Заң • 23 Қараша, 2025

Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда республикалық «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін тұрақты сақтап, жолаушыларды қауіпсіз тасымалдап жүрген он жүргізуші марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды

Іс-шара барысында оларға тәртіптілігі мен жауапкершілігі үшін сертификаттар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды.

«Бүгін біз күнделікті тәртібімен өзге жол қозғалысына қатысушыларға үлгі болып жүрген азаматтарды атап өтудеміз. Ережені сақтау – жай формалдылық емес. Ол, әсіресе ірі мегаполисте, көлік ағыны жыл сайын көбейіп келе жатқан жағдайда, тұрғындар қауіпсіздігіне тікелей ықпал етеді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шұмаев.

Марапаттау шарасы қаладағы бір көлік компаниясының қолдауымен өтті.