Ел
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Еліміздегі 59 вокзалға күрделі жөндеу жүргізіледі
Көлік министрі Марат Қарабаев ел аумағындағы 59 теміржол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу қажет екенін мәлімдеді. Осы мақсатқа жыл соңында бюджеттен қаржы бөлінеді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 15 Ақпан, 2024
Киелі орындар мемлекет қарауында болуы тиіс - сенатор
Еліміздегі киелі жерлер шырақшылардың күн көріс көзіне, бақсы-балгерлердің ордасына айналған. Сенатор Дархан Қыдырәлі Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтеріп, рухани ескерткіштерді қорғауға айрықша көңіл бөлу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 15 Ақпан, 2024
Дархан Қыдырәлі: Ұлтымыздың тарихи, киелі орындарын сақтау қажет
Қазақстанда ұлттың рухани бағдарына айналған және халыққа қорған болған көптеген киелі орындар бар. Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған сенатор Дархан Қыдырәлі осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Ақпан, 2024
Қазақстанда бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы енгізіледі
Энергетика министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстанда бензин мен дизельді сату бойынша шекті баға қою жөніндегі бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Жетісу облысында алғашқы үшем дүниеге келді
Талдықорған қаласының 28 жастағы тұрғыны үшем дүниеге әкелді. Бұл – Жетісу облысы жаңадан құрылғаннан бері өмірге келген алғашқы үшем. Сәбилеріне Зейнеп, Зейін, Зейнұр деген есім берген Дүмбергеновтердің тұңғышы қазір 10 жаста. Сөйтіп жас отбасы көпбалалы атанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 15 Ақпан, 2024
Қатармен келісімге қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар еліне мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қатар арасында ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойылды, деп жазады Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Ақпан, 2024
Президент Қатар Әмірімен келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 14 Ақпан, 2024
Елордада екінші ауысым оқушылары онлайн оқиды
Ауа райы қолайсыздығының себебінен бүгін Астана қаласында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2024
Ел аумағының 45 пайызына жуығы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатады
Әзірленіп жатқан Құрылыс кодексінде «Сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс ерекшеліктері» атты жаңа тарау қарастырылған. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде құрылыс кодексі жобасының тұсаукесері барысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Ақпан, 2024
Астанада алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
«ITTF fa20 Astana para open 2024» халықаралық турниріне 19 елден 150-дей пара спортшы қатысады. Аталған байрақты бәсеке наурыз айының 1-3 күндері аралығында «add Table Tennis Center Astana» үстел теннисі орталығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2024
Белкөлде мектеп оқушысы қайтыс болды
Кеше Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қалаға қарасты Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге бір оқушының мәйіті жеткізілгендігін, оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатқанын хабарлаған еді.
Елорда • 13 Ақпан, 2024
Астанада жауған қар мөлшері айлық нормадан асып түсті
«Қазгидромет» синоптиктерінің ақпараты бойынша, елордада 1-12 ақпан аралығында 22 мм-ден астам қар түсті, бұл айлық нормадан 5 мм-ге артық, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Ақпан, 2024
Президент Анар Жайылғанованың жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Нұралықызы Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Финляндияның жаңа президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2024
TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне 8 мыңға жуық Қазақстан педагогі қатысады
Ақпанның 12-сі мен наурыздың 20-сы аралығында 50-ден астам елдің қатысуымен TALIS-2024 төртінші циклі өтеді. Оған Қазақстанның 378 мектебінің 8000-ға жуық мұғалімдері мен директорлары қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Ғылым • 11 Ақпан, 2024
1901-2023 жылдар аралығында 965 адам мен 27 ұйым Нобель сыйлығын иеленіпті. Сол лауреаттардың тек 65-і ғана, яғни 6 пайыздан сәл көбі – әйел. Осы және өзге де мәселелерге орай БҰҰ 2015 жылы 11 ақпанды Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні ретінде бекітті. Бұл қадам ғылым, білім және өзге де салаларда әйелдердің жетістікке ерлермен тең жетуін қамтамасыз етуге шақыруды көздейді.
Қоғам • 11 Ақпан, 2024
Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды
10 ақпан күні Ақмола облысы Щучинск қаласында ер адам жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ибрахим Раиси мен ирандықтарды төл мерекесі – Ислам революциясы күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Ақпан, 2024
Жер сілкінісі әлі тоқтамаған ба? Дүмпулерді Риддер тұрғындары сезді
10 ақпанда сағат 14:24-те эпицентрі Ресей Федерациясында орналасқан жер сілкінісі тіркелді. Ол Қазақстанның шығыс аумағында да сезілді, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Құтқарушы • 10 Ақпан, 2024
8 құтқарушы 18 шақырым жаяу жүріп, кейуанаға көмекке келді
Ақтөбе облысына қарасты Мұғалжар ауданының әкімшілік орталығы саналатын Қандыағаш қаласынан 8 құтқарушы 18 шақырым қашықта орналасқан Басшили ауылына дейін жаяу жүріп, кейуанаға көмекке келген, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Ақпан, 2024
Қарлы боран қашан басылады? Синоптиктер жауап берді
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күн, дәлірек айтқанда 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Ақпан, 2024
Париж-2024 жолдамасына таласатын Қазақстан боксшылары белгілі болды
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияда өтетін әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 09 Ақпан, 2024
Құсбегіліктен ел біріншілігі басталды, оған Айшолпан Нұрғайыпқызы қатысады
Құсбегіліктен ересектер арасында Өскемен қаласында 8 ақпанда басталған XVII Қазақстан чемпионаты 12 ақпанға дейін созылмақ, оған ителгі, бүркіт, қаршыға құстары қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 09 Ақпан, 2024
Ақмарал Әлназарова омбылап қар кешкен ақтөбелік фельдшерлерге алғыс айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Ақпан, 2024
Ертең боран басыла ма? Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Ақпан, 2024
«Су құбыры жарылған». Алматыдағы лай көшкінінің себебі белгілі болды
Бүгін Алматы қаласы, Медеу ауданы Тау-Самалы шағынауданыдағы 2 үйді лай көшкіні басты. Оқиға салдарынан 1 отбасының 4 мүшесі көз жұмды. «Қазселденқорғау» мекемесі техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2024
Боранды жел, қалың қар. 12 облыста республикалық маңызы бар 61 жол жабылды
8 ақпандағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан аумағында республикалық маңызы бар автожолдардың 61-інде қозғалыстың барлық түріне шектеу енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Ақпан, 2024
Шетелдегі қазақ балалары Қазақстанда білім алады – Жанар Байсеміз
Бұл туралы Жанар Байсеміз өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2024
Астанада велотректен ел чемпионаты басталды
Елордадағы «Сарыарқа» велотрек кешенінде Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.