Аң
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:42
Шымкентте заңсыз миграциямен айналысқан топ ұсталды
Шымкентте заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Күдіктілер ақшалай сыйлықақы үшін мигранттарды тыйым салынған әрекеттер негізінде заңдастырған, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 10 Сәуір, 2026
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдар алдында сөйлеген сөзінде қоғамда заң үстемдігі мен тәртіп мәдениетін түбегейлі орнықтыру қажеттігін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Президент Конституцияны әзірлеуге үлес қосқан ғалымдарға ризашылығын білдірді
Президент Ата заңымыздың преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Сәуір, 2026
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Алматы қаласындағы Дүйсенов көшесінде орналасқан «Эмиль» кафесіне заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылып жатыр деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2026
Қазақстандағы жаңа үйлердің орташа құны қанша?
Қазақстанда 2026 жылдың наурыз айында бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға салыстырмалы түрде тұрақты сақталды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел бойынша орташа өсім ақпан айымен салыстырғанда бар болғаны 1% болды. Ал жыл басынан бергі үш айдағы өсім +3.7% деңгейінде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2026
Айыппұл туралы жалған хабарлама: Алаяқтар алдаудың жаңа түріне көшті
Қазіргі уақытта Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі белсенді таралып жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға және күмәнді хабарламаларға иланбауға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 09 Сәуір, 2026
«Адал азамат»: Мектеп оқушыларына жаңа Конституцияның нормалары түсіндірілді
Мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде 11-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты бір мезгілде еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2026
Психикалық саулық – тұрмыстық қызмет емес: Аймағамбетов саланың реттелмегенін сынға алды
Көшеде самса сататын адамға санитарлық кітапша қажет, ал адамның жан дүниесімен жұмыс істейтін мамандарға талап болмауы – қоғамдағы өзекті мәселе. Аталған олқылықты мәселені көтерген депутат Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа заң жобасына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2026
Қазақстанда бала құқығын қорғау комиссияларының қызметі қайта жүйеленді
Қазақстанда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың қызметі жаңа ережелерге сәйкес қайта жүйеленді. Жаңартылған тәртіп қазірдің өзінде өңірлерде қолданысқа енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Депутат қаңғыбас иттерден құтылудың жолын ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин қаңғыбас жануарлардың саны артып жатқанын және қолданыстағы реттеу жүйесі нәтижелі болмағанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 08 Сәуір, 2026
Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді
Қазақстанда осы күзде жасанды интеллектке негізделген кино өндірісіне арналған жаңа халықаралық жоба – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) өтеді. Бұл – AI технологиялары арқылы жасалған фильмдерге арналған алғашқы ірі фестивальдердің бірі, ол креативті индустрияның жаңа бағытын айқындауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 08 Сәуір, 2026
Қазақстанда иесіз жануарларды тегін вакцинациялау тоқтатылады
Мәжіліс «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады. Құжат осы саладағы заңнаманы жетілдіруге, азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және жануарларға ізгілікпен қарауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Сәуір, 2026
Жаңбыр, тұман, найзағай: Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 8 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктер болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Күдікті тергеу изоляторына қамалды
Алматы қалалық Полиция департаменті Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасына қатысты күдікке ілінген Zeekr автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына қамалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 06 Сәуір, 2026
Ақтауда 40 келі қызыл балықты заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды
Ақтауда табиғи ресурстарды қорғау бағытындағы шаралар барысында қызыл балықтың заңсыз тасымалданғаны анықталды. Құқық бұзушылықты полиция қызметкерлері жедел іс-қимыл нәтижесінде әшкереледі, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Сәуір, 2026
АҚШ-та Ақ үй маңында атыс болды
АҚШ-тың Құпия қызметі Ақ үй маңында болған атыс оқиғасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды
Зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне негізделуі мүмкін. Сенатор Амангелді Нұғманов жасқа байланысты емес, еңбек өтіліне негізделген зейнетақы жүйесіне кезең-кезеңімен көшуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл қадам елдегі әлеуметтік саясатты жаңғыртып, еңбекке ынталандыруды күшейтеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Сәуір, 2026
Қытайдың Шыңжаң өңірінде 5,1 балдық жер сілкінісі болды
2 сәуір күні Астана уақытымен сағат 12:39-да Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Нұрай Серікбайдың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктіге сот-психиатриялық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Сараптама қорытындысы шыққан соң іс сотқа жолданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2026
Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Qazaq Oil-R437» жанармай құю бекетінің аумағында жазатайым оқиға болды. Жанармай құю бекетінде металл бөшке жарылып, жалдамалы жұмысшы әртүрлі дәрежеде күйік алған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2026
Елімізде құпия мәліметтердің қауіпсіздігіне бақылау күшейеді
Қазақстанда мемлекеттік құпияларды сақтауға қатысты жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 31 Наурыз, 2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
Республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция бойынша елімізде тұрғын үйге қол сұғылмаушылық кепілдігі күшейтілді. Бұдан былай тұрғын үйден шығару тек сот шешімі бойынша ғана жол беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Наурыз, 2026
Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды
Бас прокуратура азаматтарды, әсіресе онлайн кеңістікте, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Қадағалаушы органның мәлімдеуінше, әлеуметтік желілер мен өзге де ақпараттық алаңдарда таралатын кейбір мәлімдемелер қоғамдық тұрақтылыққа кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2026
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді
Биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кеңесте мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Наурыз, 2026
Көші-қон заңнамасын бұзған 121 шетелдік елден шығарылды
Қоғамдық тәртіпті сақтау және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында республика аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 7 мыңнан астам шетел азаматтары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 27 Наурыз, 2026
Көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік ел аумағынан шығарылды
Алматы қаласында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шықты. 4 күнге созылған кешенді шара барысында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бағытында ауқымды тексерулер жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2026
Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: Дипфейк видеолар мен жалған сауалнамаларға сенбеңіз
Желідегі дипфейк видеоларда Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерінің бейнесін пайдаланып «жәбірленуші инвестордың» жалған оқиғасы баяндалған видео тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 27 Наурыз, 2026
Алатау қаласы жаңа мәртебеге ие болды
Парламент Мәжілісі «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады, бұл еліміздің урбанизация және инвестициялық саясатында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Алатау қаласы – дербес басқару мен Smart City моделі бойынша жаңа мәртебеге ие болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Наурыз, 2026
164 млн теңге шығын: Алматыда жүк көліктерін заңсыз тіркеген ХҚКО-ның қызметкерлері сотталды
Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты. Алматы қаласы прокуратурасының мәлімдеуінше, олар жүк көліктерін жалған құжаттар арқылы заңсыз тіркеп, мемлекетке ірі көлемде шығын келтірген, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 26 Наурыз, 2026
Қазақстанда жаңа шетелдік банк пайда болады
Қазақстанда «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» еншілес банкі ашылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Abu Dhabi Commercial Bank PJSC-ке елімізде еншілес банк құруға рұқсат берді. Бұл қадам Мемлекет басшысының банк секторында бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.