Шекті баға
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
ӘМТ: Шекті үстемеден асырып сатқан дүкендер айыппұл арқалайды
Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушыларды қорғау департаменті дүкендерге тексеру жүргізе бастайды. Мамандар дүкендерде сатылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының үстеме мөлшерін белгілейді. Олардың арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары: нан, қарақұмық, күріш, жұмыртқа және тағы басқа өнімдер бар, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Ақпан, 2024
Жұмыртқа құнына шекті баға қою ұсынылды
Сауда комитеті нарықтағы қымбатшылықтың алдын алу мақсатында жұмыртқаға шекті баға қоюды ұсынды. Мамандар осы мақсатта құс өсірушілер одағы мен еліміздің жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының, құс фабрикаларының басшыларымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Ақпан, 2024
Қазақстанда бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы енгізіледі
Энергетика министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстанда бензин мен дизельді сату бойынша шекті баға қою жөніндегі бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Елімізде автогаздың жаңа шекті бағасы бекітілді
Энергетика министрлігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен ішкі нарыққа жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2023
Мемлекет бағаны реттеуден бас тартады. Азық-түлік құны қымбаттай ма?
Мәжілістегі сауда саясатын дамытуға арналған Үкімет сағатында Сауда және интеграция министрі Арман Шaққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мен мемлекет тарапынан шекті баға қою жайын баяндап берді. Министр әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына бақылау Ауыл шаруашылығы министрлігі, монополияға қарсы орган, әкімдіктер, Азық-түлік корпорациясы және тұрақтандыру қорларымен бірлесіп кешенді сипатта жүргізіп жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Шілде, 2022
Қазақстанда автогаздың шекті бағасы белгіленеді
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің «Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.