Дубляж
Кино • 03 Қараша, 2024
Голливуд фильмдерінің қазақ тілінде дыбысталуы үлкен жетістік - Аида Балаева
Соңғы кездері Sony, Disney және Pixar сияқты ірі студиялар фильмдерін қазақ тілінде дубляждап шығарып, қазақ дубляжының өрістеуіне жол ашып отыр. Бұл үрдіс тіліміздің әлемдік деңгейде насихатталуына тың серпін береді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 06 Маусым, 2024
Кеңестік мультфильмдер қазақ тілінде көрсетіледі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі кеңестік мультфильмдерді қазақ тіліне аударып, дубляждауды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 07 Желтоқсан, 2023
Димаш Қытай фильмін қазақша сөйлетті
Әнші Димаш Құдайберген Қытай мифологиясындағы ұлы тұлға «Шын-нуң» туралы деректі фильмді дубляждады. Қытайлық БАҚ өкілдері деректі фильмді дубляждау жұмысына Димаш Құдайбергеннің арнайы шақыртылғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Өнер • 03 Ақпан, 2022
Қазақ дубляжының дамуы қай деңгейде?
Дубляж – сан шеберді бір арнаға тоғыстырған кірпияз өнер. Оған аударманың сапасы, тілдің тазалығы, актердің шеберлігі ғана жатпайды, оны идеология деп те айтуға болады. Кеңес дәуірінде қазақ дубляжы үлкен мектеп болып қалыптасты. Оның дамуына театр және кино өнерінің майталмандары үлес қосып, олар өзге елдің үздік туындыларын жоғары деңгейде дубляждап, көрермендерді рухани байытты. Тоқсаныншы жылдары дубляж өнері ептеп қағажу көргенімен, қазір қайта жаңаша өріс алды. Кейінгі жылдары бірқатар шетелдік фильм мен анимациялық туынды дубляждалып, жұртшылыққа жол тартты. Сондықтан бүгінгі дубляждың дамуы қай деңгейде деген оймен осы саланың жілігін шағып, майын ішіп жүрген мамандармен дөңгелек үстел мәжілісін өткізген едік.
Қазақстан • 05 Қараша, 2021
Моңғолиядағы қазақ балалары «Болашақ» қорына алғыс айтты
Моңғолиядағы қазақ балалары үздік шетелдік анимациялық фильмдерді ана тілінде көруге мүмкіндік берген «Болашақ» қорына алғыстарын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 27 Тамыз, 2021
Жыл аяғына дейін 15 фильм қазақша дыбысталады
Мәдениет және спорт миниистрлігі «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасының 110-тармағын іске асыру аясында биыл 15 фильмді дубляждау жоспарланған, деп жазады Egemen.kz.