Жолаушы
Логистика • 30 Маусым, 2026
LRT іске қосылғалы бері 3,1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
Астанадағы Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері оның қызметін 3,1 миллионнан астам жолаушы пайдаланған. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Маусым, 2026
Атырауда екі автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды
Атырау қаласында екі жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2026
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Мәскеу – Нахчыван әуе рейсінде жолаушы ұшақтың есігін ашпақ болды. Ол ұшақтың сыртқы есігі мен дәретхананы шатастырып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Маусым, 2026
ҚТЖ «Stadler» вагондарына қатысты мәлімдеме жасады
Жаңа вагондарды сатып алу және пайдалануға беру жөніндегі барлық шешімдер – әуелі қауіпсіздік, сенімділік және сапа талаптарына сүйене отырып қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Маусым, 2026
Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері LRT станцияларында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Маусым, 2026
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Әлеуметтік желілерде жолаушылар түсірген видео пайда болған. Маңғыстау-Семей бағытындағы №37 пойыздың жолаушылары вагондағы тарақандарға шағымданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 31 Мамыр, 2026
Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады
Елордадағы LRT іске қосылған екі апта ішінде жаңа көлік жүйесін 1 миллион адам пайдаланып, күнделікті жолаушылар ағыны 65-75 мың адамға жетті. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Мамыр, 2026
Павлодар облысында такси жол апатына ұшырап, студент екі аяғынан айырылды
Павлодар облысында жолаушылар отырған такси жол жиегіндегі қоршауға соғылып, салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде ауыр жарақат алған 21 жастағы студент қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2026
Жолаушы әйел SCAT әуе компаниясын мысыққа қатыгездік танытты деп айыптады
SCAT әуе компаниясының жолаушысы ұшақпен тасымалданған мысығын Алматы әуежайында кәдімгі жүк таспасы арқылы бергеніне наразылық білдірген. Жолаушы Threads әлеуметтік желісінде жануар салынған тор бірнеше рет аударылып, қатты соққыға ұшырағаны туралы жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Мамыр, 2026
Зардап шеккендер бар: Түркияда жолаушылар автобусы аударылып қалды
Түркияның Чанаккале провинциясында жолаушылар автобусы аударылып, 46 адам зардап шекті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
Пойыз дәретханасында болған келеңсіздіктен кейін жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды
Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты тасымалдаушы компаниядан моральдық зиян мен билет құнын өтеуді талап еткен пойыз жолаушысының талап-арызы бойынша істі қарады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі Egemen.kz
Оқиға • 21 Мамыр, 2026
Алматы әуежайындағы жанжал: Мас шетелдік анықтама бюросының әйнегін қиратты
Алматы халықаралық әуежайында Франкфурт бағытына ұшпақ болған шетел азаматы қоғамдық тәртіпті бұзып, анықтама бюросы маңында жанжал шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Мамыр, 2026
LRT іске қосылғалы 180 мыңнан астам жолаушы тасымалданды
LRT іске қосылғалы бері жолаушылар саны 180 мың адамға жеткен. Тек кеше ғана жеңіл рельсті көлік қызметін 100 мың адам пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Қарағандыда теміржолшыны пойыз қағып кетті
Қарағандыдағы «Жаңа Қарағанды» станциясында қайғылы жағдай болды. 3 мамыр күні сағат 02:03 шамасында жол жөндеу жұмысшысын пойыз қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Алматы – Ақтөбе бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды
Алматы – Ақтөбе бағытындағы №033 жолаушылар пойызында 60 жастағы ер адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 27 сәуір күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2026
Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Жолаушылар сұранысының артуына байланысты Астана және Ақтау бағыттарындағы бірқатар рейстер жиілейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Екатеринбург – Астана рейсіндегі оқыс оқиға: Жолаушының әрекетіне құқықтық баға беріледі
Екатеринбург – Астана бағытындағы әуе рейсінде кәмелетке толмаған жолаушылардың қатысуымен оқыс оқиға тіркелді. Ұшақ бортында болған жағдай жолаушылар арасында алаңдаушылық туғызды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2026
Елімізде жолаушылар тасымалы 9,3 пайызға артты
Жыл басынан бері көлік саласында негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім байқалып отыр. Соның есебінен салада жолаушылар тасымалы 9 пайызға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2026
Пойыздарда жоғары жылдамдықты интернет іске қосылды
Қазіргі таңда Қазақстанда жолаушылар пойыздарына жоғары жылдамдықты интернетті енгізу жұмыстары жалғасып отыр. Бұл жоба спутниктік технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бастама еліміздегі «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» мен «Digital Наурыз» іс-шараларының аясында дамып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Бүгін Астанадағы Сейфуллин көшесінде автобус аялдамаға соғылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.»
Оқиға • 04 Наурыз, 2026
SCAT әуе компаниясы Маскаттан 314 жолаушыны елге жеткізді
SCAT Airlines әуе компаниясы DV5361 рейсін Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейсті сәтті орындады. Boeing 767 әуе кемесімен Қазақстанға 314 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Air Astana 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайының ұшу-қону жолағы сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылуына байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Әуе билетін қолына ұстап, сапарға сақадай сай отырған жолаушының ұшаққа отырғызылмай қалу оқиғасы соңғы жылдары жиіледі. Мұның астарында овербукинг деп аталатын тәжірибе тұр. Әлемде кең тараған бұл тәсіл енді Қазақстанда да құқықтық тұрғыдан қатаң реттеле бастаған. Овербукинг – нарық заңдылығы ма, әлде жолаушы құқығын шектеу ме? Овербукинг жағдайында жолаушы не істеу керек? Тақырыпты тарқатып көрейік...
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Әуе билетіндегі қате жазылған деректер қандай жағдайда тегін түзетіледі?
Бас көлік прокуратурасы азаматтардың өтініштерін талдау барысында әуе билеттерін рәсімдеу кезінде тегінде, есімінде және әкесінің атында кеткен елеусіз қателер үшін көптеген айыппұлдар салынғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Жолаушыларға ескерту: Пойызда қандай әрекеттерге тыйым салынады?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау әр жолаушының міндеті екенін ескертеді. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, пойыз ішіндегі тәртіп пен жайлылық – баршаға ортақ жауапкершілік, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысында жолда қалып қойған 400 жолаушы пойызбен тегін жеткізілді
Ақтөбе − Астрахань тасжолында (Ақтөбе облысы) көлік қозғалысындағы уақытша шектеулерге байланысты «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) жолаушылар пойыздарында қосымша шамамен 400 тегін орын ұйымдастырды. Жедел шаралар ауа райының күрт нашарлауына байланысты азаматтардың көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2026
Пойызда жолаушы өзін жайсыз сезінсе не істеу керек?
Ұзақ сапарда адамның жағдайы күрт нашарлауы мүмкін. Осындай сәтте абдырамай, дұрыс әрекет ету жолаушының өзіне де, айналасындағыларға да қауіпсіз. Осыған байланысты Жолаушылар тасымалы пойыз ішінде көмек көрсету тәртібін еске салды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус апатқа ұшырады
Абай облысындағы Семей – Қайнар тасжолында тағы бір ірі жол апаты тіркелді. Знаменка ауылының маңында 50 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетіп, аударылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
25% және 33% жеңілдік: Зейнеткерлер мен жастар үшін пойыз билеті арзандайды
Елімізде 60 жастан асқан және 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар үшін пойыз билеттеріне жаңа жеңілдіктер енгізілді. Енді зейнеткерлер QURMET картасымен 25%, ал жастар KETTİK33 картасымен 33% жеңілдікке ие болады. Бұл карталар Ұлттық тасымалдаушының барлық бағыттарында бір жыл бойы жарамды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Қаңтар, 2026
Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың арасында елге танымал саясаткер, Конгресс мүшесі Диоген Кинтеро бар, деп хабарлайды Egemen.kz.