Соңғы жаңалықтар
Футбол • 20 Қаңтар, 2026
«Манчестер Сити» футбол командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов туралы пікірін білдіріп, футболшының соңғы айларда қарқынды өсіп келе жатқанын айтты. Каталондық маман жас қорғаушының тұрақты әрі сенімді ойынына риза екенін жасырмады, деп жазады Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 20 Қаңтар, 2026
Қытай 2030 жылға қарай термоядролық энергиядан алынған «алғашқы шамды» жағуды жоспарлап отыр.
Ауа райы • 20 Қаңтар, 2026
Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағы бойынша 20 қаңтар, сейсенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің солтүстігінде қар мен бұрқасын, батысы мен оңтүстігінде көктайғақ пен тұман болжанып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 20 Қаңтар, 2026
«Apple»-дің биометриялық жүйесін өзгертуге себепші болған қарапайым мектеп оқушысы.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өткен құрлық кубогінде күміс жүлдегер атанды. Алғашында олар Данияның «Хернинг Блю Фоксын» (6:2) ұтқанымен, Францияның «Анжесінен» (2:3) овертаймда жеңілді. Десек те осы төрт ұпай отандастарымызға өз тобында бірінші орын алуға жеткілікті болды. Ал финалда «Ноттингем Пантерзге» 2:4 есебімен ұтылды.
Жәдігер • 20 Қаңтар, 2026
Қарапайым оқырман Кетбұға жырау мен Кетбұқа (Хэтбуха) сұлтанды ажырата білмейді. Бір жағынан бұған сын жоқ. Өйткені шығыстанушы тарихшылар екі тарихи тұлға хақында жеке-жеке айырып, түсіндірме жасаған жоқ.
Теннис • 20 Қаңтар, 2026
Зарина ұтылды, қалғандары қатарда
Мельбурнде Аустралия ашық біріншілігінің шымылдығы түрілді. Жүлде қоры 74 900 000 долларды құраған дүбірлі додада әлемнің ең үздік теннисшілерімен қатар еліміздің бірнеше өкілі бақ сынайды.
Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Бестөбедегі шахтадан 35 жастағы азаматтың мәйіті табылды
Алдын ала мәліметтер бойынша, Стенпногор қаласының 35 жастағы тұрғыны шахтаға заңсыз жолмен кіріп, сол жерде қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Футзалдан еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері болып Какау (толық аты-жөні – Рикардо Камара Собрал) тағайындалды. Бұл жаңалықты жанкүйерлер жылы қабылдады.
Мәдениет • 20 Қаңтар, 2026
Фонограмманы заң шектей ала ма?
Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау салаларына өзгерістер енгізетін заңға қол қойғаны есімізде. Құжаттағы маңызды түзетулердің бірі концерттерде фонограмма қолдануға тыйым салуға арналды. Көпшілік көкейінде көптен жүрген тақырыптың түйінін тарқатқан бұл өзгеріс шынайы өнердің деңгейін өсіруге, кәсібилікті көтеруге бағытталып отыр.
Бокс • 20 Қаңтар, 2026
Жампоз жаттықтырушы – жаңа қызметте
Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжановтың аяқ асты қызметінен кетуі біраз дау туғызды. Бокс федерациясының (ҚБФ) өкілдері ол денсаулығына байланысты өз орнын босатты десе, майталман маманның отбасы мүшелері жоғарыдағы әңгімені жоққа шығарды.
Университет • 20 Қаңтар, 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы ашылды. «Aerial Solutions» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық аясында ашылған ғылыми-инновациялық орталықта отандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының моделін әзірлеу, оқу-өндірістік зертханалар мен сынақ полигонын құру, сондай-ақ дуалды білім мен сертификаттау бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Өнер • 20 Қаңтар, 2026
«Қыз Жібек» – «Астана Балет» сахнасында
Өткен жыл «Астана Балет» театрының шығармашылық бағыты айқындалып, ұжымның ұлттық әрі халықаралық сахнадағы беделі нығая түскенін көрсетті. Театр классикалық дәстүр мен заманауи ізденісті сәтті ұштастырып, көрерменге балет өнерінің кең тынысын, эстетикалық тереңдігін ұсынды. Осы табысты жол биыл да жалғасын тауып, жаңа премьера, ауқымды гастрольдік сапарлар һәм жарқын мәдени жобалармен толыға түспек.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
«Әлеуметтік әмиян» – әділеттілік, ашықтық айнасы
Елімізде азаматтардың әл-ауқатын нығайтып, ахуалын жақсарту мақсатында түрлі әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Мемлекеттік қолдау шаралары ашық, әрі тиімді жүргізілуге тиіс. Қазына қаражатын ебін тауып асап қалуға ұмтылатындардың жолын кесу мақсатында әлеуметтік көмек түрлеріне цифрландыру толыққанды енгізіліп жатыр. Соның ішінде «Әлеуметтік әмиянның» салмағы ауыр.
Білім • 20 Қаңтар, 2026
Өткен аптада Nazarbayev University-де «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: қазіргі жағдайы мен даму келешегі» атты форум өтті. Оны аталған жоғары оқу орны мен Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бірлесіп өткізді.
Инфрақұрылым • 20 Қаңтар, 2026
Жолды салу мен оның техникалық көрсеткіштері – мемлекеттің экономикалық жетістігі. Ал жолды күтіп-баптау – жол пайдаланушылардың сұранысы мен талабы. Ресми дерекке сүйенсек, жол апаттарының 97 пайызы жүргізушінің кінәсінен деп көрсетіледі. Ал жол жағдайлары мен техникалық ақаулардың үлесі 2,5 пен 3 пайыз шамасында көрінеді.
Білім • 20 Қаңтар, 2026
Халықаралық деңгейдегі жетістік
Кейінгі жылдары еліміздің жас ғалымдары әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми дәрежелер алып, отандық ғылымның абыройын арттырып келеді. Солардың бірі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде докторлық оқуын сәтті аяқтаған Бауыржан Қазиев. Ол жуырда Ұлыбританияда PhD Viva қорғауынан сүрінбей өтіп, білім саласы бойынша философия докторы (PhD in Education) ғылыми дәрежесін алды. Бұл – жеке жетістік қана емес, еліміздің білім саласының халықаралық деңгейде мойындалуы болмақ.
Экономика • 20 Қаңтар, 2026
Экономикалық өсім халықтың табысына қалай әсер етеді?
«Елімізде экономикалық өсім бар» деп жазып, айтып жатамыз. Жұртшылықтың көкейінде «бұл өсім халықтың табысына қалай әсер етеді?» деген ой туындауы мүмкін. Өткенде біз Президенттің аузынан «орташа табыс тұзағы» дегенді естідік. Яғни біз экономикалық өсімді қанша арттырсақ та «тұзақ» айналасынан шыға алмауымыз ықтимал. Ол үшін саланы әртараптандыру қажет.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Жетісу облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған оңалту жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді. Бүгінде бұл бағытта қызмет көрсететін 9 мекеме бар. Онда жыл сайын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі шамамен 800-дей бала оңалтудан өтеді. Алдағы уақытта жаңа нысандар салу көзделген. Өкінішке қарай, сауықтыруға мұқтаж бүлдіршіндердің де саны артып келеді.
Экономика • 20 Қаңтар, 2026
Тоқыма өндірісі тоқыраудан шыға бастады
Ілгеріде мақта өндірісін дамытуға қажетті деңгейде мән берілмеуі салдарынан өңдейтін өндіріс ошақтары қалыптаспағаны, «ақ алтын» өсіретін бірден-бір өңір – Түркістан облысындағы өзекті мәселелерді сараптап, газетімізге «Тоқыма өнеркәсібі тоқыраудан қашан шығады?» тақырыбында мақала жазған едік. Сол сараптамада зауыттардың дені тек мақта талшығын өңдеп сатумен ғана айналысатыны туралы жазылған болатын.
Пікір • 20 Қаңтар, 2026
Осы күндері ауылдық жерде ашылып жатқан мәдени ошақтар қатары аз емес. Енді сонда жұмыс істейтін азаматтар қызметіне, олардың мәртебесіне қатысты көптеген мәселеге назар аударғанымыз жөн.
Пікір • 20 Қаңтар, 2026
Ел тарихында Қызылорданың орны бөлек. Бір ғасыр бұрын ұлт атауын қайтарған қалада кеңес өкіметін қолдаған азаматтар мен Алаш қайраткерлері ымыраға келіп, еңбек етті. Ел дамуының негізін қалады.
Құрылтай • 20 Қаңтар, 2026
Құмарпаздар қатарын сиреткен құжат
Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалып кеткен жоқ. Осы кезге дейін өткен 4 отырыстың қорытындысына көз жүгіртсек, құрылтай бастамаларын іске асыру аясында 26 заң қабылданыпты.
Пікір • 20 Қаңтар, 2026
Түркі әлемінің аса көрнекті ойшылы Жүсіп Баласағұнның: «Билеушінің басты міндеті – әділет орнату, елге қорған болу, ақылмен шешім шығару», деген ұлағаты бүгінгі күнге жетті. Бұл сөздің мәні зор, мағынасы терең. Әділеттілік үшін айтуға тиіспіз, қазіргі кезеңде елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңарту үдерісі қарқынды жүргізіліп жатыр.
Пікір • 20 Қаңтар, 2026
Бизнесті қолдауды бір жүйеге келтірсек
Қазір бізде кәсібін дамытқысы келетін азаматтарға қолдау көп. Бірақ соны бір жүйеге түсірген жөн. Сонда ғана бизнестің ел экономикасындағы үлесі артады. Осы күні банктер ұсынып отырған мөлшерлемесі жоғары несие бизнестің адымын аштырмайды.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Алматыда «Сириус» мектебі ашылады
«Сириус» білім беру орталығымен ынтымақтастық аясында Алматыда I Таланттар саммиті өтті. Іс-шара барысында «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі ұйымдастырылды.
Пікір • 20 Қаңтар, 2026
Ғылым заманға бейімделуі керек
Осыған дейінгі Ұлттық құрылтайларда көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен іске асып келеді. Ендігі мәселе – ғылымды экономикаға бейімдеу. Бұл бағыттағы жұмыстарды саралағанда ғылыми тақырыптар экономика сұранысын емес, ғалымдар мүмкіндігіне қарай қалыптасатыны байқалады.
Медицина • 20 Қаңтар, 2026
Қымбат медицина қолжетімді бола түсті
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар игі іс-шара жүзеге асырылып жатыр. Соның ішіндегі ең маңыздысы – әлеуметтік осал топтағы азаматтарды сақтандырумен қамтуды күшейту, олардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыру.
Саясат • 20 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері талқыланды
Қызылордада V Ұлттық құрылтай аясында «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының отырысы өтті. Оның жұмысына Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Талқылауға Парламент депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.
Саясат • 20 Қаңтар, 2026
Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын жақсарту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қызылорда қаласында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері қатысты.