аты-жөн
Қоғам • 18 Мамыр, 2021
Тегімізді жазуды қашан түзейміз?
Еліміздің өз тәуелсіздігінің 30 жылында қол жеткізген жетістіктері аз емес. Сонымен қатар кеңес заманында жол берілген кемшіліктің бәрін түзетіп болдық деп айтуға әлі ерте. Мәселен, ұлтымыздың ерекшелігін айқын білдіретін белгі – аты-жөнімізді жазуда бірізділік жоқ. Өкінішке қарай, «ов», «ев», «ин» деген жалғаудан әлі құтыла алмай жүрміз.
Қоғам • 14 Мамыр, 2021
Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай қазақ азаматтарының алдында тұрған негізгі мәселенің бірі – аты-жөнін біріздендіріп жазу. Маған бұл тақырыпқа пікір жазуды ұсынған – қазақ жастары. Ұсыныстары орынды деп ойлаймын. Себебі егемен елімізде аты-жөнімізге «ұлы», «қызы» деген сөздерді қосып, әртүрлі жазып келеміз. Кейбіреулер жынысын атаусыз да жазады. Әртүрлі себептермен патша заманының орыстары пайдаланған «ев», «ов» деген жалғауларды қосып та жазып жүр. Сонымен қатар Қазақстанда ресми мекемелерде қазақтардың орыстар сияқты «отчествосын» жазып және солар сияқты бірін-бірі атап жүргендер де бар.
Қоғам • 18 Ақпан, 2021
Аты-жөнімізді латын әліпбиінде жазу ережелері әзірленеді
Алдағы уақытта ел азаматтарының аты-жөндері латын әліпбиінде жазылатын болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz