и
Әдебиет • 06 Қараша, 2025
Қазақ жазушысы Қытайдың ең беделді әдеби сыйлығын жеңіп алды
Қытайдың Үрімжі қаласында тұратын қытайтілді қазақ жазушысы Анар Зинуарбекқызы Бин Синь атындағы мемлекеттік әдеби сыйлықтың иегері атанды. Бұл туралы Тяньшань ақпараттық агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 06 Қараша, 2025
Венчурлық капитал стартаптар мен инновацияның дамуына қаншалықты серпін береді?
Қазақстан табиғи ресурстарға тәуелділіктен арылып, инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту бағытына бет алды. Осы өзгерістердің өзегінде жылдам дамып келе жатқан капитал нарығы мен венчурлық экожүйе тұр. Солардың ішінде ерекше серпін беріп отырған — Tumar Venture Fund.
Энергетика • 06 Қараша, 2025
Қалдықтан энергия алудың мүмкіндігі қандай?
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd» ЖШС және «East Hope» ЖШС қалдықтарды энергияға айналдыра отырып кәдеге жарату зауыттарын салу бойынша Астана және Шымкент қалаларында инвестициялық келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Қараша, 2025
30 жылда тұңғыш рет: Қазақстан Арменияға астық жөнелтті
Ұлттық астық операторы 30 жыл ішінде алғаш рет Армения Республикасына бидай жеткізді. Бұл Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің келісімдерінің арқасында, Әзербайжан аумағы арқылы транзитті қайта жандандырудың нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 06 Қараша, 2025
Инвестициялау: қалай бастауға және жиі ұрынатын қателіктерді қалай айналып өтуге болады?
Бүгінде әр азамат өз болашағын қамтамасыз етудің жаңа жолдарын іздейді. Кейбірі жинақ шоттарын ашса, енді бірі қосымша табыс көздерін қарастырады. Осы тұрғыда инвестициялау – қаражатты көбейтудің заманауи әрі сенімді тәсіліне айналып келеді. Бұл ақшаңызды әр түрлі қаржы құралдарына орналастыру арқылы капиталды арттырудың тиімді әдісі. Яғни қаражат енді сіз үшін жұмыс істей бастайды. Алайда бастапқы қадамда жиі кездесетін қателіктерден сақтанып, нарықтың қауіп-қатерлерін білу маңызды. Осы орайда Fingramota.kz сайтына сүйеніп, инвестициялаудың қыр-сырына үңіліп көрдік, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Қараша, 2025
Қазақстанда 2050 жылы жел мен күннен алынатын энергия үлесі қаншаға жетеді?
Бішкек қаласында Орталық Азия елдерінің әйел-көшбасшылары, сарапшылары және мемлекеттік органдарының өкілдерін біріктірген «Су ресурстары мен энергетика саласындағы әйелдер» атты өңірлік диалог өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Инватаксидің игілігі: Енді Яндекс Go арқылы шақыруға болады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жыл басынан бастап Астана, Алматы қалаларында аталған қызмет 401,9 мың рет көрсетілді. (Естеріңізге салайық, 2024 жыл қортыныдысы бойынша аталған қызмет 207,2 мың рет көрсетілген), деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 06 Қараша, 2025
Ауыл мен қала мектебі бірдей болады: Жаңа министр қандай өзгеріс жасамақ?
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Жамбыл облысына барған жұмыс сапарында бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, педагогикалық ұжымдармен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 06 Қараша, 2025
Қазақстан экономиканы өсіру үшін қандай бағыттарға басымдық береді?
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев 2025 жылғы 5 қарашада Лондонда өткен Kazakhstan Capital Markets Day 2025 халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Қараша, 2025
Филиппинде «Калмаеги» тайфунынан қаза тапқандар саны өсіп жатыр
Филиппинде табиғи апат салдарынан кемінде 140 адам қаза тауып, тағы 127 адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Egemen.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Қараша, 2025
Құлсарыда балалы әйелді көлік қағып кеткен
Оқиға 5 қарашада кешкі уақытта Атырау облысына қарасты Құлсары қаласындағы Махамбет даңғылы мен Сырым Датов көшесі қиылысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Биыл мүгедектікті белгілеу бойынша сырттай форматта қанша өтінім қаралды?
2025 жылдың басынан бері мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінен 89,5 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 06 Қараша, 2025
Италиялық БАҚ: «Қайрат» командасы «Интерді» әбігерге салды
Италияның әйгілі Gazzetta.it порталы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші турында өткен миландық «Интер» мен алматылық «Қайрат» арасындағы (2:1) матчқа шолу жасады. Басылым жазғандай, Алматы «алыс ғаламшардағы кішкентай нүкте» болса да, қазақстандық клуб Миланға оңай олжа болмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та оқитын қазақ студенттерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 06 Қараша, 2025
«Интер» өз алаңында «Қайратты» минималды есеппен жеңді
Милан қаласында өткен матчта «Интер» мен алматылық «Қайрат» командалары кездесіп, есеп 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Өнер • 05 Қараша, 2025
Қазақстандық актер Джеки Чанмен бірге киноға түседі
Белгілі қазақстандық актер Рүстем Омаров әлемге әйгілі Джеки Чанның Алматыда түсірілетін халықаралық жобасына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 05 Қараша, 2025
Қазақстандағы 10 ЖОО Азияның ең үздік университеттері рейтингіне енді
2025 жылғы 4 қарашада QS Quacquarelli Symonds жоғары білім беру саласындағы халықаралық талдау агенттігі QS Asia University Rankings 2026 – Азияның ең үздік университеттері рейтингінің 2026 жылғы тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Қараша, 2025
80 жастағы қазақстандық спортшы Нью-Йорк марафонын бағындырды
Марафонға әлемнің түкпір-түкпірінен барлығы 55 мыңнан астам, ал Қазақстаннан 44 спортшы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Қараша, 2025
Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ертең елдің бүкіл аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Филиппин Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев «Калмаэги» тайфунының салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Филиппин Президенті Фердинанд Маркосқа көңіл айтты.
Спорт • 05 Қараша, 2025
Аңсар Ниетқалиев үш турнирде топ жарды
14 жасар қазақ теннисшісі Аңсар Ниетқалиев жасөспірімдер арасындағы үш бірдей ITF Juniors турнирінде топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Қараша, 2025
Елена Рыбакина жартылай финалға шықты
Теннистен Сауд Арабиясының астанасы - Эр-Риядта өтіп жатқан WTA-ның қорытынды турнирінде Елена Рыбакина табысты өнер көрсетуде, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 05 Қараша, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ ынтымақтастықты нығайтады
«Astana Media Week 2025» медиа апталығы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Ән • 05 Қараша, 2025
8 қараша күні ерекше музыкалық кешке келіңіз
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Иоганн Штраус II 200 жылдығына орай музыкалық кеш өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 05 Қараша, 2025
Алимент төлемеген соң түрмеге отырды
Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын бақылауға алып, нақты шаралар қабылдап жатыр. Нәтижесінде бірнеше борышкерге қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 05 Қараша, 2025
Ғалымжан Қойшыбаев Дохада әлем көшбасшыларымен кездесті
Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған қазақстандық делегация Қатар Мемлекетінің астанасы Доха қаласында өткен Әлеуметтік даму жөніндегі екінші дүниежүзілік саммитке қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 05 Қараша, 2025
Әбілқасымова: Бейтаныс адамға аударылған ақшаны қайтару функциясы барлық банкте болуы тиіс
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова банктердің мобильді қосымшаларында қате немесе белгісіз тұлғадан келген аударымды кері қайтару мүмкіндігі енгізілуі қажет екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қараша, 2025
«ҮРКЕР» – 2025 Ұлттық сыйлығының номинанттары анықталды
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2025 Ұлттық сыйлығының номинанттары белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қараша, 2025
Депутат клиенттердің ағымдағы шотындағы сомаға пайыз есептеуді ұсынды
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) банктерге клиенттердің ағымдағы шоттарындағы қаражатқа пайыздық сыйақы есептеуге рұқсат беруді ұсынды. Оның айтуынша, клиенттердің ағымдағы шоттарына пайыз есептеуге салынған тыйымды алып тастаған абзал, деп жазады Egemen.kz.