Қостанай
Аймақтар • 13 Сәуір, 2024
Қостанай облысы Оралға техника жіберді
Қостанай облысы Орал қаласына көмек көрсету үшін жиырма шақты арнайы техника жіберді.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2024
Қостанай облысының малы суға кеткен тұрғындары ақшалай төлем ала бастады
Су тасқыны салдарынан болған шығындарды есептейтін арнайы комиссия бүгінге дейін 901 бас малдың өлгенін растаған. 214 бастың өтемақысы мал иелерінің есепшотына аударылған. Мал шығынына қатысты төлемдер заң аясында, табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты залалды өтеу ережелеріне сәйкес іске асырылып жатыр.
Үкімет • 12 Сәуір, 2024
Арқалықта тасқыннан зардап шеккендердің үй алуына 405 млн теңге бөлінді
Үкімет қаулысымен тасқын салдарынан зардап шеккен Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласы тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді. Қаржыландыру Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы комиссияның бағалауына сәйкес Арқалық қаласында үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2024
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 166 млн теңге төленді
Зардап шеккен халықты әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен бастап жүргізілді. Бүгінгі күні бір реттік төлемге 1345 өтініш түсіп, оның 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді. Өтініштер мен төлемдерді қабылдау жұмыстары жалғасады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Мемлекеттік қызметші тасқыннан зардап шеккен торғайлықтарға көмектесті
Су тасқынынан зардап шеккен халыққа елдің белсенді азаматтары да көмектесіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысы мен Қостанай қаласына Қырғызстаннан гуманитарлық көмек жетті
ТЖМ вице-министрі Серік Төленбергенов бастаған ведомство өкілдері Қырғыз елінен келген гуманитарлық көмекті күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Қостанай-Тобыл тас жолын құм-қапшықтар қоршап тұр (видео)
«Қостанай-Тобыл» тас жолының бойына төселген құм-қапшықтар көлік жүргізушілерінің назарын аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Б.Майлин ауданында тұрғындар үйлеріне оралып жатыр
Бейімбет Майлин ауданындағы Әйет өзенінде су деңгейі төмендей бастады. Осыған байланысты аталған ауданға қарасты Әйет және Николаев ауылдарынан эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралып жатыр.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Қостанайдан Тобыл қаласына шығатын екі көпір жабылды
Қостанайдан Тобыл қаласына қарай шығатын үш көпірдің екеуі жабылды.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Қостанайда 5 мектеп қашықтан оқытуға көшті
8-9 сәуір аралығында Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының мектептері қашықтан оқыту режіміне ауысады. Қазір аталған елді мекендердегі колледждердің жартысы онлайн, жартысы офлайн жұмыс істеп жатыр.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Қостанайда бірнеше бизнес нысаны су астында қалды
Қостанай мен Тобыл қаласын байланыстыратын үш көпірдің екеуі жабық. Тәуелсіздік көшесінен Қостанай ауданына шығатын ортаңғы көпір ғана ашық тұр.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Қаратомардан су жіберу секундына 3300 текше метрге дейін ұлғайды
Бүгін сағат 20.30-да Қаратомардан секундына 3300 текше метр су жіберіле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Қостанай ауданында мыңнан астам адам эвакуацияланды
Қостанай ауданында 1043 адам эвакуацияланды. Эвакуациялық пункттерге 80 адам орналастырылған. Төсек тартып жатқан 3 науқас адам аудандық ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Рудныйда 163 адам эвакуацияланды
Рудный қаласының Речной, Южный көшелерінен және қалаға қарасты Перцев ауылынан 163 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғындардың көбі қауіптің беті қайтқанша туыс-туғандарының үйін паналай тұруды жөн көрген. 5 адам эвакуация пунктіне орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Арынов Қостанай облысына келді
Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Арынов Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапардың басты мақсаты – облыстағы су тасқыны жағдайын тұрақтандыру жұмыстарын үйлестіру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Қостанайда төтенше жағдай жарияланды
Бүгін Қостанай қаласының әкімдігі жергілікті маңызға ие табиғи сипаттағы төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
Торғай өңіріндегі 6 ауылда ұялы байланыс қызметі іске қосылды
Қостанай облысының су тасқынынан зардап шеккен аудандарында ұялы байланыс қызметі мен интернет байланысы қайта қалпына келтіріле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
Қостанай облысында алдын ала эвакуациялау шаралары жүріп жатыр
Облыстық жедел штабтың ресми мәліметі бойынша Денисов ауданы Денисов ауылынан 110 адам, Қарабалық ауданының Святослав ауылынан 10 адам эвакуацияланған. Б.Майлин ауданының Николаев, Әйет елді мекендерінде шеткі көшелердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Ұлттық құрылтай мүшелері де халыққа жанашырлық танытты
Ұлттық құрылтай мүшесі Серік Бектұрғанов Қостанай облысындағы Тобыл өзенінің жанында орналасқан аудан тұрғындарымен кездесті. Қазір бұл өңірде елуден астам ерікті жұмыс істеп жатыр. Халыққа жанашырлық танытқан ерікті студенттер екінші күн қатарынан жеке үйлердің қақпасы мен іргетасы алдына құм дорбаларын тасып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
Қостанай облысында полицейлер 90-нан астам адамды эвакуациялады
Қостанай облысының полицейлері құтқарушыларға Қарасу ауданындағы Қарамырза кентінің тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
Қарамырза ауылынан 108 адам эвакуацияланды
Кеше Қарасу өзені көтеріле бастаған соң, қауіптің алдын алу үшін Қарамырза ауылының 108 тұрғыны алдын ала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Қостанай облысында 21 автокөлік жолын су шайып кеткен
Қостанай облысында су басқан елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялауға полиция қызметкерлері де белсене атсалысып жатыр. Полицияның құтқару жасақтарының іс-қимылы облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллиннің тікелей басшылығымен іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2024
Қостанайда ит-мысықтарды аулауға 125,6 млн теңге бөлінді
Жануарларды аулау, зарарсыздандыру, вакцинациялау, босату жүйесі бойынша мемлекеттік сатып алулар сәуір айының соңы – мамырдың басында толығымен аяқталуы тиіс. Бұл туралы 2 сәуірде Қостанай облысының ветеринария басқармасының биологиялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Талғат Шамшадин мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды
2 сәуірде Премьер-министрдің орынбасары – Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Атап айтқанда, төтенше жағдай жарияланған Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы жағдаймен танысты.
Оқиға • 02 Сәуір, 2024
Целинныйда жоғалған малшы іздестіріліп жатыр
Арқалық қаласына қарасты Целинный ауылында 29 наурыз күні Терісаққан өзенінен өтпек болған 53 жастағы бақташы әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
Су басқан аймақтардан 1400-ден астам адам көшуден бас тартқан
Қостанай облысында табиғи апатпен күрес жалғасып жатыр. Оңтүстік облыстардағы су тасқыны кезінде 1012 адам, оның ішінде 300 бала және 487 адам әуе маршымен құтқарылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2024
Жангелдин ауданын Арқалықпен байланыстыратын жалғыз жолды су басып қалды
Жангелдин ауданын Қостанай, Арқалықпен байланыстыратын жалғыз жолды тасқын су басып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2024
Қостанай облысының су басқан аудандарында балаларды оқыту қалай ұйымдастырылады?
Қостанай облысының оңтүстік аудандарындағы су тасқыны жағдайы әлі де күрделі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Қостанай облысының 12 ауданына қауіп төніп тұр
Қостанай облысының 12 ауданына су тасқынынан қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Қостанай облысының 26 ауылында электр жүйесі қалпына келтірілді
Оңтүстік өңірлерде су тасқыны салдарын жою жөніндегі облыстық жедел штабтың жұмысы жалғасып, барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Облыс әкімі мен жұмыс комиссиясы тәулік бойы жергілікті жерлерде жағдайды бақылап, барлық жұмылдырылған құрылымдардың іс-қимылын үйлестіріп отыр.