Нис
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
Иран президенті мемлекеттік органдарды халық мәселесін шешуге шақырды
Иран президенті Масуд Пезешкиан министрлер кабинетінің отырысын өткізіп, елді сыртқы қысымнан қорғау үшін азаматтардың талап-тілегін орындауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Шаруалар Үкіметтің сәбіз эскпортына қатысты шешіміне наразылық білдірді
2025 жылдың 25 желтоқсанында Ауыл шаруашылығы министрлігі транзитті қоспағанда елімізден барлық көлік түрімен сәбізді шетке, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге тасымалдауға 3 айға тыйым салу шешімі туралы жариялаған еді. Бұл бастама шаруалар тарапынан наразылыққа ұшырады. Фермерлер мен кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселені бүгін Мәжіліс отырысында депутат Темір Қырықбаев көтеріп, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 11 Қаңтар, 2026
Қазақстанда амнистия аясында 2 мыңнан астам адам бостандыққа шықты
Елімізде Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 2 мыңнан астам адам босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2026
Анар Бурашева әлемнің ең биік 7 шыңын бағындырған қазақ альпинисі атанды
Қазақстан альпинисі Анар Бурашева әлемнің барлық құрлығындағы ең биік жеті шыңды бағындырып, Seven Summits («Жеті шың») бағдарламасын орындаған Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел атанды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Қаңтар, 2026
17 жастағы қазақ теннисшісі әлемдік рейтингте жоғарылады
2026 жылғы алғашқы юниорлық «Үлкен дулыға» турнирі − Australian Open басталар алдында Қазақстан теннисшісі Заңғар Нұрланұлы ITF юниорлар рейтингінде 12-орынға көтерілді. Бұл туралы ITF баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Қаңтар, 2026
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теннис • 06 Қаңтар, 2026
Ел теннисшілерінің әлемдік рейтингі жаңартылды
Теннисшілердің жаңартылған әлемдік рейтингінде Қазақстанның өкілдері арасында ең үздік нәтиже Елена Рыбакинаға тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Қаңтар, 2026
Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жетті
Қазақстан теннисшісі Аружан Сағандықова Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен ITF санатындағы жұптық турнирдің жеңімпазы атанды. Ол бұл жарыста ресейлік Мария Головинамен бірге өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Қаңтар, 2026
Елена Рыбакинаның WTA 500 турниріндегі қарсыластары белгілі болды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Австралияның Брисбен қаласында өтетін WTA 500 санатындағы турнирде үшінші нөмірлі болып тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Желтоқсан, 2025
LRT құрылысына бюджеттен 300 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды
Астанадағы LRT құрылысының қарқыны биыл рекордтық көрсеткішке жетті. 2025 жылы бұл жобаға республикалық бюджеттен жоспарланған қаражаттың 99,2 пайызы игерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 29 Желтоқсан, 2025
Елдегі кәсіпкерлер салыққа бола шетелге көшіп жатыр ма? Қаржы министрі жауап берді
Қаржы министрі Мәди Тәкиев жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты Қазақстан кәсіпкерлерінің өзге елдерге жаппай қоныс аударып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Желтоқсан, 2025
Елена Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №5) Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан World Tennis Continental Cup көрме турнирінде швейцариялық Белинда Бенчичті (№11) жеңді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Желтоқсан, 2025
Ресейде азаматтығын ауыстырған теннисшіге жаза қолданылды
Ресей теннис федерациясы (РТФ) Элина Аванесянға қатысты істің нәтижесі бойынша Ұлттық спорттық арбитраж орталығының (ҰСАО) шешімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2025
Елена Рыбакина Швентектен ұтылды
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еуропа құрамасына қарсы ойнап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
2025 жылы Қазақстан спортшылары қандай жетістіктерге қол жеткізді?
2025 жылы елімізде 135 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде Түркістандағы ескек есу арнасы және Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы бар. Ал Астанадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысы жалғасып жатыр. Осы және басқа да мәліметтерді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жылды қорытындылау барысында мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Ақорда Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Оқушыға мамандық таңдауға көмектесетін бот пайда болды
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің педагогы оқушының болашақ мамандығын таңдауына көмектесетін бот әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Жапония Премьер-министрінің офисінде Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті
Жапония Премьер-министрінің офисінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 18 Желтоқсан, 2025
Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық меморандумын жасады
Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Құжат медиа қауымдастық пен мемлекеттік сектор арасындағы орнықты серіктестікті қалыптастыруға, сондай-ақ әскери тақырыпты кәсіби әрі жауапты түрде жариялауды дамытуға бағытталған. Меморандумға Бас редакторлар клубының президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай және Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Бурамбаев қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Желтоқсан, 2025
Дәріханалардағы кезек: дәрі-дәрмек неге тез таусылып жатыр?
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, маусымдық кезеңдерде дәрілік заттарға сұраныс күрт өседі. Бұл әсіресе, тұмау, ЖРВИ және басқа да маусымдық аурулар өршитін уақытта халықтың алдын алу және өзін өзі емдеу мақсатында дәріні көп көлемде сатып алуымен байланысты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 12%-ға артқан
Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов биылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Ерлан Ақкенженов: Мұнай өндіру көлемі жылына 12 млн тоннаға артты
2025 жылғы Үкімет қызметінің қорытындыларын шығару шеңберінде Astana Hub алаңында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен кездесу өткізді
Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Елдегі балабақша кезегі екі есе қысқарды
Президент тапсырмасымен өңірлерде балабақшаларды іске қосу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітілген, оның шеңберінде 2027 жылға дейін 300 мың орын пайдалануға берілуі тиіс. Ал 2-6 жас аралығындағылардың балабақшамен қамтылу көрсеткіші 2025 жылы 95,9%-ға дейін жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Министр: Қазақстан үшін КТК-ға балама бағыт жоқ
Каспий құбыр консорциумына (КТК) жасалған шабуылдардан кейін Қазақстан тағы да таныс дилеммамен бетпе-бет келді. Негізгі экспорттық магистраль істен шыққан жағдайда мұнайды қай бағытқа жөнелтуге болатыны мәселе тудырып отыр. Бұл ретте басқа бағыттар мұнай тасымалының қажетті көлемін қамтамасыз ете алмайтыны белгілі. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов КТК-ға толыққанды балама жоқ екенін, ал өзге бағыттар тек жүктің белгілі бір бөлігін ғана тасымалдай алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
«Қазақша жақсы баяндадыңыз, осылай үйрену керек»: Үкімет басшысы вице-министрді мақтады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкинді қазақ тілінде баяндама жасағаны үшін мақтап, оң бағасын берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
Қазақстан теннисшісі Сауд Арабиясында топ жарды
WTT Youth Contender үстел теннисі турнирі Сауд Арабиясындағы Даммам қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Вице-министр: Әуе билеттерін толық қайтару – бағаны шарықтатады
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында әуе билеттерін толық қайтарған жағдайда, билет бағасы қымбаттап кетуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Бас шаһардан Бурабайға шағын ұшақтар ұшуы мүмкін
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, бұған дейін Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың Астана-Бурабай әуе қатынасын ашу мүмкіндігі туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді. Әңгіме шағын әуе кемелері жөнінде болды, деп жазады Egemen.kz.