ай
Ауа райы • 12 Қаңтар, 2026
Қар, жаңбыр және көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы белгілі болды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2026
Қостанай облысында 28 адам жылыту пунктіне эвакуацияланды
Қостанай облысының Лисаковск қаласынан 11 шақырым жерде құтқарушылар республикалық маңызы бар «Қостанай − Қарабұтақ» автожолында қиын жағдайға тап болған рейстік автобустың жолаушыларына көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қаңтар, 2026
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады
Белгілі спортшы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде еліміздің бокс федерациясы мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Қаңтар, 2026
11 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады
Қазақстанға батыс циклоны жақындап келеді. «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, жексенбі, 11 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлап, жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 10 Қаңтар, 2026
Әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтаманы онлайн алуға болады
«Smart военкомат» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov порталында жаңа функцияны іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Қаңтар, 2026
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері ауысты
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұржан Насанов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қаңтар, 2026
«Қайрат» Чемпиондар лигасы матчы алдында ойсырай жеңілді
БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайраты» Әбу-Дабиде Әзербайжанның «Нефтчиімен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 10 Қаңтар, 2026
Алматы хайуанаттар бағы тұрғындарды шыршаларға екінші өмір сыйлауға шақырды
Қаңтар айының соңында жаңа жылдық шыршалар қоқысқа шығарылады. Лақтырылған шыршалар бойынша нақты цифрлар жоқ, бірақ Алматыда 2026 жылғы 18 қаңтарға дейін хайуанаттар паркі үшін (жануарлар мен ортаны байытуға арналған) тірі шыршалар жиналып жатыр және қала тұрғындарын оларды лақтырудың орнына тапсыруға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қаңтар, 2026
Ресей әуежайларында қарлы боран салдарынан рейстер жаппай кешігіп жатыр
Ресейдің бірқатар ірі әуежайларында қалың қардың салдарынан әуе қатынасы қиындап, рейстер жаппай кешіктіріліп және тоқтатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Тағайындау • 09 Қаңтар, 2026
Оңал Бекиев Атырау облыстық полиция департаментін басқарады
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облыстық олиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2026
Базадағы қателік: Абай облысында жетім баланы баспанасыз қалдырды
Басқа базаға көшіру кезінде деректер жоғалып, жетім бала қарапайым қателіктің салдарынан баспанасыз қалған. Шенеуніктердің әрекетін сот заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Астанада бала еміне деп ақша жинаған алаяқ ерлі-зайыптыға үкім шықты
Екеуі де кінәлі деп танылды. Астанада ауыр дертке шалдыққан баланы емдеуге ақша жинау сылтауымен алаяқтық жасағаны үшін айыпталған Даулет пен Толқын Тотақановтарға қатысты сот үкімі шығарылды. Тергеу нұсқасына сәйкес, жиналған қайырымдылық қаражаты мақсатсыз жұмсалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
АҚШ Венесуэла мұнайынан 4 млрд доллар пайда тапты
АҚШ Венесуэла мұнайын сату арқылы бір күнде 4 миллиард доллар табыс тапты. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да өсе береді. Бұл туралы Fox News телеарнасына берген сұхбатында Дональд Трамп мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Бибігүл Жексенбай: Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіледі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай елордадағы Еңбек мобильділігі орталығы ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында сенатор орталықтың елдегі еңбек нарығын дамытудағы, азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Мемлекет тарапынан әрбір азаматтың өз әлеуетін толық іске асыруына, лайықты жұмыс табуына және тұрақты табысқа қол жеткізуіне қажетті жағдайлар жасалып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
Венесуэладағы және Ирандағы болып жатқан жағдайларға байланысты мұнай бағасы екінші күн қатарынан қымбаттап, үшінші апта қатарынан өсім көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
«ҚазМұнайГаз»: Шымкент мұнай өңдеу зауытынан отын ұрланған жоқ
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Шымкент мұнай өңдеу зауытынан заңсыз отын жөнелтілгені туралы БАҚ-та тараған ақпаратты теріске шығарды. Аталған компанияның ЖШС «ПКОП»-қа қатысы жоқтығы және зауыт аумағынан тыс орналасқаны мәлімделді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 09 Қаңтар, 2026
Әуезов театрындағы қайта жаңғырту жұмыстары тоқтап қалды ма?
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтап тұрғаны туралы хабарлар тарап жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2026
«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды
20 қаңтар күні елорданың Астана Арена стадионында алматылық Қайрат бельгиялық Брюгге командасымен УЕФА Чемпиондар лигасы аясында ойнайды. Аталған матчқа билеттер сатылымы басталғанын Freedom Ticketon сервисі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Қаңтар, 2026
Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 9 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 9 қаңтарда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Қаңтар, 2026
Спорттық мансабын аяқтаған Бекзат Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды
Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов спорттық мансабын аяқтап, басшылық қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 08 Қаңтар, 2026
ІІМ: Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді
Ішкі істер министрлігі Шымкентте мұнай өңдеу зауытының аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Түнгі уақытта бақылаусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынды
Қысқы каникул күндерінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген рейдтер барысында Ақтөбе облысында түнгі уақытта бақылаусыз жүрген 191 жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізілді. Соның ішінде бірнеше қайтара тәртіп бұзған 27 кәмелетке толмаған жастың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 08 Қаңтар, 2026
Трамптың немересі өз шындығын айтты
АҚШ президентінің он сегіз жастағы немересі Кай Трамп Полдың 76 млн жазылушысы бар мега-инфлюенсер Логан Impaulsive подкастында жеке өмірі мен күзетшілеріне байланысты кездесетін қиындықтары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2026
Михаил Кукушкин ширек финалға шықты
Ұлыбританияның Ноттингем қаласында теннистен «Челенджер» санатындағы турнир өтіп жатыр. Сол жарыста Михаил Кукушкин де күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды
Ақмола облысы прокуратурасы қабылдаған шаралар арқылы құны 82 млн теңгені құрайтын жер телімі мемлекетке қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 08 Қаңтар, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлыққа оқталған 895 адамды ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы атқарылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерін жариялады. Былтыр комитет қызметкерлері 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кескен, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 08 Қаңтар, 2026
Қайтарылған активтер: СҚО-дағы аурухананы жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлінді
Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Үкімет медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде елге қайтарылған активтер есебінен жүзеге асып жатқан жобалар да бар. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасын күрделі жөндеуді аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өшпес даңқ • 08 Қаңтар, 2026
Әскерилер майдангерді қос мерекемен құттықтады
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Павел Васильевич Даценко 7 қаңтарда 101 жасқа толды. Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері майдангердің үйіне арнайы барып, туған күні және Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Қаңтар, 2026
Венесуэла мұнайының қоры 300 млрд баррель екені рас па?
JPMorgan деректеріне сәйкес, ОПЕК Венесуэланың мұнай қорын шамамен 300 млрд баррель деп бағалайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Халыққа қызмет көрсету орталықтары біртіндеп жойылады: қызмет онлайнға көшеді
Негізгі басымдық – азаматтардың мемлекеттік қызметті өз бетінше, онлайн алуына жағдай жасау. Бұл өзгеріс асықпай жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.