Референдум • Бүгін, 10:59

Аида Балаева: Еліміз әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды құру жолында тұр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева: Еліміз әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды құру жолында тұр

Аида Балаева Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №129 референдум учаскесінде дауыс берді.

Бүгінгі оқиғаның маңыздылығына тоқталған Премьер-министрдің орынбасары жаңа Конституцияны қабылдау елдің одан әрі дамуының маңызды кезеңі екенін атап өтті.

«Халықтық Конституцияны қабылдау әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құруды көздейді. Бүгін қазақстандықтар дұрыс таңдау жасайды деп үміттенемін», деді А.Балаева.

Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрі референдум күні қазақстандықтардың жоғары азаматтық белсенділігін атап өтті. Оның айтуынша, таңертеңнен бастап азаматтардың дауыс беруге белсенді қатысуы байқалып отыр. Бұл елде ашық қоғамның қалыптасқанын, саяси мәдениеттің өскенін және азаматтардың мемлекеттің болашағына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.

Қазығұртта 100 жастан асқан қария дауыс берді

«Біз таңертеңнен бастап ақпараттық кеңістікті бақылап отырмыз. Қуантатыны – халықтың референдумға қатысу белсенділігі жоғары. Мен Қазақстанда ашық қоғам қалыптасқанын, саяси мәдениеті жоғары әрі азаматтық жауапкершілігі айқын екенін көріп отырмын. Бейжайлық жоқ, керісінше, сүйікті еліміздің болашағы үшін саналы жауапкершілік бар. Бұл – 2019 жылдан бері Мемлекет басшысы жүргізіп келе жатқан әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың нақты нәтижесі деп ойлаймын», деді вице-премьер.

Айта кетейік, дауыс беру үшін референдум учаскелері Астана уақыты бойынша таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.

102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері референдумда дауыс берді

Соңғы жаңалықтар