ара
Қоғам • Кеше
Астанада телекоммуникация саласының үздіктері марапатталды
17 мамыр күні Қазақстанда телекоммуникация желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, заманауи қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған байланыс саласында еңбек ететін мамандардың кәсіби мерекесі – Байланыс қызметкерлері күні атап өтіледі. Атаулы күн қарсаңында үздік қызметкерлер мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • Кеше
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Аида Балаева халықаралық отбасы күнімен құттықтады
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ел азаматтарын халықаралық отбасы күнімен құттықтап, бүгіннен бастап «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • Кеше
Қарағанды облысында 74 түрлі дәрілік зат шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады
Үкімет Қарағанды облысында фармацевтикалық зауыт салу жобасын мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Қомақты аударымдар үшін неліктен биометриялық сәйкестендіру өту қажет?
Қазақстанда электронды банк қызметтеріне қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. Бұл өзгерістер киберқылмысқа қарсы күресті күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Мамыр, 2026
Францияда 1700-ден астам адам карантинге алынды: Хантавируспен байланысы бар ма?
Францияның Бордо портында Ambition кемесінде болған жағдайға байланысты 1700-ден астам адам карантинге алынды. Олардың қатарында шамамен 1200 жолаушы және 500-ден астам экипаж мүшесі бар, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 13 Мамыр, 2026
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, Арал теңізін сақтау және су ресурстарын тиімді басқару мәселесін жедел шешу қажеттігін көтерді. Депутат бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының тұрақты назарында екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Шахмат • 13 Мамыр, 2026
Астанада KazChess Awards 2026 ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Бұл тек жылдың үздіктерін марапаттау рәсімі ғана емес, жұмыстың нәтижесі сараланатын шара. Шахматшыларымыз 2023 жылы халықаралық жарыстарда 126 медаль, 2024 жылы – 160, ал 2025 жылы 162 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Инфляция • 13 Мамыр, 2026
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Қазақстандағы инфляция біртіндеп жоғары баға қысымы кезеңінен шыға бастады. Жылдық көрсеткіш төмендеп келеді. Сарапшылардың пікірінше, шығындардың сақталғанына қарамастан, экономика жаңа жағдайларға бейімделудің тұрақты моделін қалыптастыра бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 13 Мамыр, 2026
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Наурыз айында нарық доллар бағамын шамамен 496 теңге деңгейінде бағаласа, мамырда бұл көрсеткіш 462-465 теңге аралығына дейін төмендеді. Валюта нарығы үшін мұндай өзгеріс өте жылдам болды. Сарапшылар мұны қысқа мерзімді ауытқумен ғана түсіндіру қиын екенін айтады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 13 Мамыр, 2026
Қарағандыда 1 млн тоннаға дейін металлургиялық кокс өндіретін зауыт салынады
Үкімет Энергетика министрлігі мен «Kazakhstan Success Coking Energy» ЖШС арасындағы Қарағанды облысында металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 13 Мамыр, 2026
Қазақстанда 3 жаңа орден пайда болады
Парламент Мәжілісі Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады. Құжатқа сәйкес, елде үш жаңа орден пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Тараз қаласында 15 жастағы жасөспірім Audi көлігімен полициядан қашу барысында, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2026
Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ақан Оңғарұлы және археолог Андрей Астафьевпен бірге Түпқараған ауданындағы Қарақабақ қалашығына барды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығына жаңа бағыт енгізілмек. Енді Сыр елінде өндірістік бағытта қарасора өсіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Әлеуметтік желілерде жоғары сынып оқушысының мұғалімге қол көтерген видеосы тарады. Алматы облысының білім басқармасы бұл оқиғаның биыл қаңтар айында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2026
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қапланбек өткізу бекетінде Қазақстаннан Өзбекстанға өтетін бағытта ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2026
Президент Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Мамыр, 2026
Мәскеуде Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад басталды
Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Таразда жасөспірімдер арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласты
Таразда жоғары сынып оқушылары арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кең тарады. Оқиғаға байланысты Жамбыл облысы полиция департаменті барлық қатысушының анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 08 Мамыр, 2026
Абай облысына таратпақ болған: Семей тұрғынының гаражынан 154 келі марихуана табылды
Семейде гаражын есірткі қоймасына айналдырған азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Күрес • 06 Мамыр, 2026
Қажымұқан Мұнайтпасовтың 155 жылдығы: Алматыда халықаралық турнирге 700-ден астам балуан қатысады
8-10 мамыр аралығында Алматыда қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 155 жылдығына арналған күрестен халықаралық турнир өтеді. Оған 10 мемлекеттен келген 700-ден астам спортшы қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 06 Мамыр, 2026
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды
Бүгінде елімізде жоғары кәсіби, мобильді, заманауи қару-жарақ пен техникамен жабдықталған әскер қалыптасты. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы ретінде Конституция талаптарына сәйкес әскердің даму перспективаларын, елдің ұлттық қауіпсіздігінің жаңа тетіктерін белгіледі. Мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру және оның Қарулы Күштерін тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдап отыр.
Жемқорлық • 06 Мамыр, 2026
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросы қызметкерлерінің және Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің көмегімен пара беру дерегі бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматы елге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 06 Мамыр, 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Резонанс тудырған іс таяуда сотқа жолданады
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасын тергеу жұмысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 06 Мамыр, 2026
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Ішкі істер министрлігіне шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды екені туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2026
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы төлем берілді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 05 Мамыр, 2026
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Отан қорғаушылар күніне орай Астана қаласындағы «Tanym» көпфункционалды кешенінде «Шекарашы балақай» мульсериалының салтанатты таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Мамыр, 2026
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Әлеуметтік желіде «енді жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырудың өзіне айыппұл салынады» деген бейнеролик тарап, жүргізушілерді шатастырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Прокуратура қызметкерінің бейнесін пайдаланған дипфейк 240 мыңнан астам қаралым жинады
Бас прокуратура медиа-кеңістікте кеңінен таралып жатқан күмәнді бейнематериалдарға байланысты азаматтарды сақ болуға шақырды. Әсіресе, мемлекеттік орган атынан көмек ұсынатын жалған бейнематериалдардың көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр, деп жазады Egemen.kz.