Соңғы жаңалықтар
Мәдениет • 15 Қаңтар, 2026
Түркі әлемі: Аналардың тілегі бір
Биыл Ақтау қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған соң, онда түркі елдерін байланыстыратын іс-шаралар көптеп өткізіле бастады. Солардың бірі – 15-16 мамырда Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдері өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің «Ана. Қоғам. Болашақ» атты халықаралық форумы. Аталған жиында көтерілген мәселелерді саралай сөйлегенде Сабри Альптекин түркі халықтарының тамыры бір, мәдениеті ортақ, тілі ұқсас екенін айта келіп, бізді әлі де жақындастыра түсетін жобалардың керек екенін, соның ішінде, қоғамдық негізде халықаралық аналар ұйымы құрылуының маңызын атап өтті.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Діни басқарма жанынан Ислам қаржысы секторы ашылады
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Қарағандыда жүргізуші көлігінен ақбөкеннің өлексесі табылды
Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы FIS президенті Йохан Элиашты «Достық» орденімен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 15 Қаңтар, 2026
«Каспий» мен «Жетісудың» бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамс қайтыс болды
Мәскеу түбіндегі Звенигород қаласында кезінде еліміздің бірнеше футбол клубында атой салған ресейлік қорғаушы Лайонел Адамстың мәйіті табылды. Құзырлы органдар қайғылы жағдайдың мән-жайын жіті тексеріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Қаңтар, 2026
Қазақстан дипломымен қай елдерде жұмыс істеуге болады?
Бүгін Сенат отырысында ЮНЕСКО қамқорлығымен қабылданған Жоғары білімдегі біліктіліктерді тану туралы Азия – Тынық мұхиты аймақтық конвенциясы (Токио конвенциясы) ратификацияланды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 15 Қаңтар, 2026
Ұлттық ұлан сарбазы 7 тілді жетік меңгерген
Тараз қаласындағы Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Бахтиярхан Тұрсынходжаев 7 тілді меңгерген. Қала ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде ол азаматтармен қазақ, өзбек, әзербайжан, орыс, түрік, ағылшын және француз тілдерінде еркін тіл табысады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2026
Күніне 150 жалған пациент: Елордалық клиника басшысы қор қаржысын қалай жымқырған?
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен екі жекеменшік клиниканың басшысына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Күдікті медициналық қызмет алмаған адамдарды жүйеге жалған тіркеу арқылы ірі көлемде мемлекет қаржысын иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2026
Қарағандыда автобуста қалта ұрлығын жасаған күдікті ұсталды
Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте жасалған қалта ұрлығы дерегі бойынша күдіктіні қолға түсірді. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде қылмысқа қатысы бар азамат қысқа уақыт ішінде анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
Жапония мен Оңтүстік Корея көшбасшылары барабанда бірге ойнады
Әлеуметтік желіде Жапония мен Оңтүстік Корея көшбасшыларының барабанда ойнап отырған видеосы тарады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Ұландықтар суық қару ұстаған тұрғынды қолға түсірді
ІІМ Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қонаев қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында суық қару алып жүрген азаматты анықтап, ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
«Қазгидромет» РМК Алматыда 15-інен 16 қаңтарға қараған түні жауатын қар 17 қаңтар кешкі уақытқа дейін жалғасатынан хабарлап отыр. Осыған байланысты қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен тұрғын үй инспекциясы коммуналдық қызметтің күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
НАТО-ға мүше үш ел Гренландияға әскер жібереді
АҚШ-тың Арктикадағы аралға қатысты мәлімдемелері аясында Германия, Швеция және Норвегияның әскери қызметкерлері 15-17 қаңтар аралығында барлау миссиясы шеңберінде Гренландияға барады. Жұмыстың мақсаты – аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын зерделеу. Бұл туралы Берлиндегі ресми өкілдер хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2026
Атырауда FlyArystan ұшағы жолақтан шығып кетті: 166 жолаушы эвакуацияланды
Оқиға 2026 жылдың 14 қаңтарында болған. Алматы – Атырау бағыты бойынша FS7202 рейсін орындаған әуе кемесі қонғаннан кейін және ұшу-қону жолағын босатқан соң тұраққа қарай бет алған. Осы сәтте ұшақ төмен жылдамдықпен рульдеу жолағынан тыс жерге шығып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2026
Астанада аялдаманы қиратқан ер адам қамауға алынды
Елордада кез келген вандализм және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне қарсы жүйелі күрес жүріп жатыр. Кезекті вандалды полиция қызметкерлері анықтап, жауапқа тартты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Зейнетақы жинағы есебінен емделу мүмкіндігі қашан қайта беріледі?
Ел тұрғындары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражатты емделуге пайдалану мүмкіндігіне жарты жылдан кейін ғана қайта қол жеткізе алады. «Отбасы банк» басқарма төрағасы зейнетақы қорынан қаражат алуға уақытша тыйым салу туралы шешімді егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Қаңтар, 2026
9 жылда 138 жаңа мектеп: Астананың білім кеңістігі қалай өзгереді?
Астанада білім беру инфрақұрылымын дамыту жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
Иран президенті мемлекеттік органдарды халық мәселесін шешуге шақырды
Иран президенті Масуд Пезешкиан министрлер кабинетінің отырысын өткізіп, елді сыртқы қысымнан қорғау үшін азаматтардың талап-тілегін орындауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Қаңтар, 2026
Алдағы күндері бірқатар өңірде 40 градусқа дейін аяз болады
Республика бойынша антициклон ықпалына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2026
Ресейдегі зауыттан екі Қазақстан азаматының мәйіті табылды
Ресей аумағындағы металлургия комбинатында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Қаңтар, 2026
Бүгін «Turkistan» газетінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты мақаласы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
Иран әуе кеңістігі жабылды: Air Astana рейстерінің маршруты өзгерді
Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстердің маршруты өзгеретінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 15 Қаңтар, 2026
Елордада бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды
Бүгін Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар онлайн режимде оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Астанадан шығатын жолдар жабылды: Қатты аязға байланысты қозғалысқа шектеу қойылды
Елордада ауа райының күрт суытуына байланысты қоғамдық және дизельді көліктерге қала сыртына шығуына тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 15 Қаңтар, 2026
«OpenAI» денсаулыққа қатысты ChatGPT Health атты жаңа қызметтің мүмкіндігін таныстырды.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
АҚШ иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатты: Қазақстан тізімге енді
АҚШ иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатқан елдердің қатарына Қазақстан да енді. Мұндай мемлекеттердің жалпы саны 75 елді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 15 Қаңтар, 2026
Берлинде артық өнім ысырап болмасын деген ниетте 4 миллион килограмм картопты тұрғындарға тегін үлестіру бастамасы көте-рілді. Былайша айтқанда, бұл – шамамен 800 ересек пілдің салмағына тең өлшем.
Ең қысқа әңгіме • 15 Қаңтар, 2026
Терезеге телміре қарап тұрып, қоп-қою кофесін ұрттады. Күрделі операциядан шыққан Олжастың ойы сан сақта. Жаңа ғана жанын аман алып қалған науқас осыдан жиырма жыл бұрын ба екен, бала Олжасты тау қуысындағы қыстақта тастап кеткені бар.
Басылым • 15 Қаңтар, 2026
Анкара университеті әлеуметтік ғылымдар институтының докторанты Наргиз Бекеннің «Қазақстан медиасындағы әйел болмысы» монографиясы түрік тілінде жарық көрді.
Таным • 15 Қаңтар, 2026
Бір кездері цирк десе, көз алдымызға тордағы аңдар мен ұзақ жол азабын көрген жануарлар елестейтін. Бүгінде Германиядағы «Circus -Theater Roncalli» бұл түсінікті түбегейлі өзгертіп отыр. Мұнда цирк бар, бірақ жануарлар жоқ.