Амал мерекесі
Мереке • 15 Наурыз, 2025
Қасиетті Ордабасыда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауымы Амал мерекесін атап өтті
Бүгін үш жүздің басын қосқан киелі Ордабасы ауданында 14 наурыз – Амал мерекесіне орай зиялы қауым өкілдері, ел ағалары мен ардақты аналары бас қосып, дәстүрлі мерекені ерекше сән-салтанатпен атап өтті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 14 Наурыз, 2025
Амал - бірлікті бекемдейтін мереке
Қазақтың кең даласына көктемнің алғашқы лебі есіп, табиғат қайта оянғанда, ел ішінде ерекше мейрам тойланады. Бұл – Амал мерекесі. Оны халқымыз ықылым заманнан бері қасиетті дәстүр ретінде қастерлеп келеді. Себебі Амал – табиғат ғана емес, адам жаны да жаңарып, жүректердің тоғысып, бауырмалдықтың бекемделетін күні.
Мереке • 22 Наурыз, 2024
Наурыз - тарихтан тамыр тартқан мереке
Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, адамзат атаулының айрықша күтетін ұлық мейрамы бар, ол – Наурыз. Көктеммен бірге өміріне де шуақ, шапағат кіреді деп сенген халқымыз Наурыз мерекесін «Ұлыстың ұлы күні», «Әз Наурыз» деп айрықша әспеттеген. Сондықтан болса керек, қазақта Наурыз бір күн емес, тұтас ай бойы тойланады. 14 наурыз – Амал, Көрісу күнінен басталған мейірім мейрамы айдың соңына дейін жалғасады. Әр сәтіне мағына сыйдырған көшпелі халықтың көнеден жеткен төл мерекесінің тұтас ұлттың ұстынын айқындаудағы мәні де, маңызы да зор.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
"Көрісу деген күн жоқ, амал - ай атауы": Этнограф амал мерекесінің мәнін түсіндірді
Көктем - қазақ үшін ежелден құт-берекенің, мерекенің бастауы. Ал оның төл басында көрісу мерекесі тұр. Кейінгі жылдары бұл мереке тек батыс өңірінде емес, мемлекет деңгейінде ерекше мәртебеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 14 Наурыз, 2024
Зейнеткерлер Амал мерекесін атап өтті
Сарыарқа ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Амал» мерекесі атап өтіліп, орталықтың қызмет алушы зейнеткерлері Наурыз айының басталуын көрісуден бастады. Ақсақалдар келушілерге бата беріп, ақжарма тілек арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Наурыз, 2024
Амал мерекесінде ел аумағында қандай ауа райы болады?
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 14 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2024
40-тан астам киіз үй тігіледі: Маңғыстауда биылғы Амал мерекесі қалай өтеді?
Маңғыстауда Амал мерекесіне орай 40-тан астам киіз үй тігіліп, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2023
Амал мерекесі ұлтымыздың ырысын арттыруға үлес қосады - М.Әшімбаев
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Амал мерекесіне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Наурыз, 2023
Президент Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 14 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Наурыз, 2022
Ертең елімізде Көрісу күні - Амал мерекесі
Ертең 14 наурыз елімізде Наурыз мейрамының басы Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2021
Сотталғандар Амал мерекесін атап өтті
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесіндегі шаруашылық жұмыстары үшін қалдырылған сотталғандар арасында Амал мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Е.Сузақбаев құттықтау сөзімен басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2021
Батыс Қазақстанда көрісу күні аталып өтті
Батыс Қазақстан облысында 14 наурыз – дәстүрлі көрісу күні кең көлемде аталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.