Атап айтқанда, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Ақтамберді, Қазтуған, Шал ақын мен Бұхар жыраудың шығармалары көрерменге рухани азық сыйлады. Әуезді кешке «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері Ерболат Шалдыбеков, Мақсат Медеубек, Әлихан Дүйсенбай және «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі қатысты.
«Елге кешегі аталарымыздан қалған аманатты жеткізу үшін осындай үлкен ауқымды іс-шараларды ұйымдастырып тұрамыз. Бұл кешті «Алдаспан» деп атадық. Қазақ даласында өмір сүріп, қазақтың руханиятына өлшеусіз үлес қосқан жырау бабаларымыздың барлығының жыр мұрасы осы кеште қамтылды. Бағдарламаны біз солай құрдық», деді «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі Ерлан Рысқали.