Соңғы жаңалықтар
Талбесік • 08 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 млрд көшет отырғызу туралы тапсырмасын орындау барысында өңірде қыруар жұмыс атқарылып жатыр.
Спорт • 08 Сәуір, 2026
Спорттық гимнастикадан Мысыр елінде өтіп жатқан Әлем кубогінде еліміз құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Қолды тіреп секіру жаттығуында Асан Сәлімов 14,083 ұпай жинап, күміс медальға ие болды. Жерлесіміз армениялық Артур Давтяннан (14,666) ғана қалып қойды. Үшінші орынды чехиялық Йонас Данек (14,016) иеленді. Естеріңізге сала кетейік, жарыстың алғашқы күні Зейнолла Ыдырысов күміс алса, Нариман Құрбанов қолаға қол созған еді.
Мирас • 08 Сәуір, 2026
2001 жылдың маусымы. Тараз қаласына қазақтың шандоз қаламгері Әбіш Кекілбайұлы келеді. Бір жылдан кейін Астанадағы «Елорда» баспасынан жарыққа шыққан «Талайғы Тараз» кітабына түрткі болған материалдар жинай бастаған кез.
Руханият • 08 Сәуір, 2026
Әкесі Қажымғали 1941 жылы қаралы майданға аттанғанда, артында аманаттай болып сол жылдың 9 сәуірінде өмірге келген жеті айлық ұлы Өмірзақ қалған еді. Қосағы Сәмиян ұжымшардың қара жұмысына жегілсе де, перзентін бесігінде тербеп, әлдиімен уатуға уақыт тапты.
Ғылым • 08 Сәуір, 2026
Ғылым саласында жылжу бар. Әттеген-ай дейтініміз, ашылған жаңалықтар зертхана үстелінде ғана қалып қойып жатқан көрінеді. Оған себеп, өндіріс ошақтары кемшін. Күні кеше Сәрсен Аманжолов университетінің физика-математика корпусында ғылыммен айналысып жүрген азаматтардың еңбектерін көзбен көрдік. Бүгінгі қоғамға қажет дүниелер шығарып жатыр. Тіпті су сүзуге арналған үш секциялы сүзгілерін патенттеп те алған.
Руханият • 08 Сәуір, 2026
Мұқаш (Мұханбетқали) Сейтқазинов ағаның айтысын тұңғыш рет 1990 жылы Алматы қаласында көргенмін. Біз онда ҚазМУ-дың соңғы курсында оқитын едік. Әр облыстан таңдаулы ақындар, термешілер, жыршылар қатысқан үлкен өнер аламаны өтті. Сол жолы сахнаға домбырасыз шығып, «Дәридай» деп айтысқан Мұқаңа таң-тамаша қалғанбыз. Бұл аздай, Керекуден келген Серік Құсанбаев ағамыз домбыраны солақай тартатын болып шықты. Бірі домбырасыз «дәридайласа», бірі домбыраны солақай ұстап шыққаны, жасыратыны жоқ, басында күлкілі көрінген. Кейін ақындардың табан астында сөз тауып кеткен тапқырлығын, сөз саптауын, тегеурінін көргенде, талантына қайран қалдық.
Тұлға • 08 Сәуір, 2026
1983 жылдың сәуірінде Жамбыл облысынан «Халық – талант қайнары» бағдарламасымен Алматы қаласына жол түсті. Облыстық филармония ұжымы, өзге салада еңбек етіп жүрген жастар бірге аттандық. Ол кезде мен Жамбыл қаласындағы фабрикада жұмыс істейтін қарапайым еңбек адамы едім. Филармонияның көркемдік жетекшісі Бағдат аға арнайы іздеп келіп, Алматыға баратын құрамға қосатынын айтты.
Жәдігер • 08 Сәуір, 2026
Мына бір көпке танымал сурет 1921 жылы 5 мамыр күні Ташкент қаласының қарапайым шайханасында түсіріліпті. Бейнеде өзбекше киінген үш адам отыр. Бұлар сол тұстағы қазақтың бетке ұстар арыстары. Ортада отырған Міржақып Дулатұлы. Оған қорқор тұтатып беріп жатқан – Ғазымбек Бірімжанұлы. Ал оң жақта ақ шәйнектен шай құйып беруші – Ахметсафа Юсупов.
Тағзым • 08 Сәуір, 2026
Биыл көрнекті ғалым, академик Күләш Құнантайқызының туғанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай ардақты тұлғаның туған жері – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай орта мектебінде ғылыми-практикалық конфенция өтті.
Әдебиет • 08 Сәуір, 2026
Әдеби орта да өзінше бір қоғам, ондағы адамдар да бір-біріне қарсы боп, топ-топ боп бөлініп, сондай-ақ бірін-бірі қолдап, бірігіп, жекелеген адамдар өзара дос, аға-іні боп, ұстаз бен шәкірт деңгейіне де көтеріліп жатады. Сол секілді қаншама адамға шуағын шашып, демеген кісілердің есімі де ерекше ықыласпен тілге тиек етіледі. Сондай есімдердің бірі – Мұқан Иманжанов.
Ғылым • 08 Сәуір, 2026
Қазір ғылым ұлттық шекарамен шектелмейтін, ортақ адамзат игілігіне қызмет ететін кеңістікке айналды. Әсіресе нейроғылым саласында жүргізіліп жатқан зерттеулер адамзаттың ең күрделі әрі жұмбақ мүшесі – ми қызметін терең түсінуге жол ашып, медицинаның жаңа кезеңін қалыптастырып отыр. Осындай іргелі ізденістің алдыңғы шебінде жүрген жас ғалымның бірі – Бейжіңдегі нейрохирургия резидентура бағдарламасының түлегі, қазір Германияда осы саланың докторанты Ғалымжан Исабеков.
Еңбек • 08 Сәуір, 2026
Еңбекті сүйген адам қиындықтан қашпайды. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Амангелді ауылының жұртында жалғыз үй болып қалып, көшкен елдің 150 жылқысын бағып отырған Әділхан Байтасов есімді жігітті бүгінгі күннің нағыз еңбексүйгіш ері десек жаңылыспаймыз.
Құқық • 08 Сәуір, 2026
Жалған ақпарат таратудың жауапкершілігін білеміз бе?
Бүгінде әлеуметтік желі негізгі ақпарат көзіне айналды. Бұл қазір ең жылдам хабар тарату құралы болып отыр. Дегенмен, виртуалды әлемнің бәсі жоғарылаған сайын, жеделдікпен қатар, жауапкершілік жүгі де артқанын қаперде ұстаған абзал. Ғаламтор бір жағынан, пайдалы мәліметке дер кезінде қол жеткізуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, бұрын онсыз да ауыздан-ауызға тез тарап келген өсек-аяңның жылдамдығын барынша шарықтатып жіберді. Ал бұл өз кезегінде мемлекет пен қоғам үшін қатерлі жағдайға апарып соқтыруы мүмкін.
Еңбек • 08 Сәуір, 2026
Қаршадайынан қара жұмыспен шыңдалған Мырзатай Қойшыбаев еңбек жолын өзіне тән ауыл өмірімен байланыстырды. Ауыл шаруашылығы иниститутын бітірген жоғары білімді маман алғашқы жылдары ауылдық кеңесте қызмет етті. Кейіннен атакәсіпке оралып, заман талабына сай алдымен егін шаруашылығын қолға алды.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Көші-қон үдерісіне кешенді көзқарас керек
Былтыр қазақ жеріне қоныстануға 23 761 адам келген. Ал 7 608 азамат елден кеткен. Сырттан келгендер мен кеткендердің негізгі үлесі – 35–39 жас аралығындағы азаматтар. Олардың арасында техникалық және экономикалық білім алғандар басым. Мұндай миграциялық ағынға не себеп?
Көрме • 08 Сәуір, 2026
Павлодарда Багаев атындағы музей-үйде фотосуретші Айгүл Төлегенованың ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауға бағытталған фотосуреттерінің көрмесі өтті.
Еңбек • 08 Сәуір, 2026
Майталман маман, тәжірибелі тәлімгер
Қайырғали Сисекенов – Батыс Қазақстан электржелілік компаниясында 35 жыл үзіліссіз еңбек етіп келе жатқан майталман жүргізуші. Өткен жылы қарапайым еңбек адамының маңдай тері жоғары бағаланып, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.
Технология • 08 Сәуір, 2026
Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік
Еліміздің қаржы секторында биометриялық технологияларға негізделген төлем жүйелері енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, «Halyk Bank» «FacePay» жобасын сынақтан өткізсе, Kaspi.kz «Alaqan» сервисін ұсынды. Сонымен қатар «Ұлттық төлем» корпорациясы биометрия арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа инфрақұрылымды іске қосуды жоспарлап отыр.
Өнер • 08 Сәуір, 2026
Күнұзақ шағын шеберханасында уақыт өткізетін суретші қыздың шығармашылық бағыты өзгеше. Майлы бояуды кенеп бетінде ойнатып, картина жазуды емес, ертегі желісі бойынша иллюстрация салғанды ұнатады. Кішкентай балаларға арналған кейіпкерлердің кескін-келбетін келістіре жазады. Кейде өзі де ертегі құрастырып, оны түрлі-түсті суретпен әрлейді.
Еңбек • 08 Сәуір, 2026
Қоғамның күнделікті тыныс-тіршілігі көзге көріне бермейтін, бірақ үздіксіз атқарылатын еңбектің арқасында алға жылжиды. Өндіріс саласында маңдай терін төгіп, нақты нәтижемен өлшенетін жұмысты абыроймен атқарып жүрген азаматтар – ел дамуының берік тірегі. Солардың бірі – «Өскемен ЖЭО» ЖШС орталықтандырылған жөндеу цехында химиялық су тазалау шебері қызметін атқаратын Дархан Мұсабаев.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Былтыр елімізде апатты жағдайдағы тұрғын үй саны 2,6 мыңға жетіп, 7%-ға ұлғайған. Соның салдарынан өткен жылы 50 мыңнан астам адам апатты үйлерде тұрған.
Басылым • 08 Сәуір, 2026
«Мазмұндама» баспасынан қазақтың кәсіби музыка өнерінің негізін салушы Ахмет Жұбановтың тағылымға толы өмір жолы баяндалған «Ахмет Жұбанов кім?» атты кітап жарық көрді.
Экономика • 08 Сәуір, 2026
Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді
Таяуда Жоғары аудиторлық палатасы Қостанай облысында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижесін жариялады. Қорытындыға қарағанда, облыста жалпы өңірлік өнім өсімі тіркелгенімен, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері әлі де тұрақты сипат ала қоймаған.
Ата заң • 08 Сәуір, 2026
Құқықтық мемлекет қағидаттарының арқауы
2026 жыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, мемлекеттің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын маңызды кезеңге айналды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі түбегейлі өзгерістер мен әлемдік ахуалды ескере отырып, стратегиялық бағдар ретінде мықты демократиялық институттары бар, құқық үстемдігі орныққан Әділетті мемлекет құруды нақтылады. Реформаның нәтижесі болып отырған жаңа Ата заңның басты мақсаты – заңды сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Инфляция • 08 Сәуір, 2026
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серик Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қазіргі жағдайы қаралды.
Туризм • 08 Сәуір, 2026
Туристік нысандардың дайындығы тексерілді
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді.
Саясат • 08 Сәуір, 2026
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында биылғы қаңтар–наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамды көрсеткіші қаралды.
Өндіріс • 08 Сәуір, 2026
Ағаш өндірісіндегі игі бастама
Үкімет Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасында Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу өндірісін салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Саясат • 08 Сәуір, 2026
Мемлекеттік билік тарихы туралы анықтамалық
Президент архивінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары» атты анықтамалық жарық көрді. Үш жылдан аса уақыт бойы дайындалған еңбекте елдің тәуелсіздік жылдарынан бастап бүгінгі институционалдық реформаларға дейінгі мемлекеттік басқару құрылымының эволюциясы қамтылған.
Саясат • 08 Сәуір, 2026
Көмір саласы кешенді дамуға бет алды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көмір энергетикасын дамыту мен көмір генерациясы жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру мәселесі қаралды.