Жаңа
Саясат • Бүгін, 20:03
Саясаттанушы: Құқықтық тұрақтылық реформалардың сабақтастығын қамтамасыз етеді
Қазақстанда Конституциялық соттың жаңа Конституцияның жекелеген нормаларына берген ресми түсіндірмесі қоғамда кең талқыланып жатыр. Сарапшылар бұл шешімнің құқықтық қырын ғана емес, оның мемлекеттік басқару жүйесіне, реформалардың сабақтастығына және елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпалын да талқылауда, деп жазады Egemen.kz
Әлем • Кеше
Венесуэладағы жер асты дүмпуі: Мерт болғандар саны 3,3 мыңнан асты
Венесуэлада болған жойқын жер асты дүмпуінің салдарынан қаза тапқандар саны 3342-ге жетіп отыр. Ал жарақат алғандардың саны 16,7 мыңнан астам адам, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Шілде, 2026
АҚШ-та 2040 жылға қарай автокөліктерге сұраныс азаяды
АҚШ-тағы автокөлік нарығы бес жылдан кейін екі миллион көлікке қысқаруы мүмкін. Сала сарапшыларының дерегіне сәйкес, 2040 жылға қарай автокөлік сатылымы 14 миллион данадан төмендеуі ықтимал, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Шілде, 2026
Пәкістанда шабуылдан 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты
Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында орналасқан жағалау күзетінің бақылау-өткізу бекетінде жарылыстан 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, тағы 16 адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Энергетика • 03 Шілде, 2026
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын жаңа электр стансасының құрылысы басталды
Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр стансасының құрылысы басталды. Сонымен қатар, жобаның басталуына орай уақыт капсуласын салтанатты түрде қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 03 Шілде, 2026
АҚШ-та егде жастағы әйел өзін, қызын және төрт немересін улап өлтірді
Қайғылы оқиға маусым айында АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Механиквилл қаласында болды. Полиция қызметкерлері 64 жастағы Эми Стедманның үйіне кірген кезде алты адамның мәйітін тапқан. Тергеу мәліметінше, олардың мәйіттері үйде кемінде екі апта жатқан. Марқұмдардың мәйіттері 23 маусымда табылғанымен, бұл оқиға туралы ақпарат жақында ғана жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Шілде, 2026
Қаржы министрлігінде жаңа Конституцияның құндылықтарына арналған велошеру өтті
Қаржы министрлігінде орталық аппараттың, комитеттердің және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметкерлері қатысқан велошеру және тимбилдинг іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 02 Шілде, 2026
Президент жаңа заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 02 Шілде, 2026
Жаңа Конституция күшіне енген күні Қазақстанда 857 сәби дүниеге келді
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні елімізде 857 нәресте дүниеге келді. Осылайша, бұл күн мемлекет тарихындағы маңызды оқиғамен қатар жүздеген отбасы үшін де ұмытылмас мерекеге айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Шілде, 2026
Қазақстан экономикасы тек мұнайға тәуелді емес. Шетелдік сарапшылар инвестиция көлемі мен өнеркәсіптің өскенін атап өтті. Қазақстан халықаралық деңгейде шикізаттық экономика ретінде ғана емес, біртіндеп өсудің неғұрлым орнықты моделін қалыптастырып келе жатқан мемлекет ретінде қарастырыла бастады. Мұндай қорытынды Reuters сайтында жарияланған World Impact Media Organization аналитикалық есебінде келтірілген, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 01 Шілде, 2026
Еліміздің жаңа Конституциясының күшіне енуі – ел тарихындағы маңызды кезең. Ата Заңда алғаш рет адам капиталын, білім беру жүйесін, ғылымды және серпінді инновацияларды дамыту басымдықтары ең жоғары конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл маңызды қадам ел дамуының жаңа іргелі бағдарларын айқындап, оның өзегіне адамды, оның білімі мен кәсіби құзыреттерін, зияткерлік әлеуетін толық жүзеге асыру мүмкіндігін қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ата заң • 01 Шілде, 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі ұлттық білім беру жүйесін дамытудың жаңа кезеңін айқындап, алғаш рет білім алушылардың негізгі құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құқықтық деңгейінде бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz
Заң мен Тәртіп • 01 Шілде, 2026
Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді
Бүгін Қазақстанның жаңа Конституциясы – елдің Негізгі Заңы күшіне енді. Ол қоғамның іргелі құндылықтарын айқындайды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негіздерін белгілейді және мемлекеттің одан әрі дамуының берік құқықтық тұғыры болып табылады. Жаңа Конституция құқық үстемдігін нығайтудың және азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін кеңейтудің жаңа кезеңін айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ата заң • 01 Шілде, 2026
Әсел Жанәбілова жаңа Конституция бойынша сайлау заңнамасындағы жаңашылдықтарды түсіндірді
Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесін түбегейлі жаңартқан жаңа Конституция күшіне енді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының жекелеген нормалары да қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 01 Шілде, 2026
Волейболдан жастар лигасы жарысы жаңа форматта өтті
Туризм және спорт министрлігі бекіткен жаңартылған ережеге сәйкес биылғы маусым алғаш рет жаңа форматта ұйымдастырылып отыр. Астанада волейболдан 2026-2027 жылғы жастар лигасының алғашқы туры аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 01 Шілде, 2026
«Конституция негіздері», «Жеке қауіпсіздік»: Мектеп бағдарламасына жаңа пәндер енгізіледі
Жаңа оқу жылынан бастап мектепке енгізілетін жаңа міндетті пәндердің ішінде «Конституция негіздері» және «Жеке қауіпсіздік» бар. Үкімет отырысында жаңа Конституция нормаларына сәйкес оқу жоспарлары мен стандарттарын қайта қарау туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 01 Шілде, 2026
Астанада екінші әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады
Астанада жаңа әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 01 Шілде, 2026
Конституциялық Сот: Адам құқықтарын қорғау үлгісі елеулі түрде жаңартылды
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ел азаматтарын жаңа Конституцияның күшіне енуімен және еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 01 Шілде, 2026
Елімізде Достық үйлерінің құқықтық мәртебесі заңнамалық деңгейде айқындалады
Қазақстанда Достық үйлерінің құқықтық мәртебесі және оларды қаржыландыру тәртібі заңнамалық деңгейде айқындалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 01 Шілде, 2026
Жаңа Конституция: Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілді
Бүгін республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, қоғамдық келісімді нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Әлем • 30 Маусым, 2026
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Конгоға қарсы санкциялар режимін ұзартты
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Конго Демократиялық Республикасына қатысты санкциялар режимін 2027 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы қарар қабылдады. Санкциялар қарулы топтарға қару-жарақ жеткізуге эмбарго енгізуді, сондай-ақ Конго ДР бойынша санкциялар комитетінің тізіміне енгізілген жеке және заңды тұлғаларға сапар шегуге тыйым салу мен олардың активтерін бұғаттауды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 29 Маусым, 2026
Елімізде «Топырақты қорғау туралы» Заң қабылданды
Парламент Сенаты «Топырақты қорғау туралы» заң және оған ілеспе «кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 27 Маусым, 2026
Нұрсұлтан Шоқанов Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды
Астанада Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезі өтті. Делегаттар партияның жаңа төрағасы етіп Нұрсұлтан Шоқановты сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz halykpartiyasy.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Спорт • 27 Маусым, 2026
Бельгия Жаңа Зеландияны тас-талқан етіп, топ жеңімпазы атанды
Әлем чемпионатының үшінші турында Бельгия құрамасы Жаңа Зеландияны 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, G тобында бірінші орынға ие болды. Осы нәтижемен бельгиялықтар турнирдің 1/16 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 26 Маусым, 2026
Алаяқтардың жаңа тәсілі: Тегін фотосессия мен «шұғыл қоңырау» үшін телефон сұрау
Қазақстан Ұлттық банкі азаматтардың ұялы телефондары мен жеке деректеріне қол жеткізуге бағытталған алаяқтықтың жаңа тәсілдері таралып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 26 Маусым, 2026
Қытай Қазақстанға 1,5 млрд доллар инвестиция салмақ: Жаңа өндірістер іске қосылады
Премьер-министрінің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қытайдың жетекші өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік холдингтерінің топ-менеджментімен бірқатар маңызды кездесу өткізді. Қазақстан экономикасына ауқымды инвестиция тартуға арналған келіссөздер Үрімші қаласындағы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдігінің алаңында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Шаруашылық • 25 Маусым, 2026
Ақмола облысында жасымық өңдеу цехы салынып жатыр
Ақмола облысында жасымықты өңдеуге арналған заманауи цех салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жоба агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеу саласын дамытуға, қосылған құны жоғары өнім өндіру көлемін арттыруға және өңірдің экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Ғылым • 25 Маусым, 2026
Тарихты оқытудың жаңа дәуірі: Студенттер «TarikhMap» платформасын әзірледі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD докторы, аға оқытушы Айжан Қоңырованың жетекшілігімен студенттер тобы тарих сабақтарында интерактивті цифрлық карталар мен жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдануға бағытталған «TarikhMap» инновациялық платформасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Маусым, 2026
Екі апталық курс бітіргендер енді психолог бола алмайды
Қазақстанда әлеуметтік желілердегі жалған психологтардың қызметін түпкілікті шектейтін «Психологиялық қызмет туралы» жаңа авторлық заң Сенаттан сәтті өтіп, Мемлекет басшысының қол қоюына жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 24 Маусым, 2026
Жақып Асанов: Бұл кітап – Қазақстанның жаңа дәуірдегі шежіресі
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітабына пікір білдірілді, деп хабарлайды Egemen.kz