ер
Өндіріс • 12 Тамыз, 2025
Қазақстанда Sinotruk-пен бірлескен кәсіпорын құрылды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Sinotruk компаниясының Қазақстандағы Saran Machinery компаниясына қосылуы туралы келісімге қол қойылды. Осылайша коммерциялық және арнайы техника өндіретін бірлескен кәсіпорын құрылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Тамыз, 2025
Астаналық сәнқой әжелер Болгариядан жүлдемен оралды
Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қарасты «Kerbez_models» тобының әжелері Болгарияда өткен халықаралық байқаудан жүлдемен оралды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Тамыз, 2025
Каспий теңізінде 3,2 балдық жер сілкінісі болды
12 тамызда күндіз Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 12 Тамыз, 2025
Жыл соңына дейін студенттерге 29 жатақхана пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының студенттерді баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде биыл 10 439 орындық 29 жатақхананы (ЖОО студенттеріне 8 325 орындық 20 жатақхана, колледж студенттеріне 2 114 орындық 9 жатақхана) іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 12 Тамыз, 2025
12 тамыз – Халықаралық жастар күні
Бұл дата – қоғам мен экономиканы дамытудағы жас ұрпақтың рөлін айқындауға арналған күн. Мереке елімізде 2000 жылы, 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Жастар ісі жөніндегі дүниежүзілік министрлер конференциясының ұсынымдарын қолдап, осы күнді ресми жариялағаннан кейін бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
СҚО-да демалыс күндері 800 рет жол тәртібі бұзылған
Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша облыс аумағында 7 айдағы демалыс күндерінде ғана 800 рет жол тәртібі бұзылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 12 Тамыз, 2025
Қазталовта әскери-тактикалық оқу-жаттығу басталды
Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында 11 тамыз күні аумақтық әскери-тактикалық оқу-жаттығу жиыны басталды. Ол 20-тамызға дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 12 Тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді
«Барыс» ХК қақпашыларының дайындығына жауапты болып Константин Барулин тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Тамыз, 2025
Биылғы 7 айда жалпы ішкі өнім өсімі 6,3 пайыз болды
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға өскен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Астанада ескі пәтерлер құны өсіп жатыр
Астанада екінші нарықтағы тұрғын үй бағалары 2024 жылдың аяғынан бергі ең жоғары қарқынмен өсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Тамыз, 2025
Қанның қатерлі ісігін емдейтін озық орталық
Ұлттық ғылыми онкология орталығы гематологиялық аурулары бар науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсететін, халықаралық стандарттарға сай жетекші медициналық мекеме саналады. Онда диагностикадан бастап, жоғары дозалы химиотерапия мен сүйек кемігін трансплантациялаудың барлық түрлерін қамтитын медициналық көмектің толық циклі қамтылған.
Заң мен Тәртіп • 11 Тамыз, 2025
Перизат Қайраттың адвокаты апелляциялық сотқа шағым түсірді
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның қорғаушысы үкімге қарсы апелляциялық шағым түсіргенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 11 Тамыз, 2025
Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан бір адам көз жұмды. Құтқарушылар оның денесін қираған ғимараттың үйіндісінің астынан алып шыққан, деп жазады Egemen.kz жергілікті Hürriyet басылымына сілтеме жасап.
Білім • 11 Тамыз, 2025
Әкімдіктер талапкерлерге 2 мыңға жуық грант бөлді
Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі. 2025-2026 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Тамыз, 2025
Президент ұлттық мессенджерге көшуді ұсынды
Жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы деректерді басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ киберқауіпсіздікті күшейту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 11 Тамыз, 2025
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің есебіне сәйкес, елдің қарулы күштерінде бүгінде шамамен 450 мың әскери қызметші бар. Бұл – алты жыл бұрынғы көрсеткіштен 20%-ға аз. Құжатты жексенбі күні билеуші партия депутаты жариялаған. Билік өкілдері мұндай құлдыраудың басты себебін елдегі туу деңгейінің күрт төмендеуімен байланыстырады. Қазір Оңтүстік Кореяда бала туу көрсеткіші – бір әйелге 0,75 сәби. Бұл – әлемдегі ең төмен деңгей, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 11 Тамыз, 2025
Ақтау қаласында Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
10 тамыз – ұлы ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Ақтау қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Тамыз, 2025
Өткен аптада спорттың қай түрлерінен жүлде түсті
Сала министрлігі спортшылардың жетістіктері жөнінде апталық шолу-мағлұмат жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
2025 жылдың күзінде қазақстандықтар неше күн демалады
2025 жылы стандартты кесте (5/2) бойынша жұмыс істейтіндер Конституция күніне орай үш күн демалады. Әдетте 30 тамызда аталып өтетін мереке сенбіге түседі, сондықтан «Мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбі – 1 қыркүйекке ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Биыл 28 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған
Мемлекеттік еңбек инспекторлары биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республиканың 239 кәсіпорны 3,5 мыңнан астам жұмыскерге 1,3 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін және түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 4 мыңнан астам фактісін анықтаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Су үнемдеудің жаңа тетіктері әзірленді
Мемлекет басшысының жыл сайын 150 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларды заманауи суару жүйелеріне көшуге ынталандыру тетіктерін әзірледі. Сала министрлігі фермерлерге су үнемдеу технологияларын сатып алу-орнату бойынша және инфрақұрылым тарту кезінде ұңғыма бұрғылауға жұмсалған шығындардың өтемақы мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Абай – қазақ ұлтының ар-ожданы, сөз өнерінің шыңы
Қызылорда облысының әкімі ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, қазақ халқының рухани шамшырағы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай жерлестерін құттықтады.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Ақтөбеліктер Абайдың шығармашылығына саяхат жасады
Таңертеңнен бастап Ақтөбеде ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының есімімен аталған бульварда «Абай күні» әдеби фестивалі өтті.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Талдықорғанда Абайдың 180 жылдығына арналған мерекелік шара өтті
Бүгін Талдықорған қаласында Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті АҚШ Президенті Дональд Трамптың белсенді әрі тиімді атсалысуымен Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы тарихи декларацияға қол қойылуымен құттықтады.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Орал жұрты хакімнің өлеңдерін оқыды
Бүгін ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Орал қаласында оның ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Көкшетауда Абайдың 180 жылдығы кең ауқымда аталып өтті
Көкшетау жағалауы бүгін саз, поэзия, өнер мен қолөнер тоғысқан ерекше мерекелік алаңға айналды. Ақмола облысында ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Алматы облысында Абайдың 180 жылдық мерейтойы аталып өтті
Алматы облысында ұлт ұстазы Хәкім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында өңірдің 119 мәдениет үйі мен 144 кітапханасы, 15 музейінде жыл басынан бері 30 мыңға жуық адамның қатысуымен 146-ға тарта кездесу, концерт, көрме және әдеби акциялар ұйымдастырылды.
Парламент • 10 Тамыз, 2025
Абай облысында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтой барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Қарағандыда Абайдың 180 жылдығына орай 300-ге жуық іс-шара өтті
Қарағанды облысында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.