и
Референдум • 15 Наурыз, 2026
ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы: Қазақстан жастары науқанға белсенді қатысып жатыр
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау жүргізіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Бас прокуратура: Республикалық референдум оқыс оқиғасыз тұрақты түрде өтіп жатыр
Қазіргі уақытта прокуратура органдарында және соттарға референдумға қатысты өтініштер түскен жоқ. Бас прокуратура және барлық өңірлердің прокуратурасы референдум өткізудің заңдылығын қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
ТМҰ өкілі: Дауыс беру халықаралық стандарттарға толықтай сай өтіп жатқанын байқадық
Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман «Референдум – 2026» онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте сөз сөйлеп, дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқаны жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды
Вашингтон, Нью-Йорк және Оттава қалаларындағы референдум учаскелерінде дауыс беру басталды. Бұл туралы Референдум жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Асель Жанәбілова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдумда дауыс бергендер саны 64,43 пайызға жетті
Орталық референдум комиссиясы сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Хандар мен билердің таңдауы: Жетісайдағы референдумның ерекше қонақтары
Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанай тұрғыны туған күнінде дауыс берді
Қостанай облысының тұрғындары Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтіп жатқан референдумге ерекше ықыласпен қатысып жатыр. Өздері тіркелген учаскеге біреулер Қыдыр ата кейпінде келсе, кейбір азаматтар бала-шағасымен бірге бүкіл әулетімен ұлттық киіммен келіп дауыс беріп кетіп жатыр. Осылайша, ел тағдыры таразыға түскен маңызды саяси науқан көп жерде мерекелік сипат алып жатыр десек болады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Байқаушылар: Дауыс беру процесі заңнамаға сәйкес өтіп жатыр
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өкілдері Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында дауыс беру процесіне қатысты өз пікірлерін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанайлық тұрғындар референдумда белсенділік танытты
Қостанай облысында 717 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өңірде 536 824 азамат дауыс беру құқығына ие. Тұрғындардың маңызды науқанға белсенді атсалысып жатқаны байқалады. Кейбір учаскелерде жұрт кезек күтіп қалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Еліміздегі ең бойшаң сарбаз дауыс берді
Абай гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері республикалық референдумға белсенді қатысты. 15 наурыз күні сарбаздар 36803 әскери бөлімінде ұйымдастырылған №132 жабық сайлау бөлімшесіне келіп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2026
Референдум күні Алматы облысында 24 сәби дүниеге келді
15 наурыз күні Алматы облысында түнгі сағат 00:00 мен күндізгі 12:00 аралығында 24 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 13 ұл және 11 қыз бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Наурыз, 2026
Тоқаев: Әлем халқы бітпейтін конференциялардан жалықты
Референдумда дауыс бергеннен кейін Президент журналистерге арналған брифинг барысында Euronews телеарнасының тілшісі Боян Бркичтің қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Наурыз, 2026
Президент: Ата заң жас буынның темірқазығы болуға тиіс
Референдумда дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысы журналистерге арналған брифинг өткізіп, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Наурыз, 2026
Қазақстанда президент сайлауы қашан өтеді?
Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг өткізіп, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Наурыз, 2026
Президент жаңа Конституция идеясы туралы: Шамамен екі жыл бұрын іске кірістім
Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Абай облысы, Аягөз қаласының тұрғыны Оразхан Манабаева апамыз таң ата референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ұландар алғашқылардың бірі болып дауыс беріп, қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті
Орал қаласындағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімі жауынгерлері таңғы сағат 06:00-де ашылған №479 дауыс беру учаскесінде таңдау жасады деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Республика бойынша 4,6 млн-нан астам адам дауыс берді
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Республиканың 4 677 595 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,54% құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум: Түркістан облысында туған күн иесі алғаш рет дауыс берді
Аталған облысқа қарасты Арыс қаласына қарасты Қаражантақ елді мекенінің тұрғыны Айкүміс Кәрим 18 жасқа толып, алғаш рет өз таңдауын жасады. Айрықша сәт оның туған күнімен тұспа-тұс келіп, жас азамат үшін есте қаларлық маңызды күнге айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Алматыда «Инватакси» тегін жұмыс істеп жатыр
Бүгін Алматыда 170 «Инватакси» көлігі, соның ішінде 36 арнайы жабдықталған машина мен 134 жеңіл автомобиль жұмылдырылады. Қосымша 20 кезекші машина жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
«Алғашқы референдум» акциясы: Қазақстан жастары ел болашағы үшін таңдау жасады
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Оның аясында жастарды мемлекет өміріне араластыруға бағытталған бірнеше бастама қолға алынды. Әсіресе, «Алғашқы референдум» акциясы шеңберінде алғаш рет дауыс беріп жатқандарға ерекше көңіл бөлініп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Аида Балаева: Еліміз әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды құру жолында тұр
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум мен жәрмеңке бір жерде: Атырауда дауыс беру ерекше форматта өтіп жатыр
Атырау қаласындағы №241 референдум учаскесінде дауыс беру күні тұрғындарға ерекше жағдай жасалған. Учаске орналастырылған Ж.Нәжімеденов атындағы №2 мектепте бүгін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Шиеліде даңқты диқанның 9 келіні дауыс берді
Қызылорда облысының Шиелі ауданында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, атақты диқан Ыбырай Жақаев ұрпақтары да референдумға қатысып, дауыс берді. Кәдімгі қарапайым кетпенмен-ақ егінін баптап, еңбекқорлықтың символына айналған даңғайыр диқан ұрпақтары осылайша азаматтық жауапкершілік танытты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Брайль қарпі, сурдоаударма және еріктілер: Дауыс беру учаскелерінде барлық жағдай жасалған
Атырау облысының Аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева өңірдегі дауыс беру барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, референдумды өткізуге 285 комиссия қатысып отыр, олардың құрамында 2 091 адам бар. Оның ішінде 9 комиссия – аумақтық, 276-сы – учаскелік комиссиялар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Астанада референдум учаскесіне робот-итпен келген қыз жұрт назарын аударды
Астанадағы референдум учаскелерінің бірінде ерекше көрініс тұрғындардың назарын аударды. Дауыс беруге ақ халат киіп, үйге арналған аяқкиіммен келген қыз қасына робот-итті ертіп алған. Ерекше перформанс көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум: 14 мыңнан астам адам шетелде дауыс береді
Шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің хабарламасы Орталық сайлау комисссиясының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
«Ел дауысы»: Сайлаушылар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр
«Ел дауысы» қорының байқаушылары сайлау учаскелерінде таңғы уақыттан бастап азаматтардың көптеп келіп жатқанын тіркеді. Бұл туралы қор жетекшісі Аида Жексенова JexeNews телеграм каналында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ел тұрғындары референдумда ерекше белсенділік танытып жатыр
Бүгін ел азаматтары таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше белсенділік танытып отыр. Еліміздің барлық өңіріндегі дауыс беру учаскелерінде өз азаматтық борышын өтеуге асыққан тұрғындардың кезегі байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, бүгінгі референдум Конституциялық реформа бойынша жарты жылдан астам уақытқа созылған қоғамдық талқылауларды қорытындылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.