ашық аспан
Қазақстан • 06 Қаңтар, 2023
«Ашық аспан» режимі тағы 5 жылға ұзартылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Ашық аспан» режимін 2027 жылдың соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Маусым, 2021
Елордада әр сенбі сайын «Ашық аспан астындағы кітапхана» өтеді
Нұр-Сұлтанда өткен аптада алғаш рет «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы бастау алған болатын. Енді бұл іс-шара әр демалыс сайын ұйымдастырылып тұратын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2020
"Ашық аспан" режімі нарықта бәсекелестік орнатуға ықпал етеді
Осыдан тура бір жыл бұрын 2 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнаған болатын. Жолдауда Қ.Тоқаев: «Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаның жоғары екені жасырын емес. Мысалы, сұранысы жоғары бағдарлар бойынша негізгі әуе тасымалдаушы белгілейтін билеттердің құны неге сонша қымбат?! Оның бағасы Еуропаға қарағанда 30 пайызға артық. Біздің әуежайда көрсетілетін қызметтер құнының салыстырмалы түрде жоғары болуын қалай түсіндіруге болады?» дей келіп, соның салдарынан Қазақстан авиациясы халықаралық бәсекеге қабілеттілігінен айрылып, транзиттік әлеуеті төмендеп кеткенін тілге тиек еткен-ді. Содан бері әуе тасымалы саласында да бірнеше өзгерістер болды.