, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Экономика • 17 Қазан, 2025
Елімізде коммуналдық тарифтер бағасы алдағы 5 айда өспейді
16 қазан Президент Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасы салынады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жетісу облысының тұрғындарымен кездесіп, министрліктің қазіргі жұмысы мен өңірдің су шаруашылығын дамытуға бағытталған алдағы жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қазан, 2025
Әлемде 700 миллион адам өте кедей тұрады
Дүниежүзілік банк деректеріне сүйенсек, бүгінде дүниежүзінде шамамен 700 миллионға жуық адам, яғни жер шарындағы халықтың 8,5 пайызы, күніне небәрі 2,15 доллардан аз қаражатқа күнелтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu-ға сілтеме жасап.
Алматы • 17 Қазан, 2025
Алматыда халықаралық әуе диспетчерлерінің байқауы өтіп жатыр
«Еуразия» үйлестіру кеңесіне мүше елдердің кәсіпорындары арасында өтіп жатқан іс-шараны Азаматтық авиация академиясы мен «Қазаэронавигация» РМК бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Қазан, 2025
ШОБ үшін оңайлатылған салық режимі сақталады
Кеше Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту үшін шаралар қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қазан, 2025
Павлодарда анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды
Павлодар қаласында Марғұлан көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бірінде зейнеткер әйел мен оның 36 жастағы ұлының мәйіті табылған. Қайғылы жағдай қазан айының басында болған. Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады,деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 17 Қазан, 2025
Еліміз жаһандық басқару реформасын ұсынды
Еліміз әлемдік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа бастама көтерді. Ел Үкіметі тәуелсіз ғалымдар мен сарапшыларды тартуды көздейтін «Ғылыми сарапшылар альянсын» құруды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 17 Қазан, 2025
Израиль әскері Ливанға тағы да әуе соққыларын жасады
Израиль қарулы күштері атысты тоқтату туралы келісімді елемей, Ливанның оңтүстігі мен шығысындағы бірнеше елді мекенге әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Білім • 17 Қазан, 2025
Оқушылар арасында қаржылық сауат пен цифрлық қауіпсіздік бойынша олимпиада өтеді
Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауат пен цифрлық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада ұйымдастырады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Қазан, 2025
17 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның ықпалы жалғасады. Синоптиктердің мәліметінше, ауа райы негізінен ашық болады. Тек батыс және солтүстік-батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, қар түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қазан, 2025
Қаламгер Мұрат Тастағанов өмірден озды
Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ журналистикасы мен поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі Мұрат Мырқанұлы Тастағановтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Инновация • 17 Қазан, 2025
Инновация мен инвестиция – экономикалық өрлеу негізі
Қазіргі әлемдік экономикада елдің даму қарқынын анықтайтын басты фактор – инновациялық әлеует пен инвестициялық тартымдылық. XXI ғасыр экономикасы табиғи ресурстарға ғана емес, жаңа технологияларға, адам капиталы сапасы мен ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу қабілетіне сүйенеді. Осы тұрғыдан алғанда, инновация мен инвестиция – экономикалық өрлеудің қос қанаты іспетті.
Форум • 17 Қазан, 2025
Азаматтық сектор – әлеумет пен мемлекет арасындағы сенімді көпір
«Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекет ынтымақтастығы» атты екікүндік ХІІ Азаматтық форум аяқталды. Жиынды Президент Әкімшілігінің, Парламент пен Үкіметтің өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, волонтерлік қозғалыстардың, қайырымдылық қорларының жетекшілері, халықаралық серіктестер қорытындылап, пленарлық сессияда азаматтық қоғамды дамытудың түрлі аспектісі талқыланды.
Пікір • 17 Қазан, 2025
Автобус – қоғамдағы ең кең таралған әрі қолжетімді көлік түрі. Ол күн сайын мыңдаған адамның жұмысқа, оқуға қатынауына мүмкіндік береді. Әсіресе зейнеткерлер, оқушылар, студенттер мен аз қамтылған азаматтар үшін оның маңызы зор.
Форум • 17 Қазан, 2025
Мұнайлы өңірде үш жылдан бері «Saraishyq Upgrade – 2025» халықаралық жастар форумы өткізіліп келеді. Биылғы басқосуға еліміздің барлық өңірі мен Қырғызстаннан, Әзербайжан мен Өзбекстаннан, Ресей Федерациясынан 300-ден аса жас қатысты.
Инфографика • 17 Қазан, 2025
Цифрландыру көші-қонды оңтайландыра түседі
Көші-қон саясатын оңтайлы жүргізу бүгінгідей жұмыс күші тапшы өңірлер үшін аса маңызды. Сыртқы һәм ішкі көштің түйткілді түйіні тарқатылып, өзекті мәселелер шешіліп келеді. Ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшін нығайту мақсатымен еңбеккерлері тапшы өңірлерге көштің басын бұру да жолға қойылды.
Құқық • 17 Қазан, 2025
Жазасын өтеушілер жұмысшы мамандығын меңгереді
Сотталған адамдар да – қоғам мүшесі, уақытша шектелгенімен олардың да құқы сақталады. Оның үстіне арасында қылмыс әлеміне кездейсоқ қосылып кеткендері де бар. Сондықтан қоғам олардың да құқығын қорғауы керек.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Облыс орталығындағы көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер жолына жасанды интеллектімен үйлестірілген «Мерген» бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.
Қоғам • 17 Қазан, 2025
2024 жылы көктемде Батыс Қазақстан облысы алапат су тасқынынан зардап шекті. Табиғат апаты тосын әрі төтенше келіп, бірнеше елді мекен су қоршауында қалды. Тілсіз жаудан үйі бүлініп, жарамсыз болып қалған Сырым ауданы Бұлдырты ауылының тұрғыны Эльмира Жұмағалиева былтырғы мамыр айынан бері жергілікті билік органдарына, сотқа бірнеше мәрте жүгініп, әділдік таппағанын айтады.
Өнер • 17 Қазан, 2025
Шығармашылығы тарихпен, иә болмаса, табиғатпен шектелмеген суретші Мағауия Аманжоловтың болмысы да өзгелерден дараланып тұрған деседі. Қылқалам шеберінің мінезі қандай батыл болса, картина жазудағы стилі де сондай батыл деп баға береді замандастары. Қылқаламы қарапайым натюрморттан бастап, тарихтың тереңіне бойлап кете береді. Жазған портреттері де өзгелерден дараланып тұрады. Өнерден хабары бар адам Аманжоловтың туындыларын бір көргеннен-ақ жазбай таниды. Кенеп бетіндегі қылқалам сілтесі өзгеше.
Өнер • 17 Қазан, 2025
«Олар Бетховеннің «Крейцер сонатасын» ойнады. Бірінші бөлімін білуші ме едіңіз? Білесіз ғой. Түу... бұл соната масқара ғой. Әсіресе осы бөлімі. Жалпы, музыка дегенің масқара ғой. Бұл не бұл? Түсінбеймін мен. Музыка деген не? Ол не істетпейді? Сол істегенін неге істейді ол? Музыка адамның рухын көтеруге көмектеседі деседі. Сандырақ, жалған!» деп салады Лев Толстой «Крейцер сонатасы» повесінде.