Түркістан облысы
Аймақтар • 15 Маусым, 2025
Түркістан облысында дрон зауыты салынады
Түркістан облысында тікұшақ, дрон және пилотсыз жүк аппаратын шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров қатысқан талқылауда ауқымды жобаны іске асыру шарттары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Маусым, 2025
Түркістан облысында 6 инвесторға қатысты заңсыз шешім қабылданған
Түркістан облысы прокуратурасының тарапынан биыл «Инвест-Караван 2025» іс-шарасы шеңберінде 3 көшпелі кездесу өткізіліп, 26 инвестормен тікелей сұхбат жүргізілген. Сондай-ақ 6 инвесторға қатысты заңсыз шешімдер қабылданғаны анықталып, оларға қатысты тіркелген әкімшілік істердің күші жойылды. Ал 4 инвесторға қатысты уәкілетті органдардың негізсіз тексерулері тоқтатылды. Нәтижесінде биылдың 5 айында 216 жеке кәсіпкердің және 6 инвестордың құқы қорғалып, жалпы сомасы 79,7 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба бойынша кейстер шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2025
Түркістан облысында 47 көшеге соғыс ардагерлерінің есімі беріледі
Түркістан облысында Кеңес Одағының Батырлары мен Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің есімдерін көшелерге беру жұмыстары басталды. Бұл — тарихи жадыны сақтау және ел азаматтарының ерлігін ұрпақ санасына сіңіру мақсатындағы жалпыреспубликалық бастаманың бір бөлігі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Оңтүстіктегі шаруаларға 2,5 млрд текше метрден астам су берілді
Суару маусымы басталғалы Түркістан облысында су алу мөлшері - 1,3 млрд текше метрді құрап, 276 мың гектар жер суарылған. Қызылорда облысында су алу 950 млн текше метрді құрады. Суарудың жалпы ауданы 105 мың гектарға жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 03 Маусым, 2025
Заңсыз айналымнан 200 килоға жуық есірткі заттары тәркіленді
Түркістан облысында биылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 139 дерегі анықталған (2024 жылы – 280). Заңсыз айналымнан 198 кило 527,60 гр есірткі заттары тәркіленіп, екі бірдей фитозертхананың қызметі тоқтатылған. Тәркіленген заттар ішінде, синтетика есірткі заты, гашиш, марихуана, көкнәр сабаны, кокаин бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Маусым, 2025
Түркістан облысында «Қарасора-2025» басталды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың төрағалығымен өңірдің полиция департаментінде «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасының ресми ашылуы өтіп, оған ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығы, департаменттің жедел құрылым қызметкерлері және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кеңестің мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 01 Маусым, 2025
Ордабасы ауданында жылына 14 мың тонна ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорын іске қосылады
Ордабасы ауданы Бөржар ауылында жылына 14 мың тонна ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр. TOO «Keruen Products» өндірістік бірлестігі макаронның 10 түрін және тез дайындалатын кеспе түрлерін шығарып, 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Туризм • 31 Мамыр, 2025
Түркістанда жасанды көлі бар саябақ ашылды
Түркістанда балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында саябақ ашылды. Қаланың экологиялық, туристік әлеуетін арттыруға бағытталған тың жобалардың бірі саналатын саябақ облыс орталығының жасыл қалаға айналуына үлкен септігін тигізеді. Жалпы Түркістанда 109 саябақ пен гүлзар бар. Яғни ашылған саябақ 110-шы болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Балалар • 27 Мамыр, 2025
Түркістанда «Балалар үні» фестивалі өтті
Түркістанда Оқу-ағарту министрінің «Бала үні – болашақтың үні» атты бастамасымен балаларға арналған «Балалар үні» өнер фестивалі өтті. Фестиваль барысында облыстағы білім беру ұйымдарынан 20 мыңға жуық өнерпаз бақ сынады. Ал қорытынды концертте сараптаудан өткен 600-ден астам оқушы өнерін ортаға салды.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2025
Түркістанда биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі
Түркістан қаласы бойынша 17 058 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 6 487-сі – әлсіз топ мүшелері болса, 5 185-і – көпбалалы отбасы, 181-і – тұл жетім санатындағылар. Сондай-ақ, 5 203 отбасы бюджет есебінен баспаналы болуға кезекте тұрса, 2 үй апатты жағдайда деп танылуына байланысты жаңа үй алу кезегіне тіркелген.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2025
Түркістан облысында мал ұрылары ұсталды
Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 3 ауданда мал ұрлығымен айналысқандарды ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2025
Биыл Жетісайда қауын ерте пісті
Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының диқандары қауынды мерзімінен бұрын жинап отыр. Бұл – суармалы судың егістікке ерте берілуінінің нәтижесі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2025
Депутат Түркістан облысында төтенше жағдай жариялауды ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ұласбек Сәдібеков Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы саласында қордаланған мәселелер мен шаруаларды қысқан қуаңшылық туралы сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Мамыр, 2025
Ауыл мектебінің түлегі 36 шетелдік университеттен шақырту алды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылдық округіндегі Қанағат ауылында орналасқан №7 Төле би атындағы жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан шетелдің 36 беделді жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 18 Мамыр, 2025
Түркістанда мал шаруашылығына бөлінген ақша ұрланған
Облыста мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 271 млн теңге субсидия қолды болған. Нақтырақ айтқанда, 31 шаруа қожалығы бойынша деректер базасына мал шаруашылығында шынында жоқ мал туралы жалған мәліметтер енгізілгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Мамыр, 2025
Биылғы оқу жылында 14 мың мұғалім жұмысқа қабылданған
2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы педагогтер саны 412 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Оқу-ағарту министрлігі осылайша, Қазақстан мектептерінде педагог тапшылығы жойылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2025
Мақта шаруашылығында 70 мың адам еңбек етіп жүр
Маңызды салалардың бірі мақта шаруашылығы – халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан, 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымында шамамен 70 мың адам еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 06 Мамыр, 2025
Түркістанда жылына 2 млн тонна мұнай өңдейтін зауыт салынып жатыр
Түркістан облысы Ордабасы ауданында салынып жатқан «Standard Petroleum & Co» ЖШС-ның мұнай өңдеу зауытының бірінші кезеңін жыл соңында іске қосу жоспарланған. Өндіріс орнында 300 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Грейг қызғалдағын жұлған шымкенттік әйелдің жазасы қандай болады?
Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақты заңсыз жұлу дерегі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 24 Сәуір, 2025
Қабірхана бөлмесінің есігі қалпына келтірілді
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі Алматыдағы «Қырым аралы» ғылыми реставрациялық зертханасының көмегімен қайта қалпына келтірілді.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2025
Бүгін «Күш лекциясы» жалпыреспубликалық жобасы басталды
Бүгін елімізде «Күш лекциясы» жалпыреспубликалық жобасы басталды. Оның алғашқы апробациясы Түркістан облысында өтуде. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Farab кітапханасында қоғам мен жастарға арналған тың форматтағы «Күш лекциясы» сыннан өтті.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2025
Жетісайдың қырыққабаты Ресей, Белорусь, Еуропа елдеріне экспортталады
Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Орынбай ата» шаруа қожалығы қырыққабаттың алғашқы өнімдерін көршілес Ресей еліне экспорттай бастады.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2025
Сарыағаш ауданын сумен қамтамасыз етуге қаржы бөлінді
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы магистралды су құбырын реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоба 260 мыңнан астам тұрғыны бар 66 ауылды сумен қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2025
Созаққа 1 млрд 380 млн текше метр су жіберілді
Түркістан облысындағы аталған ауданға жіберілген су былтырғыдан 300 млн текше метрге көп, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2025
Алматылық дәрігерлер Ордабасы тұрғындарына қызмет көрсетті
Білікті, білімді, кәсібилігі ел аузында жүретін медицина мамандарының кеңесін алу оңай емес, бүгінде. Алдын ала жазыласыз, іздеп барасыз, кезек күтесіз, ақылы болса ақшасын төлейсіз. Ал медицина ғылымдарының кандидаты Марат Пашимов бастап келген «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ мамандары Түркістан облысы тұрғындарына медициналық қызмет көрсетіп жатыр.
Оқиға • 31 Наурыз, 2025
6 жылдан бері іздеуде болған күдікті ұсталды
6 жылдан бері іздеуде болған күдікті Түркістан облысында «FaceID» smart камерасынан өту кезінде қолға түскен, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 23 Наурыз, 2025
Түркістанда жарылыс болып, бір адам ауруханада көз жұмды
Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылындағы ЖГҚС-та болған жарылыс салдарынан екі адам зардап шегіп, үш адам ауруханаға түскен. Кейін медицина мекемесіне жеткізілген үшеудің біреуі қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 15 Наурыз, 2025
Қасиетті Ордабасыда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауымы Амал мерекесін атап өтті
Бүгін үш жүздің басын қосқан киелі Ордабасы ауданында 14 наурыз – Амал мерекесіне орай зиялы қауым өкілдері, ел ағалары мен ардақты аналары бас қосып, дәстүрлі мерекені ерекше сән-салтанатпен атап өтті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық • 13 Наурыз, 2025
Түркістанда 22 адам сушидан уланып қалды
Түркістанда суши жеген 22 адам уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Наурыз, 2025
Еліміздің оңтүстігінде тағы жер сілкінді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 12 наурызда, Астана уақытымен 06:15-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.