Ай
Ауа райы • 12 Наурыз, 2026
Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, қар жауады
«Қазгидромет» 12 наурыз күні елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылатынын болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Наурыз, 2026
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Президенттің өкімімен Алмаз Джумакеев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 11 Наурыз, 2026
Елімізде сайғақ мүйізі аукцион арқылы сатылымға шығарылады
Қазақстанда 20 тоннадан астам сайғақ мүйіздері жиналды, оларды аукцион арқылы сату жоспарланып отыр. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша қазіргі уақытта мүйіздер Алматыда арнайы салқындатқыш қоймаларда сақтаулы, температура мен ылғалдылық реттелген. Әр мүйізге жеке нөмір берілген және олар жүйеде бақыланады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Айдос Сарым: Мемлекет басшысы – жаңа Ата заңның негізгі авторы
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру» атты сараптамалық алаңда сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Қытай алдағы 15 жылда қалай өзгереді?
Бейжіңде Қытайдың 15 жылдық даму жоспарының соңғы нұсқасы талқыланып жатыр. Негізгі мақсат – 2030 жылға қарай әлемдік «өндіріс фабрикасын» жаһандық инновация орталығына айналдыру. Құжатта озық өндірісті тірек еткен заманауи индустриялық жүйе қалыптастыру және ғылыми-технологиялық дербестікті күшейту басым бағыт ретінде белгіленген. Жоспар Қытайдың Ұлттық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессиясына ұсынылды. Геосаяси шиеленістер күшейген кезеңде бұл бағдарлама ұзақ мерзімді экономикалық өсімге деген сенімді нығайтуға бағытталған стратегиялық құжат ретінде бағаланып отыр. Бұл туралы english.news.cn сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 11 Наурыз, 2026
Логистика, бұл – жаңа мұнай: Елімізде қойма тапшылығы күрт күшейді
Еуразия аймағында қойма инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Электронды сауданың кеңеюі, логистикалық тізбектердің қайта құрылуы және цифрландыру қойма жалдау мен логистикаға негізделген бизнестің құрылымын өзгертті. Қазақстанда да бұл салаға сұраныс өсіп, инвестициялық белсенділік күшейіп отыр. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) сарапшыларының болжамынша, жаңа жобалар іске асырылса, қойма инфрақұрылымы алдағы жылдары екі есеге дейін ұлғаюы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
8 наурыз күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Иран Ислам Республикасының президенті телефон арқылы сөйлескен. Нәтижесінде Әзербайжан тарабы Иранға гуманитарлық көмек жөнелткен, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Наурыз, 2026
Астанада екінші ауысым оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Ауа температурасының төмендеуіне байланысты Астана қаласының білім басқармасы екінші ауысым оқушылары да қашықтан оқитынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Наурыз, 2026
Қар, жаңбыр, жел: Елімізде ауа райы құбылмалы болады
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Air Astana наурыздың соңына дейін Dubai бағытындағы рейстерін тоқтатты
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Air Astana әуе компаниясы 11-31 наурыз аралығында Алматыдан Дубайға және Астанадан Дубайға тұрақты рейстерді тоқтататынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Наурыз, 2026
Михаил Шайдоров халықаралық сыйлыққа үміткерлер тізіміне енді
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) өз қарамағындағы спорт түрлерінен жыл үздіктерін анықтауды жалғастырып жатыр. Кезек мәнерлеп сырғанауға жетті. Алдағы 8 күн ішінде жанкүйерлер «Үздік костюм», «Үздік жарқын бағдарлама», «Үздік хореограф», «Үздік бапкер» номинациясындағы үміткерлерге дауыс бере алады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Референдум кезінде 54 елде сайлау учаскесі жұмыс істейді
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты 10 елдегі 11 сайлау учаскесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2026
Қостанайда төленбеген 102 айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Қостанай облысының Қарабалық кентіндегі «Рубеж» бақылау бекетінде патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік тіркеудегі Lada Granta автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Грузиядан 7 жастағы қыз елге қайтарылды
Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жастағы Қазақстан азаматы қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Астана әуежайында рейстер кестесі өзгерді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында кейбір рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Наурыз, 2026
Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі
Аталған 2 қала бойынша 32 егжей-тегжейлі 32 жоспарлау жобасы әзірленіп отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Үкімет отырысында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Наурыз, 2026
Ақтүтек боран: Полиция жүргізушілерге алыс жолға шықпауды ескертті
Қарағанды облысында ақтүтек боран басталды. Салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше автожолда барлық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 10 Наурыз, 2026
Назым Қызайбай әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді
Қазақстан әйелдер боксы құрамасының капитаны Назым Қызайбай әлемдегі ең үздік әйел боксшылардың pound-for-pound (P4P) рейтингі бойынша алғашқы ондыққа енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Наурыз, 2026
«Бір литр де мұнай шықпайды»: Иран Ормұз бұғазын толық бақылауға алды
Иран Қарулы күштері Ормұз бұғазындағы жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын және қарсыластарына мұнай экспорттауға жол бермейтінін жеткізді. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) өкілі Сардар Наини мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2026
Өтемдік тариф: Қарағандыда коммуналдық қызмет бағасы 2027 жылға дейін төмендетілді
Қарағанды облысының тұрғындарына коммуналдық қызметтер үшін 3,1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылады. Аталған қаржыны табиғи монополия субъектілері тариф арқылы жинағанымен, жоспарланған жұмыстар мен шығындарға толық пайдаланылмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Наурыз, 2026
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» еліміздің барлық аймағында 10 наурыз күні ауа райының күрт нашарлауына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Наурыз, 2026
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Наурыз, 2026
Елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» синоптиктері 9 наурыз, дүйсенбі күні барлық өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Елдің бірқатар аймағында қар мен боран, көктайғақ, жаңбыр мен найзағай, сондай-ақ екпінді жел күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2026
Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе мен Қостанай облыстарының республикалық маңызы бар тасжолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2026
Вейптерді заңсыз сатқан семейлік тұрғын 2 жылға сотталды
Абай облысында электрондық тұтыну жүйелерін (вейп) заңсыз өткізген азаматқа қатысты сот үкімі жарияланды. Семей қаласының тұрғыны никотин құрамды өнімдерді әлеуметтік желі арқылы сатып, айналымға шығарғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 06 Наурыз, 2026
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
«Казгидромет» мамандары Қазақстан аумағында 6 наурызда ауа райының тұрақсыз болатынын ескертті. Солтүстік-батыс циклондарының әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 06 Наурыз, 2026
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2026 жылғы 6 наурыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша еліміздегі маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Наурыз, 2026
Әзербайжан Иранмен арадағы жүк тасымалын уақытша тоқтатты
Әзербайжан үкіметі Иранмен шекарада жүк көліктерінің, соның ішінде транзиттік тасымалдың қозғалысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы елдің Министрлер кабинеті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Наурыз, 2026
Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды
ҚазАвтоЖол компаниясының хабарлауынша, республикалық маңызы бар кейбір тасжол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 05 Наурыз, 2026
Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады
Қостанайда «Аймақтың экономикалық дамуы: салалараралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сала басшылары, кәсіпкерлер, қаржы мекемелерінің өкілдері және облыстық мәслихат депутаттары бас қосқан жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа Конституция жобасы талқыланды. Алқалы кеңеске өңір басшысы Құмар Ақсақалов, облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Есжанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының директоры Ренат Дәулетбаев «Еуразия банк» филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршина қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.