Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026
Бір жыл ішінде 123 елді мекен табиғи газбен қамтылды
«Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жыл ішінде 123 елді мекенге газ тартылып, 76 мың абонент табиғи газға қосылған, деп жазады Egemen.kz.
Баға • 19 Қаңтар, 2026
Бір айда 53 мың мәміле жасалды: Тұрғын үй бағасы қай қалаларда қатты көтерілді?
«Керей, қайда барасың?» деп жырлаған Бұқар бабамыз тіріліп келсе, қымбатшылықтың қысымын көріп,«Баға, қайда барасың?» деп толғайтындай көрінеді. Кім білсін? Күннен-күнге кернеуі күшейген қымбатшылық халықтың қалтасына ауыр соғып отыр. Әсіресе, үй алу мәселесі күн тәртібінің басында тұр, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтай • 19 Қаңтар, 2026
Аида Балаева жас авторлардың шығармаларын насихаттауға қатысты жаңа бастама ұсынды
Қызылордада V Ұлттық құрылтай аясында «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының отырысы өтті. Отырыс жұмысына Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Талқылауға Парламент депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысы қалай өзгереді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және қарттарға арналған шағын сыйымдылықтағы үйлер мен күндізгі күтім бөлімшелері үшін жаңа стандарттарды әзірледі. Ведомство басшысының тиісті бұйрық жобасы туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Қаңтар, 2026
Тоғызқұмалақтан облыстық біріншілікте кімнің мерейі үстем болды?
Талғар ауданында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жеке чемпионаты өтті. Жарысқа 2012 жылы туған және одан үлкен жастағы шамамен 75 спортшы қатысып, өздері тұратын аудандардың намысын қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 19 Қаңтар, 2026
Қару асынғанға – қарыз жоқ: Сарбаздарға несие беруге неге тыйым салынбақ?
Елімізде мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген азаматтарға несие рәсімдеуге тыйым салынбақ. Тиісті қаулы жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Солтүстік Қазақстанда өртенген үйден баланың мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысын Ольшанка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапты. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Көкшетаулық жігіт сауда орталығынан 129 мың теңгенің киімін ұрлап кеткен
Көкшетау қаласындағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде «Armani» брендінің қымбат киімі қолды болды. Жедел басқару орталығының мамандары бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні бірнеше сағаттың ішінде анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Қаңтар, 2026
Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері беріле ме?
Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда Украина тақырыбы Дональд Трамптың Гренландияға қатысты талаптарына байланысты екінші орынға ысырылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Қаңтар, 2026
Қаңтар айындағы ҰБТ-дан қанша талапкер шеттетілді?
10 қаңтарында басталған ҰБТ-ға бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам түлек қатысты. Талапкерлердің – 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 36%-ы орыс тілінде және 52 адам ағылшын тілінде тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 19 Қаңтар, 2026
Air Astana әуе кемелерінде спутниктік интернет пайда болады
Еліміз цифрлық даму бағытында бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып келеді. Соның қатарында шалғай елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету, халықаралық деректер транзитін кеңейту, жоғары технологиялы өндірісті жолға қою мен киберқауіпсіздікті күшейту секілді стратегиялық бағыттар айқындалған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
ChatGPT әзірлеушісі банкрот алдында: OpenAI 40 млрд доллар шығынға батуы мүмкін
ChatGPT әзірлеушісі 2027 жылдың ортасына қарай табысын арттырмаса немесе жаңа инвестиция тартпаса, банкротқа ұшырауы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Қаңтар, 2026
«Dara» президенттік бастамалары қорына жаңа басшы тағайындалды
«Dara» Президенттік бастамалар қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Алия Адамбаева қордың президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 19 Қаңтар, 2026
Ертең «Қайрат» өз алаңында «Брюггені» қабылдайды
20 қаңтар күні «Астана Арена» стадионында алматылық «Қайрат» командасы Бельгияның «Брюгге» клубына қарсы матч өткізеді. Қонақ команда Астанаға ұшып келді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Теңіз кен орнында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
Теңіз кен орнында өрт шығуына байланысты электрмен жабдықтауда іркіліс болып, мұнай өндіру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Атырауда студент қызды шашынан сүйреген әйелдің әрекеті жұртты дүрліктірді
Атырау облысының Тасқала елді мекенінде №51 автобус ішінде балалы әйел студент қызға орын бермегені үшін қол жұмсап, шашынан сүйреген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 19 Қаңтар, 2026
Ет экспорты екі есе өседі: Үкімет мал шаруашылығына арналған ірі жоспарды бекітті
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралған жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 19 Қаңтар, 2026
Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды
1979 жылы туған ем алушыда мидың өлімі анықталғаннан кейін Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында ағза алмастыру отасы жасалды. Марқұмның туыстарының шешімінен кейін оның жүрегі мен екі бүйрегі, бауыры республикалық күту парағында тұрған балаға салынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2026
Алматыда Ұлан сарбаздары ант қабылдады
Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде 600-ден астам ұландық жас сарбаз әскери ант қабылдады. Әскери бөлім қатарына жаңадан қосылған сарбаздар ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026
Таразда жанжал жиі тіркелетін мейрамханалар анықталды
Жамбыл облыстық полиция департаменті Таразда жиі жанжал тіркелетін кафе-барлар мен мейрамханалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 19 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Конституциялық реформаның талқылана басталғанына жарты жыл болып қалды
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы конституциялық реформаны талқылау басталғалы бері жарты жылға жуық уақыт өткенін еске салды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 19 Қаңтар, 2026
Бүгін – Тәрбие құрылымдары офицерлерінің күні
Бүгін Қазақстанда тәрбиеші офицерлер күні атап өтіледі. Бұл – әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйіне, патриоттық санасына және әскери ұжымдағы қолайлы ахуалға жауапты мамандардың кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2026
Депутаттар азаматтардың саяси реформаға қызығушылық танытып отырғанын айтты
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысында Парламент Мәжілісіндегі «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев және «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» фракциясының басшысы Асхат Рахымжанов парламенттік реформа аясында жүзеге асырылатын конституциялық өзгерістердің ауқымды екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Реформа • 19 Қаңтар, 2026
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында заң шығару жүйесін жаңғыртуға бағытталған ұсыныстар мен қоғамнан түскен пікірлер талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2026
Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің мүшесі болуға шақырды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңестің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуға ұсыныс білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 19 Қаңтар, 2026
Ант беру рәсіміндегі тосынсый: Астанада сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады
Астанадағы 5573 әскери бөлімде өткен ант қабылдау рәсімі бұл жолы ерекше бір сәтімен көптің жадында қалды. Сап түзеген 700-ден астам сарбаз арасынан қатардағы жауынгер Алмас Абдрахов салтанатты жиында сүйіктісіне тосынсый жасады, деп жазады Egemen.kz.
Реформа • 19 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады. Жиында қоғам тарапынан түскен ұсыныстардың сипаты, оларды жинақтау және талдау барысы сөз болды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Мемлекет басшысы еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Жамбыл облысы полиция департаменті «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол ережесін 155 рет бұзған жүргізушіні қолға түсірді. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін жүйелі түрде бұзып келген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2026
Жұмыс тобы жаңа Парламентке қатысты мәселелердің барлық қырын қарастырды
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.