Жыршы
Мәдениет • 12 Маусым, 2025
Астана қаласында жыршы Ұлдана Нұртуғанқызының «Керуен жырдың күймесінде» атты жеке концерті өтті. Қазақ ұлттық өнер университетін биыл тәмамдаған жас өнерпаз Сыр өңіріндегі Жиенбай жырау мектебінің өкілі. Қазір оның зердесінде Балқы Базар, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары сынды сыр саңлақтарының мұрасынан бастап, Көрұғлы, Едіге батыр сынды эпикалық шығармалардың үлкен қоры бар. Расында саф өнердің жұпары жұқпаған әсіреңкі әртістердің кеулеген тұсында қырық мың жолдық дастандарды жадына тоқыған жас өнерпаздың үлкен сахнаға көтерілуі – ел руханиятының жаңа тынысы һәм жарқын құбылысы, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Желтоқсан, 2024
Астанада жыршылар байқауы өтеді
11 желтоқсан күні ҚР мәдениет саласының үздіктері, Сыр өңірінің ақын, жыршы-жыраулары Тәңірбергенов Айбек пен Рахметов Айдостың шығармаларын насихаттауға арналған «Жыр керуені...» атты республикалық жыршылар байқауы өтеді.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2023
Жыршылар мен термешілер арасында жаңа жобалар жүзеге асырылады
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орайластырылған іс-шаралар аясында «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «Мәдениет саласы: жаңалықтар мен серпілістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 21 Қыркүйек, 2021
Тау суының тамшысындай сылдырлаған сұлу сазды көкірегіңе қондырған өнерге деген іңкәрлікті тілмен айтып жеткізу қиын-ақ. Ал өнердің өресін кеңіткен бабалар үнін тыңдағанда, сол кеудеңді бірде шаттық кернеп, бірде мұң ториды. Замана зары, өмір шындығы, ел ерлігі деген ізгі қасиеттердің бәрін кеудесі кенді кешегілер әнмен мұра еткен-ау. Сол үшін де Мұқағали ақын айтқандай: «Бабаларым, рахмет сендерге!» деп тебірене түсесің. Бұлай тебіренуге кәсіби жыршы, термеші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен себеп болды. Рухани шөліркеген ұлтты әнмен сусындатқан өнер иесімен сұхбаттасудың сәті түсті. Жүрекжарды лебізі мен ән тағдырына деген алаңдаушылығын тыңдадық. Әншінің орамды ойларын, пайым-парасатынан өрілген өрелі сөздерін осы орайда зерделі оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз.