Түркістан
Қоғам • Бүгін, 12:30
13,3 млн теңге шығын: Сарыағаш ауданында екі әлеуметтік орталық бюджет қаражатын жымқырған
Сарыағаш ауданының прокуратурасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде бюджет қаражатының мақсатты әрі заңды жұмсалуына талдау жүргізді. Онда мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша іс жүзінде жеткізілмеген тауарлар мен орындалмаған қызметтер үшін бюджет қаражатының аударылғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 11:07
Көліктен қол бұлғап көмек сұраған: Түркістанда полиция қыз алып қашу әрекетін тоқтатты
Түркістан облысында патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған Kia маркалы автокөлікті тоқтатты. Полицейлердің мәліметінше, көлік ішінде отырған қыз қол бұлғаған. Автокөлік тоқтатылғаннан кейін ол салоннан жүгіріп шығып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінен көмек сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 08:53
Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты
Түркістан облысының Еңбекші ауылында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Volkswagen Polo автокөлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Қатты соққының салдарынан көлік екіге бөлініп кеткен. Жол апаты салдарынан бір отбасының бес баласы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Маусым, 2026
Екі облыс аумағында жер сілкінісі сезілді
Бүгін Астана уақытымен сағат 18:34-те ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2026
Сарыағашта алимент төлеуден жалтарған 5 борышкер жауапкершілікке тартылды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы өз балаларына алимент төлеу міндетін орындамаған борышкерлерді анықтады. Талдау нәтижесінде бірқатар борышкер еңбекке қабілеті бола тұра жұмыспен қамту органдары ұсынған жұмыс орындарына орналасудан әдейі бас тартқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2026
Түркістанда бос жатқан 47,6 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Түркістан облысында биыл пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жыл басында 40 мың гектар жерді қайтару жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін 47,6 мың гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Маусым, 2026
Түркістан облысында мектеп бітіруші түлектердің заңсыз кортежі тоқтатылды
Түркістан облысының Кентау қаласында полицейлер мектеп бітірушілердің құрметіне ұйымдастырған автошеруді тоқтатты. Кортежге BMW, Toyota, Mercedes-Benz, Changan, Chevrolet және Hyundai көліктері қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Маусым, 2026
Түркістан облысында бес жасар бала пойыз астына түсіп кете жаздады
Түркістан – Шиелі учаскесінің Шорнақ станциясы маңында бес жасар баланы пойыз қағып кете жаздады. Теміржол бойына шығып кеткен бүлдіршінді машинист дер кезінде байқап, пойызды тоқтатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Маусым, 2026
Түркістанда кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Түркістанда полиция қызметкерлері той кортежіне қатысқан бірнеше автокөлік жүргізушісін тоқтатты. Олар көшелерде қауіпті маневрлар жасап, көлік қозғалысына кедергі келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2026
Түркістанда ескек есуден жазғы Қазақстан чемпионаты басталды
Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 16 Маусым, 2026
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Түркістан облысындағы Жаңақорған - Түркістан теміржол учаскесінде «Саратов - Алматы» бағыты бойынша қатынайтын №8 жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 16 Маусым, 2026
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Түркістан облысы Төрткөл ауылының полицейлері жол ережесін өрескел бұзған көліктерді тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Маусым, 2026
Түркістан облысында пияз жинау науқаны басталды
Түркістан облысында пияз жинау науқаны басталып, қырыққабат жинауға дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 11 Маусым, 2026
Оңтүстік Қазақстанда күннің ыстығынан асфальт еріп жатыр
Түркістан облысында бірнеше күннен бері сақталған аптап ыстық жолдардың жағдайына әсер ете бастады. Жоғары температура салдарынан Шымкент – Түркістан тасжолында және Солтүстік айналма жолда асфальт жабынының деформациялану фактілері тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 09 Маусым, 2026
Түркістанда ТМҰ елдері Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті
Бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті. Басқосуға салалық ведомстволардың басшылары, ТМҰ Хатшылығының өкілдері, сондай-ақ ұйымға мүше және бақылаушы мемлекеттердің делегациялары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Маусым, 2026
Арыста мас жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Түркістан облысында 4 адамның өмірін қиған қайғылы оқиға болды. Арыс қаласында жеңіл автокөлік тұрғын үйдің қоршауына соғылып, сол маңда орындықта отырған адамдарды қаққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Маусым, 2026
Түркістан облысының прокуроры тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Түркістан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Маусым, 2026
Түркістандық оқушы шетелдің 80-нен астам оқу орнынан шақырту алды
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектептің түлегі Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы білім бәсекесінде феноменальды нәтиже көрсетті. Ол АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропаның маңдайалды жетекші жоғары оқу орындарынан 80-нен астам шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Маусым, 2026
Түркістанда сот шешімімен келіспеген мұғалім өзіне қол жұмсамақ болды
Түркістан облысында жұмысынан заңсыз босатылған педагог сот ғимаратында өзіне қол жұмсауға әрекеттенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2026
Түркістан облысында екі ағайынды бала суға батып кетті
Түркістан облысында Балаларды қорғау күні қарсаңында қайғылы оқиға болған. Келес ауданындағы Ошақты каналында ағалы-інілі екі бала суға кетіп, қаза тапты. Құтқарушылар 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты тәулікке жуық уақыт іздеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 29 Мамыр, 2026
Түркістан облысында қарбыз пісті: Шаруалар алғашқы өнімді жинай бастады
Түркістан облысының Жетісай ауданындағы шаруалар биылғы алғашқы қарбыз өнімін жинауға кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Мамыр, 2026
Түркістанда тұрғын үй аумағынан өрт шықты
Бүгін Түркістан облысының Ащысай ауылында жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық құрылыста өрт шығып, жалынның жақын орналасқан құрылыстарға таралу қаупі туды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 24 Мамыр, 2026
Түркістанда мемлекеттік материалдық резервті сақтау базасының құрылысы басталды
Түркістан облысында мемлекеттік материалдық резервті сақтау базасының құрылысы басталды. «Резерв» РМК-ның «Заря» филиалы аумағында капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Түркістан облысында 5 жастағы қызды ит қауып алды
Түркістан облысында бес жасар қызға ит шабуыл жасап, оның бетін қатты жарақаттады. Оқиға Сауран ауданындағы Ескі Иқан ауылында болған. Дәрігерлер балаға шұғыл ота жасағанымен, оның бетінде тыртық қалатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Мамыр, 2026
Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысының Алғабас ауылындағы адам өліміне әкелген өрттің себебін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2026
Түркістанда ҰБТ-дан екі оқушы ең жоғары 140 балл жинады
Шымкенттік Айсұлтан Жаңбырбай мен Түркістан қаласының тумасы Жасұр Нышанбаев мүмкін болған 140 балдың барлығын жинап, ең үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Шаруашылық • 18 Мамыр, 2026
Жетісайда қауын пісті: Шаруалар егістіктен 65 тонна өнім жинады
Түркістан облысының Жетісай ауданындағы шаруалар биылғы алғашқы қауын өнімін жинай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 17 Мамыр, 2026
Президент Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 мамыр күні Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, маңызды халықаралық іс-шараға жан-жақты дайындалған облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Түркі елдерінің басшылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев,Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев түркі дүниесінің әйгілі рухани және тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2026
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары жаңа орталықтың қазығын қағып, іргетасын қалады, деп хабарлайды Egemen.kz.