
Фото: Жоғарғы Сот
Аталған оқиғаға 2024 жылдың желтоқсанында болған. Бүгін, 2 сәуірде, сот айыпталушы әйелдерге қатысты үкім шығарды. Әрқайсысына бір жыл шектеу шарасы тағайындалды және шығынды өтеуге міндеттелген.
«Сот ҚК 108-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жаза ретінде бір жыл шектеу шарасын тағайындап, пробациялық бақылауды белгіледі», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, сот айыпталушылардан зардап шеккен фельдшер Анель Баймурзинаға моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге өтемақы төлеуді, 1 миллион 200 мың теңге адвокаттық шығындарды, 79 640 теңге сот орындаушының қызметін, 29 029 теңге көлік шығындарын өтеп беруді міндеттеген. Жалпы сома 2 миллион 108 мың 640 теңгені құрайды, сондай-ақ 14 933 теңге мемлекеттік бажды төлеуді міндеттеді.
Үкім оқылған кезде айыпталушылар үнемі сөзге араласып, айтылғандарға қатысты өз пікірлерін білдірген. Судья бірнеше рет кінәлі әйелдерден тынышталуды және тәртіпке келуді сұраған. Сотталушылар шығарылған үкіммен келіспеген.