Парламент • 29 Мамыр, 2024

Мәжіліс Қазақстан - Қытай Транскаспий көлік бағыты келісімін мақұлдады

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағыты туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс Қазақстан - Қытай Транскаспий көлік бағыты келісімін мақұлдады

Фото: Александр Жабчук

Бұл келісім екі ел аумағы арқылы контейнерлік пойыздар үшін экспорттық және импорттық тасымалдауды арттыру бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған.

Келісімді жүзеге асыру нәтижесінде Қытай Транскаспий халықаралық көлік бағытының мұнай құбыры мен порт инфрақұрылымы жобаларын қаржыландыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы жүктерді транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруға жәрдемдесетін болады.

«Транскаспий халықаралық көлік бағытының Азиядан Еуропаға тікелей жүк жеткізу мүмкіндігі зор. Бүгінде бұл жол арқылы мұнай, мұнай өнімдері, металдар, астық, химиялық заттар, сода және басқа да тауарлар экспортталады. Ал импортта тұтыну тауарлары, азық-түлік, темір рудалары, қара металдар, химиялық заттар, мұнай өнімдері басым», делінген Мәжіліс хабарламасында.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің бағалауы бойынша, инвестициялық жобаларды іске асыру және Транскаспий халықаралық көлік бағытымен үздіксіз байланысты қамтамасыз ету шаралары арқылы контейнерлік тасымалдау көлемі 2040 жылға қарай контейнерлер 470 мыңға дейін, ал жалпы Орталық Азия елдерін есепке алғанда 800 мыңға дейін ұлғайтылады.

Ерлан КИІКБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті