Фото: Kemal Mardin/Shutterstock/ФОТОДОМ
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов ведомство кеңестік мультфильмдерді қазақ тіліне аудару мәселесін қарастырып жатқанын мәлім етті.
«Кеңестік мультфильмдер өзекті болған дәуірдің соңы мен құлдырауын біз де көргенімізді ескерсек, менің жеке көзқарасым бойынша, олар көбінесе еңбек, жақын адамдарға деген құрмет, туған жерге деген сүйіспеншілік құндылықтарын насихаттайды. Біз бұл бағытта жұмыс істейміз деп шештік. Кеңестік мультфильмдерді жай ғана трансляциялауды емес, мұрағаттан мемлекеттік тілге аударуды жүзеге асырамыз. Оларды әлеуметтік желіде де таратамыз, өйткені өскелең ұрпақтың көп бөлігі 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар әлеуметтік желілерде отырады. Сондықтан аударма мен дубляж мәселесін міндетті түрде өз бақылауымызға аламыз», деп түсіндірді Қанат Ысқақов.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті