Депутат сауалы
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Елдегі су тасқыны іште жатқан біраз кемшіліктерімізді ашып жатыр - Еділ Жаңбыршин
Баспасөз беттерінде жарияланған деректерге қарағанда, Атыраудан Ақтауға ұшақпен жеткісі келген жолаушылар бір билет үшін 170 780 теңге төлеуге мәжбүр болды. Ал Атыраудан Алматыға дейінгі билет бағасы 675 мың теңгеге дейін көтерілген. Алматы, Астана қалаларынан осы өңірлерге қатынайтын әуе рейстерінің де бағасы шарықтап кеткен. Жол қатынасы бағасының күрт қымбаттауы және әуе, темір жол көліктерінің аздығы тасқын су басқан облыстардан басқа өңірлерге кетуге қиындық туғызып отыр. Осындай өзекті мәселелерді қозғаған Еділ Жаңбыршин Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Депутат: Тоқыма-тігін саласы аяғына нық тұра алмай отыр
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Қайрат Балабиев жеңіл өнеркәсіп туралы өзекті мәселе көтеріп, Премьер-министр Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Депутат: Жол болмаса, қандай серпін, қандай даму болады?
«Ауыл» фракциясы депутаттары атынан Қарақат Әбден жолдардың сапасыздығына назар аударып, Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 18 Қаңтар, 2024
1999 жылға дейін шетелдіктер асырап алған балалар туралы мәлімет жоқ – сенатор
Сенатор Дархан Қыдырәлі Үкімет басшысына және Бас Прокурорға депутаттық сауалын жолдап, шетелге кеткен жетімдердің тағдыры туралы мәселе көтерді. Депутат аталған мәселенің бірнеше рет көтерілгенін, прокуратура тарапынан жағдайды реттеу әрекеттері болғанын, бірақ, тексеріс нәтижесі беймәлім екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
Су нысандарының жекеменшікте болуы алаңдатарлық мәселе – депутат
2040 жылы елімізде су тапшылығы 15 миллиард текше метрді құрайды. Бұл шамамен Арал теңізіне парапар су. Яғни, таза ауыз су ретінде пайдаланылатын судың көлемі кемі 50 пайызға азаяды. Бұл – әрбір екінші отандасымыз ауыз сусыз қалады деген сөз. Ал, ауыз сусыз адам үш күн ғана өмір сүретіні мәлім, сондықтан өте қауіпті. Демек, дабыл қағар уақыт жетті. Осылай деген бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек су ресурстарын басқару мәселелері бойынша Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендей ме?
Премьер-Министр Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарының Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасына қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Қағаз жүзіндегі әдемі баяндамалар ауылдағы жағдаймен сәйкес келмейді - сенатор
Сенатор Ақылбек Күрішбаев Палата отырысында Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Депутат егіннен жиналған өнімнің анық көлемін, тұқымның шынайы сапасын, егістік және жинау жұмыстарының дәл мерзімі туралы нақты білімнің жоқ екенін алға тартты. Сондай-ақ ол мал шаруашылығында жануарлар туралы мәліметтерді тіркеу жұмыстарының негізгі бөлігі әлі де қағаз нұсқада жиналатынын, соның салдарынан көптеген қателіктерге жол берілетінін де тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Судың жетіспеуінен 36,4 мың тоннадан астам өнім алынбай қалды - сенатор
Сенат депутаты Әбдәлі Нұралиев Премьер-Министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Онда сенатор Жамбыл облысының диқандары көтерген суармалы ағын су туралы мәселені арқау етті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Сенатор: Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамту тапшылығы туындауы мүмкін
Сенатор Динар Нөкетаева Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдап, елімізде дәрілерді тіркеу механизмі күрделі екеніне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.