ас
Банк • 23 Қыркүйек, 2025
Отбасы банк: 2025 жылы депозитке 157 280 теңге мемлекеттік сыйақы алуға болады
Отбасы банкінің клиенттері биылғы жылдың соңында депозиттеріне қосымша қаржы алып, армандаған баспанасына тағы бір қадам жақындайды. Мемлекет жыл сайын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың салымына 20 пайыз көлемінде сыйақы қосады. Бұл сыйақы ең көп дегенде 200 АЕК-ке дейінгі сомаға есептеледі. 2025 жылы мемлекеттік сыйақының мөлшері 157 280 теңгеге жетті. Бұл көптеген қазақстандық отбасы үшін баспанаға қол жеткізуде елеулі көмек болмақ. Ең жоғары сыйақыны алу үшін, депозитті 786 400 теңге толықтыру қажет, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 23 Қыркүйек, 2025
Бір жылда 13 млн тоннадан астам астық тасымалданған
Министр Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның көлік инфрақұрылымы биылғы егіннің астығын тасымалдауға дайын екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қыркүйек, 2025
Үкіметте жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осы аптадағы жағдай және жылыту кезеңіне қатысты бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2025
Грек-рим күресінен 26 жыл аңсаған алтынды тарту еткен Айдос Сұлтанғали елге оралды
Астана әуежайында Загребте өткен әлем чемпионатында алтыннан олжа салған Айдос Сұлтанғали мен құрама спортшыларын жанкүйерлер қошаметпен күтіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы АҚШ Сауда министрімен кездесті
Мемлекет басшысы мен АҚШ Сауда министрі Говард Латник екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Қыркүйек, 2025
Америкалық Wabtec компаниясымен бірқатар келісімге қол қойылды
Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласына ресми сапары аясында АҚШ Сауда министрі Говард Латниктің қатысуымен америкалық Wabtec компаниясымен жалпы сомасы 4,2 миллиард долларға жуық келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 22 Қыркүйек, 2025
Сауда министрлігі азық-түлік бағасын бақылауды күшейтеді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 80-нен астам сауда желілерінің өкілдерімен кеңейтілген отырыс өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 22 Қыркүйек, 2025
Көлік тарихын онлайн тексеруге болады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына «Көлік тарихы» жаңа сервисін енгізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қыркүйек, 2025
Ірі көлемде қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы жолдаған сұрау салу нәтижесінде Ресей Федерациясы аумағында ұсталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Ол бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2025
«ҚТЖ-Жүк тасымалына» 1,42 млрд теңге айыппұл салынды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына 1,42 млрд теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек • 22 Қыркүйек, 2025
Биыл асыраушысынан айырылғандарға қанша жәрдемақы төленді
Биыл мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты азаматтарға жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 436,1 млрд теңге бөлінген. Бұған қоса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке қабілеттілігінен айырылған және асыраушысынан айырылғандарға 59,8 млрд теңгеге жуық қаржы төлеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Қыркүйек, 2025
Астанада өткен Backstreet Boys концертіне 45 елден турист келген
21 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Қыркүйек, 2025
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 22 қыркүйекке арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 21 Қыркүйек, 2025
Еңбекпен өрілген жол: Руслан Құлбаевтың кәсіби келбеті
Қазақ медиакеңістігінде көзге көп түсе бермесе де, ізі мен қолтаңбасы айқын сезілетін мамандар бар. Солардың бірі – Құлбаев Руслан Амирханович. Ол – телевидение мен кино саласында табанды еңбегімен танылған, режиссура мен видеопродакшнды қатар алып жүрген әмбебап кәсіби тұлға.
Заң • 21 Қыркүйек, 2025
Заңсыз активтерді қайтару: 850 млрд теңге мемлекет кірісіне түсті
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысын оң бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2025
Батуттық гимнастикадан қазақстандықтар Әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды
Германияның Котбус қаласында өткен батуттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті.
Қылмыс • 20 Қыркүйек, 2025
Құлсарыда екі жасөспірімге тиіскен ер адам қамауға алынды
Атырау облысының Құлсары қаласында ер адам екі жасөспірімге тиісті деген күдікпен ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 20 Қыркүйек, 2025
Астанада жалпықалалық ауқымды сенбілік басталды
Елордада 20 қыркүйек күні таңертең «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акция және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында жалпықалалық сенбілік басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Елорда • 20 Қыркүйек, 2025
Астанада Жұмысшы мамандықтар аллеясы ашылды
Елордадағы Сарайшық ауданында Қазақстан Президенті жариялаған 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жұмысшы мамандықтар аллеясының» салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Архив • 20 Қыркүйек, 2025
«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында Ашық есік күні өтті
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Ұлттық архиві «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында Ашық есік күнін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Қыркүйек, 2025
Ауа құрамы әр төрт сағат сайын тексерілуде
Алатау қаласының аумағындағы қоқыс полигонында тұтанған өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Ауқымды аумақты шарпыған қызыл жалынды ауыздықтауға қажетті күш-құралдар жұмылдырылды. ТЖД бөлімшелері жану ошақтарын инертті материалдармен толтырып, топырақты нығыздау және инъекциялық сөндіру әдісін қолдануда.
Мәдениет • 19 Қыркүйек, 2025
Каспий мен Бозжырада Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы түсіріліп жатыр
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Hunan Broadcasting System телекомпаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық жобасының түсірілімдері еліміздің ең көрікті өңірлерінде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 19 Қыркүйек, 2025
Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жобасы талқыланды
Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» атты конференция өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, отандық тауар өндірушілердің, мердігер ұйымдардың және ЭКСЖ жеткізушілерінің 250 өкілі қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қыркүйек, 2025
Үйінде есірткі өсірген астаналық ұсталды
Ер адам үйінің бір бөлмесінде шағын жылыжай жабдықтаған. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан 15 құмыраға егілген тыйым салынған өсімдіктер мен оларды өсіруге арналған қажетті құрал-жабдықтарды тәркілеген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 19 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында алаяқтарға көмектескен 16 жасөспірім ұсталды
Қостанайлық полицейлер интернет-алаяқтарға көмектесіп жүрген 16 жасөспірімді ұстады. Ұсталғандардың бірі – Лисаков қаласының 18 жастағы тұрғыны алаяқтарған жаңа SIM-карта жеткізіп беріп тұрған. Кейін бұл нөмірлер әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде жалған аккаунт ашуға пайдаланылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 18 Қыркүйек, 2025
Жамбыл облысында елдімекенге еңбек етуге барған дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көлемінде қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 18 Қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында ірі көлемдегі қарасора алқабы әшкереленді
Абай ауданында «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі тектес өсімдіктерді өсіру және сақтаумен айналысқан жергілікті тұрғын ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Президент Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы қаулы шығарды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы құжатқа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.